Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dialog_baza.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94.2 Кб
Скачать

8. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы өмірдің мәні.

Асанқайғының философиялық дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді. 1) Этикалық дүниетаным ұлы жыраудың философиялық ойларының өзегін құрайды. Адам,адамшылдықтың басты қасиеттері олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар,түсініктер,қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктерімен сабақтастық тауып,адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.2) Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы арқылы толық дәлелдеп берді.3) Асанқайғы гуманизмі адамға деген сүйіспеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай,өзбек,түрікмен,қырғыз,қалпақ халықтары арасында Асанқайғы есімі ілтипатпен аталып,құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді.Қазақ халқы Асанқайғы есімін үстемдікке,озбырлыққа,әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды.

9. Иудаизм және Христиан дініндегі әлем туралы түсінік

Әр дін әлемге деген қарым-қатынастың бір типін береді. Әрқайсысында көптеген адамдар бұқарасының өмір үлгісі, стилі, олардың ээпосы негізделген. өйткені әлемдік діндер бұл этикалық діндер, құтқарушы діндер, мейрімге қызмететіп, қатыгездікті жоққа шығаруға қызмет ету. Әлемге қатысты осы типтедің әрқайсысында әр дінде өздерінің рационалдық типі тән. Олар көзқарастар жүйесіне, мәдени құндылықтарға, әлеуметтік іс-әрекеттерге ары қарай рационалдануға жалпы бағыт береді. Мәселен әлемді қабылдамаудың бір ғана иудохристиандық дәстүрінде оны, теріске шығарудың әртүрлі тәсілдері қалыптасады: католиктіктер батыс қоғамына тән рационалдылық типі бойынша сіңірсе, протестанттық дәстүр қазіргі әлемге рационалдық формасын жөн көреді. Және протестанттық шеңберінде де өзара ерекшеленетін нұсқалар көрініс табады. Лютеранттық, кальвинистік. Католицизм – лютеранттық – кальвенизм адамның әлеуметтік іс-әрекетінің рационал даму процесімен дамуымен тереңдеу сатысын білдіреді. Және бұл процесс «әлнмді сиқырлауды» білдіреді, діншілдіктің иудеохристиандық типін теріске шығару және әлемнің діни бейнесінің діниемеске айналуы.Иудеохристиандық дәстүрде құдай – бұл әрекет етуші құдай, жаратушы құдай. Осыған сәйкес адам құдай іс-әрекетінің қаруы ретінде қарастырылады. Осы жерден белсенді әрекетке бой түзеу, этикалық орнау, әлемнен безіну емес, әлемге әрекет етуге қызығу.Алайда бұл дәстүр, діннің бұл типі барлық дін емес. Бұл типтен шығыстық діндер айтарлықтай ерекшеленеді. Онда құдайлық әлемммен бірге қарастырылып, адам құрал реетінде емес, құдайлық бастаудың орны, тамыры ретінде қарастырылады.

10. Әлемді ғылыми тұрғыдан түсіну

Бүкіл әлем туралы, оның қайдан, қалайша пайда болғандығы туралы мәселелер ежелден бері адамзатты толғандырып келе жатқан мәселелер болып табылады. Діни көзқарастық ағымдар бул мәселерді әр алуан мағынада түсіндірді. Ғылым пайда болғаннан кейін Әлем туралы мифтік және діни көзқарастар біртіндеп өзгере бастады. Бул арада әлем туралы анықтаманы бере кеткен жөн. Әлем дегеніміз - адамзат эмпирикалық бақылау жасай алатын, адамзат мекендеген кеңістік. Әлемді космология ғылымы зерттейді. Космология ғылымның қорытындылары әлемнің жаратылысы мен дамуының жобалары деп аталады. Ал, космос деп Жер атмосферасынан тыс орналасқан кеңістікті атайды. Ежелгі Грецияда бул термин «тәртіп», «гармония» деген мағынада қолданылды. Сонымен космология әлемнің реттілік жүйесін, оның өмір сүру заңдылықтарын қарастырады. Космологиялық зерттеулер бірнеше алғышарттарға негізделеді. Біріншіден, дүниенің физика ғылымы қалыптастырған әмбебап заңдары барлық Әлем үшін негізгі заңдар болып табылады. Екіншіден, астрономдар жүргізген барлық бақылаулардың бүкіл Әлемге қатысы бар. Үшіншіден, нақты ақиқат ретінде бақылау жүргізуші адамзаттың өмір сүру мүмкіндігіне шек келтірмейтін қорытындылар саналады. Космологияның жасаған қорытындылары сонымен әлем дамуы-ның және пайда болуының жобалары болып саналады. Барлық заңдар мен ғылыми теориялар жобалар болып саналады, өйткені ғылымның даму процесінде олар басқа концепциялармен ауыстырылуы мүмкін. Космологияда біртекті изотропты күйдегі кеңейе беретін Әлемнің жобасы қабылданған, ол 1916 жылы Альберт Эйнштейн жасаған салыстырмалылық теориясы мен тартылыстың релятивистік теориясына негізделеді. Бул жобаның негізіне екі болжамды жатқызады: 1) Әлемнің касиеттері оның барлық нүктелерінде (біртектілік), барлық бағыттары бойынша (изотроптылық) бірдей; 2) гравитациялық өрістің ең негізгі сипаттамасын Эйнштейннің теңдеулері береді. Бүл жобаның маңызды бір бөлігі - оның стационарлық еместігі. Бул салыстырмалылық теориясының екі постулатымен анықталады: 1) салыстырмалық принципі - яғни барлық инерциялық жүйелерде олардың бір-біріне қатысты алғанда қандай жылдамдықпен қозғалғанына қарамастан барлық заңдар сақталады; 2) жарық жылдамдығының тұрақтылығының тәжірибе жүзінде анықталуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]