Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТБАСЫ институты.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.24 Кб
Скачать

7. Ана мен қызы арасындағы қатынастар.

Тарих тұнған тағлым: «қазақта балаға әкеден гөрі ана көп қарайды, қыздарына үй ішіндегінің бәрін үйретеді» депті Ғұмар Қарашев. Иа, ана мен қызы егіз негіз сияқты тілсіз түсінісетін тәрбие, терең сезім екені белгілі. Анасына қарап қызын ал. Ертеңгі келін, бүгінгі ананың келбеті. Мәселе осы қыз тәрбиесін дер кезінде қолға алу болып тұр ғой. Әртеңгі ана - ана қолынан ұлттық іс-әрекеттерді, игі өнегені, қол өнер мен аспаздық шеберлікті ұғып, біліп шыққан. Қызға қырық үйден тыйым. Тыйымның бастауын, көбін осы анасынан сіңіретін қазақ қызы қазір қалай тыйылып жүр деген заңды сауал туындайды. Жауап та ойланбастай бедірейіп алыстан көрінетін болды. Қазір анадан туған қызды ғана емес, анасын қосып тәрбиелейтін күн туды басымызға. Сонда қыз қайда бармақ, біздің шырыл да осыған жол табу. Бұлай кереғар кете берсек ертеңгі күн не болмақ. Қыз баланың ана алдындағы міндеттері қандай, қандай ізгі амалдар жасау керек, оқытып, сіңірмесек кеш қаламыз. Қыз ана болуға дайын болмаса біткеніміз, құрдымға кетудің ең төте жолы осы. Ертеңгі ұрпақ, болашық солардың құрсағында жатқан жоқ па? Осы мәлеленің бәрін институт қабырғасында көтеру керек. Бұл проблеманың бәрін өткенге үңіле отырып жасау дұрыс болады.

8) Отан алдындағы, ұлты алдандағы отбасы ретіндегі асыл борышы

Бұл тақырып жоғарыдағы жеті мәселе шешілсе оңай жолын табары сөзсіз. Айналып кеп бар мәселені осы Отан, ұлт алдындағы борышқа әкеліп тіреуіміз керек. Қалай болмасын, кім болмасын Отанға, ұлтқа қызымет етуді алғы шартқа шығаруымыз міндет. Жақсы отбасы; жақсы әке болу, жақсы жар болу, білімді-білікті ұл, қылықты қыз бәрі-бәрі отанға оң жамбастан боларын алып қағидаға айналдыру керек. ОТАН – Отбасынан басталады.

  1. Қыз бала тәрбиесі

Жалпы тақырыпқа тоқталып кетсек; «ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ» біздің ұсынып отырған жоба «Отбасы институтының» басты бағыттарының бірі және бірегейі. Ертеңгі ел басшысының да, дананың да, ананың да, ғалымның да бәрінің ордасы, анасы бүгінгі қыздар. Шеше тұрып қыз сөйлеген без дегендей халық даналықтарын терін терең тәпсірлеу керек. Бүгінгі қыз – ертеңгі болашық. Ертеңгі келбетіміз. Бұған есті қыз да, білікті ұл да, ата да, ана да жұмыла атсалысуымыз керек. Қазір бізге ғылыми бір кітап жазудан гөрі бір тәрбие құралын, оқулығын құрастырып, жазып шығу тиімдірек болып тұр. Қыз өссе елдің көркі. Оған дау жоқ. Қызымыз қаптап жүр саймыз бен саламызда. Бірақ, қандай қаздар өсіріп жатырмыз, қалай тәрбиелеп жатырмыз мәселе осыда. Елдің көркі болғанды қойып жердің өрті болып бара жатқан жоқ па?! Көпке топырақ шәшудан аулақпыз, әрине. Көл алдымызда, замандас қыздарымыз жайлы қателіктері тізіп айтып шығу бізге жараспас. Тек үнсіз әрекетке кірісу керек. Болды. Осы мақсатта біз бұл тақырыбымызды бес бөлімге бөлдік.

  1. Қылықты қыз.

Қыз қылығымен деген сөз бар. Қылықтың түрі көп-ау; жақсы мен жаманы бар. Жаманынан жиреніп, жақсыдан үйреніп қылықты қыз концепсиясы пайда болғаны түсінікті. Қазақ қызын не үшін қылықты деп атаған. Ағаны көрсе именген, ініге иілген. Ата-анасының тәрбиесін алып қылығын тартып ұстаған қыздарды – қылықты қыз десе керек. Орынсыз күліп, жайпау сөйлеп, тілін безеп, ибалықты ұмытпай қырық қылығын ішіне бүгіп ұстаған қызды – қылықты қыз деген, кеше қазақ. Өткен тарих беттерінде, әдебиетіміз бен мәдениетімізде ізім жоғалып тот басып жатқан осы қылықты қыз бет бейнесін институмызда көтеріп, жас отбасын құрған ата-ана методикасына еңгізсек. Келер ұрпақ, алдағы болашақ қыз қызғалдақтарымыз қылықты болар, лайым.

  1. Киіну тәртібі.

Бұл да жоғарыдағы тақырыбымыздың заңды жалғасы спетті. Қазақ қашан да қыз бала тәрбиесімен қос оның киіміне аса көңіл бөлген. Тәлім-тәрбиенің бір бұтағы. Біз бұнымен ескіні аңсап, оюлы камзол мен ұзын бұрымды уағыздайық деп отырған жоқпыз. Бірінші етек жеңімізді жауып алсақ, бірінші белестен гөрі екінші белесті асу оңайырақ оған да болашақта келіп қалармыз деген үміт те жоқ емес. Үмітсіз шайтан. Бұл әйел тәнін жабатын киім мәселесін сонау тарих атасы Геродот «әйелдер киімімен бірге өзінің ұятына да көңіл аударады» деген екен. Межеге дәл қадалған қанжар. Адам көркі шүберек десе, ал қазақ қызының көркі ғана емес ар-ұятының да қалқаны болаған. Бұл жерде тағы да елдің үрке қарайтын дінге тірелген түсінікті айтып отыр деген аулақ болу керек. Батыстың башпайына оралған шылғау құсап құдірден әбден кетіп барамыз. Қазіргі батыс оқымыстылары бармағын шайнап отыр, дер кезінде алдын алмаған неше сиқты айтуға ауыз бармайтын әрекеттерді жасау жай болмашы тірлік болып қалған. Мәдениет шығыста қалды шығыстан үйреніңдер дейді екен. Біздің мақсат алдын алу. Қазіргі барды жоғалтпай дамыту, іс-шара қолдану. Қай қазақтың қызы кіндігін ашып, мини киімдерге әуес болыпты. Сырттан жұққан вирус та!

  1. Туған-туысқандарымен қарым-қатынасы

Қыз баланың туған туысқандармен қарым-қатынасы өте маңызды. Туғанын құдірлемеген, туғанына сыймаған қыз басқаға сыяды деу далбаса. Сондықтан жасынан қыз балаға туған-туыстың қәдір-қасиетін жете ұғындыру керек. Ол үшін әке мен шеше жауапты, әрине. Әке мен шеше бала-шағасының аға-баурымен, нағашыларымен, жеңге-жезделерімен, бөле-жиендерімен қарым-қатынасының алтын көпірі болуға міндетті. Туғанын сүйген қыз сүйікті жар, ардақты ана болуға дайын қыз деп ауыз толтырып айтуға болады. Қыз баланың әр туыстың алдындағы ерекше қатынастары болаған, соның бәрін жинақтап иниститут қабырғасында оқулықтар дайындап, дүрлі дәрістер, треннигтер дайындау керек.