
- •Отбасы институты
- •Отбасындағы басты құндылықтар.
- •4. Әке мен ұлы арасындағы қатынастар
- •5. Әке мен қызы арасындағы қатынастар.
- •6. Ана мен ұлы арасындағы қатынастар
- •7. Ана мен қызы арасындағы қатынастар.
- •8) Отан алдындағы, ұлты алдандағы отбасы ретіндегі асыл борышы
- •Қыз бала тәрбиесі
- •Отбасындағы рөлі
- •Отан алдындағы әйел заты, перзенті ретіндегі борышы
- •Ұл бала тәрбиесі
- •Сегіз қырлы, бір сырлы бітім
- •4) Ұл баланың Отбасындағы, әулетіндегі рөлі
- •5) Отан алдындағы ер азаматтық борыш
- •4. Отбасындағы балалар қарым-қатынасы
- •Аға мен Қарындас арасындағы
- •Аға мен әпке арасындағы
- •Аға мен Іні арасындағы
- •5. Отбасында болатын келеңсіздіктер
- •Отағасының ішкілікке салынуы
- •4) Әйелдің ішкілікке салынуы
- •5) Материялдық қиындықтар
- •Жалқаулықпен күрес
ҰСЫНЫЛАТЫН ЖОБАНЫҢ АТЫ: ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ
Жоспар
Жобаның мақсаты
Институт оқытушылар құрамы
Университет аясында өткізілетін дәрістер мен түрлі лекция, треннигтердің бағыты, жалпы Институт блоктары
Негізгі бөлім (азаматтық ой толғау)
Тірек сөздер
Нәтижесі
Қорытынды
Жобаның мақсаты: Аталған жобамыздың мақсаты, арманы алып. Тамшыдан тау десе, біздікі алғашқы тамшы. Тамшыны тасқынға айналдыру ниетіміз бар. Жобамыз қолдау тапса сан-салалы сағасына ел тұрақтаған алып өзенге айналары сөзсіз. Өзеннің жағасынан қанша тіршілік дамып, қаталап, қаңсыған шөлдерін қандырмақ. Сол өзеннің арнасын қазу сіз бен біздің қолымызда. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ қазар күрегіміз де ұшты болмақ. Сан жыл сансырап сағымға айналайын деп тұрған ұлттық болмысымыз; сол болмыс құзымет ететін отбасы, қылықты қызымыз бен қасиетті жігіттеріміздің алыстап бара жатқан ауылын қайта қондыру. Адамзаттың қазіргі жалпылама түсінігіне айналған болмыс емес, қазақтың Отағасы, Отанасы, қызы, ұлы қандай келбетте болу керек. Осыны алға тарта отырып, өткен тарихымызғадағы құндылықтарымыз бен бүгінгі күннің арасына алтын көпір жасап, сол арқылы келешекке кемел ұрпақ жеткізу. Сырттан кіріп жатқан сайқал тәліммің алдын алып, өз методикамызды қалыптастыру. Жаңа отбасын құрған жас семиялардың алдағы тыныс-тіршілігіне бей жай қарамау. Иниститутты құру арқылы әр отбасын, семиядағы әр тұлғаны қадағалап отыруға болады. Отбасын өз тарапымыздан рухани қамқорлыққа алсақ күллі ел көз алдымызда тұрары сөзсіз. Ертеңге сеніммен қадамымызды анық, нық басар едік. Қазақ несімен қазақ? Осы қазақ деген сөздің атын ғана емес, затын да тұрақты етіп, әйгілеу мақсатында өз жабамызды ұсынып отырмыз.
Институт оқытушылар құрамы: филология, педагогика, психология, медицина ғылымдарының үздік мамандары, ел мақтаныштары профессорлар мен ғылым докторлары.
Институт аясында өткізілетін дәрістер мен түрлі лекция, треннигтердің бағыты, жалпы блоктары:
1. Отбасындағы басты құндылықтар.
1) Отанасына деген құрмет, қатынас
2) Отағасына деген құрмет, қатынас
3) Бір-бірінің ата-енесімен ара қатынасы
4) Әке мен ұлы арасындағы қатынастар
5) Әке мен қызы арасындағы қатынастар
6) Ана мен ұлы арасындағы қатынастар
7) Ана мен қызы арасындағы қатынастар
8) Отан алдындағы, ұлты алдандағы отбасы ретіндегі асыл борышы
2. Қыз бала тәрбиесі
1) Қылықты қыз
2) Киіну тәртібі
3) Туған-туысқандарымен ара қатынас
4) Отбасындағы рөлі
5) Отан алдындағы әйел заты, перзенті ретіндегі борышы
3. Ұл бала тәрбиесі
1) Сегіз қырлы, бір сырлы бітім
2) Киіну тәртібі
3) Туған-туықандармен ара қатынас
4) Ұл баланың Отбасындағы, әулетіндегі рөлі
5) Отан алдындағы ер азаматтық борыш
4. Отбасындағы балалар қарым-қатынасы
1) Аға мен Қарындас арасындағы
2) Аға мен Әпке арасындағы
3) Аға мен Іні арасындағы
4) Әпке-Сіңілі арасындағы
5. Отбасында болатын келеңсіздіктер
1) Отағасының ішкілікке салынуы
2) Әйелін ұру
3) Әйелі күйеуін балағаттау
4) Әйелдің ішкілікке салынуы
5) Материялдық қиындықтар
6. Жалқаулықпен күрес
Отбасы институты
Бала тәрбиесіне әке мен шешенің мүмкіндігінше бірей араасуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою керек. /П. Ф. Каптерев/
Иниституттың оқытушы алқасы ең маңызды мәселе болмақ. Филология ғылымының ең құзырындағы профессор, ғылым докторларын жұмылдыра отырып «әдебиет – ардың ісі» демекші салт-дәстүрімізге бай фольклорымызды, әдет-ғұрпымызды заман икеміне қарай психологтарымыз бен жалпы білгір педагогтардың, медицина марғасқаларының басын қосып, саралап арнайы оқулықтар дайындап, жоғарыда көрсетілген тақырыптарға арнайы лексиялар, треннигтер ұйымдастырылу керек. Мақсатымыз ескіні аңсау деген сынның талқысына түсіп тас талқаны шығуы да мүмкін деп сескену жоқ. Өткеніңе тас атсаң болашақ саған топырақ шашады демекші өткен баба дәстүрін, өмір, өнегесін басты негізге алуымыз керек. Өткенсіз болашақ жоқ! Қашанда артың жарық артың қараңғы! Заманға икемдеп жаңаша техника мен ғылымға салып жаңғыртуымыз міндет болады. Мысалы, бала бәрбиесіне байланысты......Әр қаны қазақ өз жазылмаған дала заңын қашанда қастерлеп, қабылдайтынына толық сенуге болады.
Отбасындағы басты құндылықтар.
/жақсы жігіт ел жұртының қаласындай, жақсы әйел әмме жұрттың анасындай/
Институт блоктарының бірінші тақырыбы. Сегіз бөлімге бөлдік. Жалпы обьективті тақырыпқа тоқтала кетсек: әр отбасы – жеке бір мемлекет. Ұядан не көрсең ұшқанда соны ілесің дегендей атам қазақтан сөз қалған ба? Қызың да ұлың да сол отбасының балапаны, сол әулеттің ғана емес, ел болашағы солар. Қазақ несімен қазақ, несімен шекарасы жеке ел? Әрине ұлттық болмысымен, өзіндік тәлім-тәрбиесімен, рухани мәдениетімен, ана тілімен, ерекше характерімен, дара металитетімен қазақ. Отбасындағы тыныс-тіршілік осы мәселенің алтын астауы, болмыс туып қалыптасатын мемлекеттің жатыры. Осы Отбасындағы әр тұлғаны тұғырлы ету үшін; ұлыңды ұлғатты, қызыңды қылықты ету үшін төмендегідей топтадық:
Отанасына деген құрмет.
Отана. Әйел заты – асыл ана, ардақты жар. Отана деп обьективті алдық. Келін болып табалдырық аттаған әр қазақ қызы ертен осы ОТАНА дәрежесіне көтерілетіндей бағыт пен бағдарды біз болып, мемлекет болып ұсынуымыз керек. Бұл құрметке бірінші Отағасының құрметі, соған орай ұлының, қызының құрметін жинақтап отырмыз. Әйел затын ана атандырған әр адамзат отбасының тірегі – өз жан жарын жіте сыйлау, ұрпағы – ұл мен қызына ең басты тәрбие дер едік. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Әкесінің анасын сыйлап, қастерлегенін көрген ұл мен қыз ертең өздері жұптарын сыйлауды қанға сіңген қасиетіне айналдырмас па еді? Қыз баласының ер азаматты бағалау, ер азаматқа деген биік түсінігі өз әкесінен дарыса керек. Ертең өзге азаматтарды сыйлап, ер атаулыдан именіп, қазақ қызына тән қылық көрсетсе өнегесі болар. Әкесі анасын жерте таптап, әйелдік қаситін түсіріп, ұрып-соқса қандай өнеге болмақ? Ұрып соққанда тек ішіп келіп ұрып соғады деген түсінік қалыптасқан. Қыз бен ұлдың мазасын алып, жарының жасын тамызып араққа салынған әкеден не үйренуге болады. Қазір ер азаматтарымыздың көпшілігі осы тұрпайы жолды серік етіп барады. Жарын сыйлап бағасына жетпеген отағасының қызы да ертең еркек атаулыға тілін безеп, әдепсіздік жасап жүрсе, кінәні кімге артасың. Әрине осыдан соң қыз баланың жалпы ер азаматтың алдында именіп, ақылын тыңдау былау тұрсын тұрпайы қылық көрсетуінің бір факторы осыдан. Ұлы да болашақ жарымды осылай ұстаймын деген арам оймен жетілсе, кім кінәлі атанбақ. Қыз десе қырғидай тиетін, терең ойлап, қыз балаға жанашырлық білдірген былай тұрсын алдап-арбап өзі құлағалы тұрған қарындас, әпкелерімізді құрдымға жығып жатқан жағдайға осы отбасындағы кикілжің үлесін қоспай жатқан жоқ! Не десек... Осы мәселені жоғарыдағы жоспар бойынша аз да болса ауыздақтауға болары анық.
Отағасына деген құрмет.
Отаға - Отбасының тірегі һәм жүрегі. Ер азамат, ардақты әке! Осы сеңгір атқа лайықты әкелер саны қаншалықты. Өсіп жатыр ма, өшіп жатыр ма? Бұны да осы институт аясында анықтай аламыз. Отағасына деген құрмет Отанаға көрсетілетін құметтен мысқал да кем болмауы керек. әйел, бала-шаға тарапынан да. Бір табан биік тұру міндет. Жаңа түскен келін өз Отбасында әкесінің, аға-інісінің батасын алып, тал бесіктен тағлымды тәрбие көрсе Отағасын (куйеуін) силауды көп дәріптеудің қажеті де болмас еді. Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңіледі демекші бәрін байып пен сабырға жеңдіріп, ерінің көңілін тауып өз басын да, куйеуінің басын да алтын ететін әйел ғой, шіркін. Бұл бір. Екінші әкеге қызы мен ұлы иіліп жастық, жайылып төсек болып әке қадірін асқақтату қағидасын да осы институт арқылы бір жүйелі етуге болады. Дана Абай айтпақшы қазір «Әкесі ұрысса балаға жарасады, баласы ұрысса әкеге жараса маның» кебін кидік. Әкенің бетінен алып, тауын шағатын ұрпақ пайда болды. Өз қолын өзі кеспес, балаң басыңа шықты. Қызың да ұлың да аспаннан түскендей томпиын жүретінді шығарды. Кінә неде, қайдан, кім ағаттық жіберді? «Қатынды бастан, баланы жастан» деген сөздің түбі қандай терең еді. Осындай тереңдікті тұтынатын заман енді туды. Міне иниституттың қырлы қызыметінің бір бұтағы – осы.
3. Бір-бірінің ата-енесімен қарым-қатынас.
Отасының тәлім тәрбиесіне, іргесінің берік болуына осы ата-енені силау, құрметтеу мәлелесінің орны орасан. Келін Отбасындағы болған айғай шуды әке-шешесіне тасып, не кеселді ата-ананың сөзін тыңдап шаңырақтың шайқалып жатуы да жоқ емес. Осы ана-ене мен келін-куйеудің арасындағы қағидаларды да осы біз ескеріп бей-жай қарамауымыз керек. Бұл да осы институт аясында том-том кітап шығарып, дәріс оқитын тақырып. «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» дегендей енелердің де өз жазылмаған заң-қағидалары, бәрбие мектебі болғаны өткен заманнан белгілі. Осы үрдісті заман икеміне орай пайдаланып, институмыздың бір кафедрасы етіп бөліп алуға да болады. Ата-ененің алдында куйеулік, келіндік парыздың да қазір ара жігі ашылған заман, осы реттілікті қайта жандандырып, ел санасына сіңіруіміз керек. Ата-ене тәрбиесін алған келіннің келбеті қашан да жарық болатынына сенуге болады.