Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dialog_baza.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94 Кб
Скачать
☆

6. Адам мен әлем арасындағы қатынас.

Адам туралы теориялық және эмпирикалық білімнің сөзсіз өсуі адам туралы ғылыми түсініктің қалыптасуына ортақ концепцияның болмауына және ғылыми материалдардың жүйеленбеуіне алып келді. ХХ және ХХІ ғасырларда мәдени тарихының мәселесі ретінде адамның ғылыми тану мәселесі алға шықпақ. Адамды тану мәселесінде Пифагор шығармашылығында анық көрінді. Ол: «Адам дүниедегі барлық зат, болмыс өлшемі» деген ой қалдырған. Барлық антика философиясының өкілдеріне тән Пифагор да – адамды космостың бір бөлігі, болмыстың уақыттан тыс біртұтас жүйесі деп түсінеді. «Кіші әлем» яғни микрокосмос – әлем дүниесінің макрокосмосының рәміздік белгісі деп біледі. Осы жерде Пифагор ойындағы әлем ұғымын зерделейтін болсақ, әлем – біртұтас әлем дүниесі, универсум, сөзсіз тұтастық, келісім, бірлік. Осы кең мәтінде адам әлемде ғана болмыс субъектісіне айналады. Грек философиялық ойының тағы бір мәселесі әлем дүниесі яғни әлем кеңістігі – заттар әлемінің тұйық кеңістігі, оның орталығында адам тұрады, ол зат арасындағы заттар шоғырын білдіріп қана қоймай, кез-келген дүниенің өлшемі ретінде көрініс табады. Сократтың бұл турасында ойы өзгеше. Себебі, оның тезисі «Өзіңді өзің таны» деп аталды. Көптеген антикалық философтар адамды ғарыштың жалпы бейнесіндегі адамды суреттеумен айналысса, Сократ адам, оның жаны, санасы, өмірлік жолын зерттеумен айналысқан.Л. Фейрбах «Адамның жануарлардан ең елеулі айырмашылығы…» атты шығармасында: «… адамның ойлайтын, түсіне алатын тектік мәні, табиғаты неде? Адамдығы нағыз адамдықтың белгілері қандай? Зерде, ырық, жүрек. Жетілген адамда ойдың күші, ырықтың күші, сезімнің күші бар. Ойлаудың күші – танымның нұры, ырықтың күші – мінездің қуаты, сезімнің қуаты – сүйіспеншілік. Зерде, сүйіспеншілік және ырықтың күші – ол жетілгендік. Ырықта, ойлауда және сезімде адамның ең биік мәні және өмірінің мақсаты берілген. Адам тану, сүю және тілеу үшін өмір сүреді. Нағыз адам ол – ойлаушы, сүюші адам», – деген болатын. Ал, М.Бахтиннің: «Адам ойлауының дүние және адам туралы қайырымды, қабылдаушы және байытушы оптимистік категориялардың бәрі дерлік эстетикалық сипатта болады», – деген ойы ерекше. М.Шелер өзінің «Адам және тарих» атты шығармасында: «Адам мәселесін ұзақ жылдар бойы негізді тану біздің ғасыр алуан түрлілікпен ерекшеленді. Себебі бұл кезеңде басқа ешбір кезеңдерге тән емес көмескілік және белгісіздік жайттары орын алды. Мыңжылдық тарих ұзақтығында біздің кезең ең алғаш рет адамды «мәселеге» айналдырып, оның мәнін іздеді, сөйте тұра осы кезеңде адам өзінің орнын білуге тырысып, біле алмау жағдайына тап болды», – деуі арқылы адам мәселесінің мәдени антропологиялық мазмұнын көрсетті.

7. Қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы діни құндылықтар.

Қазақ ойшылдарының дүниетанымының даму ерекшеліктеріне тоқталған кезде,біз бағзы дәуірлерде өмір кешкен ғұламалардың еңбектеріне тоқталмай кете алмаймыз. Шын мәнінде тарихты тұлғалар жасайды деген нақыл желісінде ел-жұрттың даму өркендеу мұраттарына жетуінде данышпандар әсер еткен. Қазақ мәдеиеті туралы түркілер өркениеті мен араб мұсылман өркениетінің тоғысуында дүниеге келгендіктен осы екі мәдени аймақтың ықпалын өз бойында ала жүрген қазіргі исі түркілерлердің бабасы болып саналатын Әл-Фарабиден қазақ халқының адамгершілік,кісілік ой-толғаныстары бастау алғаны белгілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]