
- •3. Діни дүниетанымдық форма
- •4. Н.Гартман бойынша философиялық дүниетаным
- •5. Дүниеге ғылыми тұрғыдан көзқарас.
- •6. Адам мен әлем арасындағы қатынас.
- •7. Қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы діни құндылықтар.
- •8. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы өмірдің мәні.
- •9. Иудаизм және Христиан дініндегі әлем туралы түсінік
- •10. Әлемді ғылыми тұрғыдан түсіну
- •11. Ежелгі елдердегі ғылым мен діннің арақатынасы
- •12. Орта ғасырдағы діннің қоғамдағы орны
- •13. Дін мен ғылымның ерекшеліктері
- •14. Ғылымның дүниетанымдық маңызы
- •15. Қайта өрлеу заманындағы ғылымның қоғамдағы орны
- •16. Мораль мен діннің арақатынасы
- •17. Құқық пен мораль арасындағы айырмашылық
- •18. Мораль: функциясы мен категориясы
- •19. Антикалық мәдениеттің ерекшелігі
- •20 Ғылым мен дін философиясы
- •22. Ғылым философиясы мен методологиясы
- •23. Мәдениет және культ түсініктерінің арақатынасы.
- •24. Сакрализация және секуляризация.
- •25. Скептицизм, деизм, пантеизм, атеизм ұғымының мәнін ашу.
- •26. Қоғам ұғымы, пайда болуы, дамуы.
- •27. Қазіргі кездегі ғылыми материалистік көзқарас: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
- •28. Дін және эстетика.
- •29. Қазақ дүниетанымының ерекшелігі.
- •31.Христиандықтағы адам мәселесі.
- •36. Манихейлік діннің негізгі қағидалары
- •38Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер.
- •50 Рухани құндылықтарға талдау жасаңыз
- •51Діни құндылытардың мәнін ашыңыз
13. Дін мен ғылымның ерекшеліктері
«Дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т.б.
Дін бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Дін адамға Аллаһ Тағаланың таңғажайып даналыққа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат-міндеттерін айқындап береді. Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүтін іс әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиге ғана сүйенеді.
Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. Дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке сенуге жетелейді.
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
14. Ғылымның дүниетанымдық маңызы
Ғылым (араб.: علم (ілім)— білім, тану; лат. scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелікбілім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы. Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:
Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары және
Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.
Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген.
Кейде фундаменталды ғылым деп аталып үшінші санатқа жатқызылатын математикағылымының жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдармен ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы — объективті, ұқыпты және жүйелі әлдебір білімді зерттегенінде болса, айырмашылығы білімді тексеру тәсілінде: ол эипирикалық емес, көбіншеаприори тәсілдеріне жол береді. Статистика мен логистика ғылымдары жататын фундаменталды ғылымдар эмпирикалық ғылымдар үшін өте маңызды. Фундаменталды ғылымдарының ірі жетістіктері физика және биология ғылымдарына да жиі ірі жетістіктер әкеледі. Фундаменталды ғылымдар нәрселердің қалай жұмыс істейтінін (жаратылыстану ғылымдары) ашу мен сипаттауда, сонымен қатар адамдар қалай ойлап, қалай әрекет ететінін (гуманитарлық ғылымдар) сипаттауға маңызды гипотезалар, теориялар және заңдылықтар құруда үлкен рөль атқарады.Осы мақалада айтылғандай, ғылым, өзара тығыз байланыста болатын, ғылыми зерттеулер нәтижелерін адамзат мұқтаждығына пайдалану болып табылатын қолданбалы ғылымнанажырату үшін кейде тәжірибелік ғылым болып аталады.Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.