
- •1 «Турист- Tick» туристік компаниясына жалпы сипаттама
- •Сурет- 2 «Турист- Tick» компаниясының орналасуы
- •2 «Турист- Tick» туристік компаниясының ұйымдық- басқарушылық құрылымы және көрсететін қызмет түрлері
- •Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;
- •Сурет 6 жк «Турист- Tick» туристік компаниясының турөнімінің басты элементтері
- •Кесте-1 «Турист- Tick» туристік компаниясын клиенттеріне ұсынынатын қызмет түрлері
- •Кесте-2 Компания қызметінде қолданылатын туризм түрлері мен формалары
- •3 «Турист- Tick» туристік компаниясының экономикалық жағдайы және маркетингтік қызметі
- •Сурет-8 Менеджер көмекшісі жұмысын
- •Кесте-4 Туристердің отбасылық жағдайына қарай шет елде демалуы
- •Сурет-10 «Турист- Tick» туристік компаниясы өз клиенттеріне стандартты қызмет көрсетулері
Кіріспе
Туризм – Қазақстан Республикасының дамуындағы маңызды рөл атқаратын салалардың бірі болып табылады. Туризм сферасында бүгінгі күнде көптеген жаңа бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, инфраструктураны дамытып инвестицияларды белсенді түрде тарту шаралары өткізіліп жатыр. Туризм және саяхат қонақжайлық индустрияның құрамдас бөлігі болып келеді. Сапар – туризмнің басты мәселесі. Уақыт айрмашылығы, арақашықтық, сапардың мақсаты мен ұзақтығы – бұның барлығы тек туризм ерекшелік элеменнтері. Жалпы, туризм көпмақсатты феномен ретінде саналады, яғни ол өзінде оқиға элементтерін, ұзақ сапар романтикасын, экзотикалық орындарға бару, сонымен бірге кәсіпкерлік шаруаларын, денсаулық сұрақтарын, жеке қауіпсіздік пен мүлік сақтау мәселелерін қамтиды. Туризм бүкіләлемдік экономикасында басты рөлдердің бірін атқарады, Бұл сала әлемдегі жалпы ұлттық ішкі өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз етеді. Бұл экономикалық сала қарқынды түрде дамуда және жақында экономиканың ең маңызды секторы болуы мүмкін. Жыл сайын туризм индустриясындағы инвестиция өсуі 30 %-ға ие.
Ал, Қазақстандағы туризмді алып қарайтын болсақ, өте қарапайым болып көрінеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қабылдаған «Қазақстанда туризмді дамыту» туралы бағдарламасы елімізде туризм саласын дамыту жолдарын көрсететін маңызды құжат болып табылады. Бағдарламада туризмді дамытуда туристік саланың жоғарғы тиімді, әрі бәсекеге қабілетті бағыттары атап көрсетілген. Туризмнің дамуы ол мемлекетіміздің шағын және орта бизнесті, туристік бизнесті қолға алуымен тығыз байланысты. Егер еліміздегі туристік бизнеспен айналысатын кәсіпорындар бүгінгі заман талабына сай қызмет атқара алса, неге дамытпасқа. Алайда туристік бизнес көп пайда әкелмейді. Біріншіден бұл қызмет түрі маусымдық сипатқа ие. Екіншіден, туристік жорықтар- ол бірінші қажетсіну емес және ол халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты.
Әрбір туристік фирма неге қол жеткізгісі келеді? Фирма үшін бірден бір негізгі мақсат пайданы көбейту. Пайда табу мен оны көбейту туристік өнімді тұрақты тұтынушылар санының көбеюі мен олардың болуымен жобаланады. Алайда клиенттер сол фирманың қызмет көрсетуіне қызығушылық танытқан жағдайда, оларды тұрақты түрде ұстап тұруға болады.
Туристік бизнесті қарқынды түрде жүргізу үшін тек сапалы қызметтер көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кімге ненің керек екенін және қандай мақсатпен қажетсінетінін білу қажет. Туристік бизнеспен айналысу оңай шаруа емес.
Біздің өндірістік практикамыздың басты мақсаты – еліміздегі туристік кәсіпорындары мен қонақ үй шаруалығының рөлі, олардың ел экономикасының дамуындағы маңызын білу, сонымен қатар, туристік кәсіпорын менеджерлеріне қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыру, кең таралған іскерлік процестермен танысу және оларды жетік меңгеру. Бұл өндірістік практикадан өткенім туралы есеп беру жұмысым 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Негізгі бөлімде ЖК «Турист- Tick» туристік компаниясына, оның басқарушылық құрылымына, экономикалық жағдайына сипаттама берілген. Жұмысымның мақсаты практикадан өту барысында жинақтаған тәжірибемді көрсету, компанияның экономикалық жағдайына талдау жасап көрсету.
.
1 «Турист- Tick» туристік компаниясына жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымында бекіткен «Туристік қызметті дамыту туралы» заңында туристік қызметке - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі деген анықтама берілген. Ол қызмет көрсетулер, яғни туристің саяхаты кезінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер). Міне, осындай қызмет түрлерімен танысу, білу және мол тәжірибе жинақтау мақсатында университетіміздің туризм кафедрасы 2011-2012 оқу жылында бітіруші туризм мамандығы 2 курс студенттерін өндірістік практикаға жіберуді жоспарлаған болатын. Бұл жоспар бойынша бізге төменде көрсетілген еліміздің көрікті жерлеріне бару мен өндіріс, қызмет көрсету орындары ұсынылды. Олар:
Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігі /Астана қаласы/;
Астана қаласында орналасқан президенттік «Rixos» қонақ үйі;
Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан «Атамекен» мемориалды кешені;
«Нұртау» туристік ойын-сауық орталығы /Көкшетау қаласы/
Еліміздің кез келген қаласындағы өндіріс, қызмет көрсету орындары;
Жоғарыда аталған ұсыныстардың ішінен біреуін ғана таңдау маған қиынға түсті. Ойлана келе мен еліміздің кез келген қаласындағы туризм саласымен байланысы бар қызмет көрсету орындарынан өтуге шешім қабылдадым. Сөйтіп мен өзімнің туып өскен жерім Атырау қаласына жол тарттым.
Бұл практикамыздың мерзімі 1 айды қамтыды. Маусым айының 11-н бастап менің өндірістік практикам басталды. Алдын ала келісілген келісімшарт негізінде практикамды Атырау қаласындағы ЖК «Турист- Tick» туристік компаниясынан өттім./сурет1/
Сурет-1 «Турист- Tick» туристік агенттігі
Ең алғашқы күні мен турагентстваға қонырау шалып олардан баруға рұхсат сұрадым,олар келуге болатынын айтқаннан соң , компанияға бардым оны табу қиындыққа түспеді. «Турист- Tick» туристік компаниясы «Насиха» сауда орталығына қарама қарсы «Ажар»сауда орталығының жанында орналасқан. /сурет2/
Мені компанияның топ менеджері Амир Қанатов қарсы алды. Мені өзінің көмекшісі, яғни «Менеджердің көмекшісі» ретінде тағайындады. Бірінші күні жұмыс тәртібімен таныстым. Жұмыс тәртібі бойынша жұмыстан кешікпеу керек, таңғы 10:00- 19:00 жұмыс уақыты, 13:00-14:00 аралығы үзіліс, түскі ас.
Менің міндетім жұмысқа дәл уақытында келіп, телефондарға жауап беру, келген туристерге демалуға лайықты жерлермен ақпараттандыру, берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындау, басқа туристік компаниялармен хабарласып, оларға қажетті құжаттарды жіберіп отыру болды.
Сурет- 2 «Турист- Tick» компаниясының орналасуы
Практикамның әрбір күні жаңа бір жаңалыққа толы болды. Себебі бұрын тек қағаз жүзінде оқығанымды, жинаған білімдерімді практикада сынап көруіме мүмкіндік туды. Осындағы ең басты менің міндетім жұмыс уақытында, телефондарға жауап беру, келген туристерге демалуға лайықты жерлермен ақпараттандыру, берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындау, басқа туристік компаниялармен хабарласып, оларға қажетті құжаттарды жіберіп отыру және де адамдармен тіл табыса білуім керек болды./сурет3/ Менеджер көмекшісі ретінде жұмыс істегенде виза жасау,брондау бойынша жұмыстар атқардым. Қазақстанда орналасқан санаторийлердің сипаттамасын және прейскуранттарын қарастырдым және әртүрлі дәрежелі қонақ үйлерге орындарды брондап үйрендім.Халықаралық туризм бойынша Түркияға чартерлік рейстермен, отельдерінің баға прейскуранттарымен таныс болдым. Сонымен қатар, сақтандыру полисі мен туристік жолдаманы толтыруды үйрендім. Қосымша қызметтер бойынша, лагерьлер, базалар бойынша ай сайын жүргізілетін қаржылық көрсеткіштер есебін жасауда көмек көрсеттім. Консулдық қызметтер бойынша құжаттамаларды толтыруда көмек бердім. Курьерлік жұмыспен, факс жіберумен айналыстым.
Сурет- 3 Қонақтарды қарсы алу басты міндетім болды
Қазіргі толық пошталық мекен жайы Атырау қаласы қызметті дамыту жөнінде мемлекеттік Габдуллин көшесі 18.
Компанияның ішінде бүкіл дүние жүзілік карта, әр елден әкелінген кәдесыйлар, құжаттар орналасқан. Бірінші күні-ақ мен менеджерге тән өзіңді қалай ұстау керек, қоңырауларға нақты жауап беру, клиентті өзіңе тарта білу, оның ойын оқи білу, сияқты қасиеттерді көрсетуге тырыстым. /сурет4/
Сурет-4 «Турист- Tick» офисында
Компания клиенттеріне барынша жоғары дәрежеде саяхатты ұйымдастырып және оларға саяхаттың адам денсаулығы үшін зор екендігін, сапалы қызмет түрлерін ұсына алатындығын зор сеніммен айта айтады. Құрылғанына небәрі 4 жыл болса да компанияның көрсеткіші жаман емес. Бұл туристік компанияның стратегиялық мақсаты ішкі және сыртқы туризмді дамыту, халықаралық байланыста жоғары деңгейден көріну. Сондай-ақ маркетинг стратегиясын таңдау бірнеше факторлар санымен анықталады. Ол факторлар: техникалық, ұйымдық, экономикалық, сонымен қатар тарихи, мәдени және тағы басқа аспектілер болып табылады.