
- •Психология – педагогика факультеті Психология кафедрасы
- •« Психология және адам дамуы» пәнінің тақырыптық жоспары
- •Календарлық-тақырыптық жоспар (Дәрістік сабақтар)
- •Календарлық-тақырыптық жоспар (Семинарлық сабақтар)
- •Студенттердің өзіндік жұмысы сөж және ожсөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Баяндама тақырыптары
- •Әдебиет:
+Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Психология – педагогика факультеті Психология кафедрасы
«Бекітілді»
Кеңес төрағасы .
Факультет кеңесінің
« 15 » маусым 2012 жыл № 10 хаттамасы
Силлабус
Психология және адамның дамуы пәні
Мамандығы____Білім __________
Оқу түрі__________күндізгі___________________________
Кредит саны_____3__________________________________
|
Оқу түрі |
||||
|
күндізгі |
Күндізгі қысқартылған |
сырттай |
Сырттай қысқартылған |
жеделдетілген |
ОПЖБ бойынша барлық сағат Соның ішінде |
135 |
|
|
|
|
Дәріс |
30 |
|
|
|
|
Практикалық (семинар) |
15 |
|
|
|
|
Зертханалық |
- |
|
|
|
|
СОӨЖ |
45 |
|
|
|
|
СӨЖ |
45 |
|
|
|
|
Емтихан (семестр) |
1, 3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
негізінде құрылған
_________Тойымбетова Динара Серикбаевна, аға оқытушы ______________
(Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Психология және адамның дамуы _______ пәннің бағдарламасын құрастырды
Кафедра отырысында қаралды және ұсынылды
« 14 » маусым 2012 жыл № 10 хаттама
Кафедра меңгерушісі______________ ______________________________________
(Қолы) (Т. А. Ә.)
Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданды
« 14 » маусым 2012 жыл № 10 хаттама
Төраға ____________ ______________________________________
(Қолы) (Т. А. Ә.)
Қайта бекітілгені туралы мәлімет
№ |
Оқу жылы |
Силлабустағы өзгерістер туралы мәлімет |
Қайта бекітілгені туралы күні № кафедра хаттамасы |
Кафедра меңгерушісінің қолы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Психология және адамның дамуы» курсы студенттерді психологиялық ғылым теориясы мен практикасы туралы білімдермен қамтамасыз етіп, кәсіби бағдарланған психологиялық білімдер мен ептіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Курс мақсаты болашақ мамандарды психологиялық даярлауға мүмкіндік жасайтын жалпы психология және даму психологиясының әрбір бөлімдері бойынша кәсіби қажетті теоретикалық және қолданбалы материалдармен негізгі ғылыми ұғымдар, психологиялық заңдылықтар туралы теоретикалық білімдер мен эмпирикалық түсініктерді қалыптастыру. Жалпы психологиялық ой-өрісті кеңейту және психология бөлімдері бойынша білімдерді тереңдету: даму психологиясының құрылымы және әдістемелік негіздері, онтогенездегі адамның жеке басының дамуының психологиялық заңдылықтары мен қалыптасу ерекшеліктері.
Курс міндеттері:
Студенттерді психиканың даму заңдылықтары, тұлғаның қалыптасуы, іс-әрекет және қарым-қатынас сипаты, даму психологиясының пәні және міндеттері; аталмыш пәннің кеңестік және шетелдік психологияда даму тарихы; даму психологиясында, ақпараттық деректерді жинау және талдауда, эксперименталды зерттеулерде, қалыптастырушы және түзетуші ықпал етуде қолданылатын әдістер; «Адамның даму психологиясының» өзекті және перспективті мәселелері туралы білімдермен қаруландыру;
Психикалық құбылыстарды талдау тәжірибесін және психологиялық ғылым құндылықтарын меңгерту;
Психология маңыздылығын анықтау;
Студенттерді курстың негізгі бөлімдері бойынша психологиялық әдебиеттерді оқып-зерттеуге және реферат дайындауға бағдарлау;
Жеке тұлғалық жағынан өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін жалпы психологиялық мәдениетті арттыру;
Практикалық міндеттер:
адамның психикалық даму мазмұны мен жағдайларын бақылау үшін әдістемелік база құру;
балалар іс-әрекеті мен қарым-қатынас түрлерін ұтымды ұйымдастыру ептіліктерін қалыптастыру;
дағдарыстық кезеңдерде, кемелденген жаста және кәрілік жаста психологиялық көмек көрсету ептіліктерін қалыптастыру.
Студенттерде курсты оқу нәтижесінде мынадай түсініктер қалыптасуы қажет: фундаменталды психологиялық идеялар, негізгі ұғымдар мен категориялар, психикалық құбылыстардың механизмдері мен табиғаты туралы; жалпы психология және даму психологиясы категориялары мен ұғымдарын талдау білу қажет; онтогенез және филогенездегі тұлғаның психологиялық ерекшеліктері түсініктері болуы керек; кеңестік және шетелдік психологияда психология пәнінің даму тарихын, адамның дамуын; даму динамикасы мен тұлға құрылымын, адам іс-әрекетін білуі тиіс.
Сонымен қатар, олар психиканың пайда болу, қалыптасу, даму заңдылықтарын білуі қажет. Жоғарыда аталғандармен қатар, аталмыш курсты оқу процесінде студенттер келесі іскерліктерді игеруі қажет: психологиялық құбылыстар мен фактілерді салыстыру, талдау, психология бойынша алынған ббілімдерді практикада қолдану.
«Психология және адам дамуы» курсы өту алдында студенттер «Педагогикалық және психологиялық мамандыққа кіріспе» курсымен танысуы керек. «Психология және адам дамуы» курсы философия, жас психологиясы, физиология және педагогикамен тығыз байланысты.
«Психология және адам дамуы» курсын меңгеру «Педагогика», «Тәрбиелік жұмыстар теориясы мен әдістемесі», «Педагогика және психологияны оқыту әдістемесі», «Өзін-өзі тану» пәндерін табысты меңгеруге мүмкіндік береді.
«Психология және адам дамуы» курсымен бірге «Экология және тұрақты даму», «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәндері оқытылады.