
- •3. Діни дүниетанымдық форма
- •4. Н.Гартман бойынша философиялық дүниетаным
- •5. Дүниеге ғылыми тұрғыдан көзқарас.
- •6. Адам мен әлем арасындағы қатынас.
- •7. Қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы діни құндылықтар.
- •8. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы өмірдің мәні.
- •9. Иудаизм және Христиан дініндегі әлем туралы түсінік
- •10. Әлемді ғылыми тұрғыдан түсіну
- •11. Ежелгі елдердегі ғылым мен діннің арақатынасы
- •12. Орта ғасырдағы діннің қоғамдағы орны
- •13. Дін мен ғылымның ерекшеліктері
- •14. Ғылымның дүниетанымдық маңызы
- •15. Қайта өрлеу заманындағы ғылымның қоғамдағы орны
- •16. Мораль мен діннің арақатынасы
- •17. Құқық пен мораль арасындағы айырмашылық
- •18. Мораль: функциясы мен категориясы
- •19. Антикалық мәдениеттің ерекшелігі
- •20 Ғылым мен дін философиясы
- •22. Ғылым философиясы мен методологиясы
- •23. Мәдениет және культ түсініктерінің арақатынасы.
- •24. Сакрализация және секуляризация.
- •25. Скептицизм, деизм, пантеизм, атеизм ұғымының мәнін ашу.
- •26. Қоғам ұғымы, пайда болуы, дамуы.
- •27. Қазіргі кездегі ғылыми материалистік көзқарас: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
- •28. Дін және эстетика.
- •29. Қазақ дүниетанымының ерекшелігі.
- •31.Христиандықтағы адам мәселесі.
- •36. Манихейлік діннің негізгі қағидалары
- •38Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер.
- •50 Рухани құндылықтарға талдау жасаңыз
- •51Діни құндылытардың мәнін ашыңыз
17. Құқық пен мораль арасындағы айырмашылық
Мораль мен құқықтың айырмашылықтары:
1) мораль нормалары жазбаша емес түрде болады, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде рәсімделеді, ал құқық формальды анықталған және ресми құжаттарда бекітіледі;
2) Мораль нормалары халықтармен бекітіліп отырды, ал құқық нормалары мемлекетпен бекітіледі.
3) Мораль қоғамдық көзқарастарды қамтамасыз ету тетігі, ал құқық мемлекеттің биліктік санкциясын қамтамасыз ету тетігі;
4) Мораль ерікті таңдаудың кең ауқымдылығын қамтиды, ал құқық та нормативтік құжаттармен ерікті таңдау қатаң шектелген.
18. Мораль: функциясы мен категориясы
Мораль факторлары – нақты-тарихи мазмұнға ие, шарттандырылған өндіріс тәсіліне, қоғамның рухани және материалдық мәдениетіне, кластардың қатынастарына, саяси режимге, басымды идеологияларға басымдық білдіретін оның обьективтік негізін құрайтын күрделі және динамикалық әлеуметтік құбылыс.Моральдық фактордың анализінің шығатын базалық категориясы болып «адами фактор» түсінігі табылады. Адами фактор көпсалалы әлеуметтік білім ретінде өзіне көптеген «срездерді» қамтиды.
Біріншіден, бұл биологиялық, физиологиялық срез, халықтың денсаулық жағдайын, өлу және туу көрсеткішін, өмір сүру деңгейін және азаматтардың жұмыс қабілеттілік белсенділігін, кейбір ұлттық, тұрғындардың антропологиялық ерекшеліктерін, жыныстық-жастық құрамы және т.б. сипаттайды.
Екіншіден, бұл әлеуметтік срез, қоғамның әлеуметтік-топтық құрылымын, ұлттық құрамын, кәсіби және аумақтық әлеуметтік топтар және т.б. сипаттайды.
Үшіншіден, бұл интеллектуалды-кәсіби срез, халықтың білім және мәдениет деңгейін, оның кәсіби дайындығын, мамандығын ауыстыруға белсенділігін, өзін-өзі оқытуды, кәсіби деңгейінің жоғарылығын және т.б. көрсетеді.
Төртіншіден, шартты түрде аксиологиялық срез деп атауға болады. Ол адамдардың құндылық бейімділігін, олардың қоғамдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, оларды қанағаттандыру дәрежесін, көпшіліктегі азаматтардың өмір сүру басымдылығын мінездейді.
Бесіншіден, жандүниелік-ізгілік срезі, қоғамның жандүниесін, азаматтарының моральдық қасиеттерін, моральды-саяси климат, адамдардың тәрбиелілігін, қызметтерін және әрекеттерін реттеуде басымдық көрсететін нормалар мен қағидалар , тұрғындардың әдет-ғұрпы мен дәстүрлері.
19. Антикалық мәдениеттің ерекшелігі
Антика мәдениеті Антикалық мәдениет (латынша «антигус» - көне, ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет, архаикалық Грекиядан бастау алады. Архаикалық мәдениет ежелгі грек мәдениетінің б.з.д. 7-6 ғғ. Қамтитын кезеңін бейнелеуге қатысты қолданылады. Оның әлеуметтік негізіне полистердің пайда болуы, антикалық құл иеленушіліктің қалыптасуы, жалпы гректік сауда орталықтарының өркендеуі, алфавиттік грек жазуының жазылуы жатады. Антикалық мәдениет 4 кезеңге бөлінеді. Әр кезеңінің өзіндік ерекшеліктері бар: 1. Крит-Миной мәдениеті; 2. Ежелгі Эллада мәдениеті; 3. Классикалық грек мәдениеті; 4. Эллинистік мәдениеті. 1.2 Ежелгі грек мәдениетінің ерекшеліктері Архаикалық грек мәдениеті, ең алдымен мифологиялық сипатта болды және Гомер есімімен байланысты. Атақты грек мифтері осы кезде қалыптасты. Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік). Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен орта бөлінбеген, олардың арасында үйлесімдік бар. Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатумен байланысты болды. Мысалы, Гей – жер, Уран – аспан, Прометей – адамға от сыйлаған, Афины – ақылдылықтың кепілі. Ежелгі гректердің рухани мәдениетінің бүкіл адамзат өркениетінде өшпес із қалдырған түрі кемеліне жеткен антикалық өнер. Ең алдымен ұлы грек трагиктері Эсхил, Евридип, Софоклдың, комедиограф Аристофан т.б. есімдерін атап кеткен жөн. Гомердің «Иллиада» және «Одиссея» поэмаларында классикалық мифологияның өзі де құдайлар мен батырлар туралы жырлардан, аңыздардан тұратыны атап көрсетілген. Сөйтіп, батырлар мен адамдардың өмірі өте жақын, ұқсас, түбінде бір болып шығады. Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ. Ежелгі мәдениеттің алғашқы түр-тұрпатының қоғамдық бастауы мен негізі, біртұтас қалпы дербес мемлекет төңірегінде қалыптасқан. Осы тұңғыш формасы грек тілінде – «полис», латынша – «циветас» сөздерімен аталған. Полис – кейбір территорияда салынған үйлері, саны нақтылы тұрғандар, әкімшілік құрылымы мен өндіріс күштері бар қала.