Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dialog_baza.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
30.01.2020
Размер:
94.2 Кб
Скачать

15. Қайта өрлеу заманындағы ғылымның қоғамдағы орны

Қайта өрлеу дәуірі - гуманизм кезеңі болып табылады. Бұл кезде, сондай-ақ табиғатты зерттеуге зейін қойды. Капитализмнің алғашқы белгілері көрініс бере бастаған бұл кезеңде табиғатты зерттеу қажеттілігі туды. Қайта өрлеу дәуірінің дамуына қалалар мәдениетінің әсері болды. Гуманистер антика мұраларын қайта қалпына келтіруде және таратуда көп еңбектер жасады. Гуманизмнің көш бастаушысы Данте Алигьери болды. Ол өзінің “Құдіретті комедия” атты шығармасында адамның бақытын жоғары қойды. Гуманизм адамды ең басты құндылық деп санайтын көзқарас. Гуманизм адам сүйгіштік принциптерге негізделген. Гуманизм адамның құқығы мен бостандығын қадір тұтатын көзқарас. Италия гуманисті Пико делла Мирандола өзінің “Адам қадірі жайында сөз” деген еңбегінде адам өз тағдырын өзі жасайтынын, өз табиғатын шексіз дамыта алатынын айтады. Қайта өрлеу дәуіріндегі ойшылдар діннің кедергісін батыл сынады, бірақ дінді толық жоюға ұмтылмады, бұл шіркеуге қарсы сипатта болды.

16 ғасырда Италияда, Германияда табиғат философиясы дамыды. Қайта өрлеу дәуірі натурфилософиясын дамытқандар: Дж. Бруно, Телезио, Т.Кампанелла, Н.Кузанский сынды ойшылдар болды. Олардың пікірінше, әлемді басқаратын заңдар табиғаттың ішкі заңдары болып табылады. Құдіретті күштер табиғатқа жайылып кеткен (пантеизм).

Дж. Бруноның философиясындағы негізгі идеялар мыналар: 1)қарама-қарсылықтар сәйкес келеді; 2)Ғалам, дүние шексіз. 3)Материя өзіндік қозғалыста (самодвижение); 4)таным да шексіз. Танымның екі түрі бар: сезімдік және ақыл арқылы. 5)антропоцентризм.

Қайта өрлеу дәуірінде қоғамдық утопиялық ілімдер дамыды. Бұл ілімдер Т.Мор, Т.Кампанелла шығармаларында көрініс тапты.

16. Мораль мен діннің арақатынасы

МОРАЛЬ (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады; Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады; Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады; Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты. Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.

ДІН – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]