
- •3. Діни дүниетанымдық форма
- •4. Н.Гартман бойынша философиялық дүниетаным
- •5. Дүниеге ғылыми тұрғыдан көзқарас.
- •6. Адам мен әлем арасындағы қатынас.
- •7. Қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы діни құндылықтар.
- •8. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы өмірдің мәні.
- •9. Иудаизм және Христиан дініндегі әлем туралы түсінік
- •10. Әлемді ғылыми тұрғыдан түсіну
- •11. Ежелгі елдердегі ғылым мен діннің арақатынасы
- •12. Орта ғасырдағы діннің қоғамдағы орны
- •13. Дін мен ғылымның ерекшеліктері
- •14. Ғылымның дүниетанымдық маңызы
- •15. Қайта өрлеу заманындағы ғылымның қоғамдағы орны
- •16. Мораль мен діннің арақатынасы
- •17. Құқық пен мораль арасындағы айырмашылық
- •18. Мораль: функциясы мен категориясы
- •19. Антикалық мәдениеттің ерекшелігі
- •20 Ғылым мен дін философиясы
- •22. Ғылым философиясы мен методологиясы
- •23. Мәдениет және культ түсініктерінің арақатынасы.
- •24. Сакрализация және секуляризация.
- •25. Скептицизм, деизм, пантеизм, атеизм ұғымының мәнін ашу.
- •26. Қоғам ұғымы, пайда болуы, дамуы.
- •27. Қазіргі кездегі ғылыми материалистік көзқарас: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
- •28. Дін және эстетика.
- •29. Қазақ дүниетанымының ерекшелігі.
- •31.Христиандықтағы адам мәселесі.
- •36. Манихейлік діннің негізгі қағидалары
- •38Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер.
- •50 Рухани құндылықтарға талдау жасаңыз
- •51Діни құндылытардың мәнін ашыңыз
36. Манихейлік діннің негізгі қағидалары
Манихейлік (Manichaeism), Манидің 3 ғасырда Парсы елінде негізін қалаған дуалистік діні. Маниге періштелер келгеннен кейін, ол АДАМ, БУДДА, ЗОРОАСТР және ИИСУС сияқты пайғамбарлардың ішінде өзін соңғымын деп санайды. Манихейлер үшін әлем – бұл мейірім мен зұлымдықтың бастапқы негіздері рух пен материяның тұтасуы, тура жолдан тайған адамның жаны материя әлеміндегі қақпанға түседі, ал трансцендентті әлемге рухани жол арқылы ғана қол жеткізуге болады. Манихейлік бүкіл Рим империясына және Шығысқа таралған. Христиандықтардың да, мемлекеттің де тарапынан қыспаққа алынған бұл дін 5 ғасырдың соңында еуропа континентінен толық жойылады, бірақ Азияда 14 ғасырға дейін тіршілік етті. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды. Манихейліктің негізгі қағидасы — дуализм, ол бойынша дүниеде екі түрлі күш бар, оның бірі — адалдық күші де, екіншісі — арамдық (жауыздық) күші. Өмір осы екі қарама-қарсы күштердің күресінен тұрады. Манихей діні жаман пиғылды күштерді құртуға бағытталған. Манихейлік дін адамды аскетизмге тәрбиелеп, бұл дүниедегі қызықтардың бәрінен бас тартуға шақырды. Олардың ілімі бойынша, үйленуге, бала сүюге, ыстық қанды хайуанаттардың етін жеуге болмайды. Тек суық қанды жәндіктер — бақа мен жыланның етін жеуге болады, негізінен, шөп тағамдарын ғана жеуге шақырды. Дегенмен де манихейлік дін біздің жерімізде кең тамыр жая алған жоқ.
38Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер.
Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды. Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді.
39 Көне Қытай мәдениеті. Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірілік көңіл күйді қытайлықтар былайша білдіреді: «Мен сөйлеп түрған жоқпын, мен баяндап тұрмын». Ұлы уағызгерКонфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын береді, ал дарындылық — табиғаттағы шығармашылық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізінде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла қарастырылатын әлеуметтік-этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны Қытай мәдениетінің рухани өзегіне айналған будда діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның нәтижесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық-діни үштікті (Сань цзяо) құрады.
41 Таным құрылымы, деңгейлері мен әдістері. Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесі: түйсіктері, ақыл-ойы, ырқы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) – бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Дегенмен де танымды жете түсіну үшін біз теориялық деңгейде оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде, біз сезімдік танымнан бастауымыз қажет сияқты.
Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау және елестету болып табылады. Айнала қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты.
44 Діни құндылықтардың мәні.Дін қаншалықты күрделі құбылыс болмасын ол өмірдегі қорқыныш,үрей сезімдерімен сүйіспеншілік,ата-бабаларды қадірлеу сияқты рухани құндылықтардан оқшау емес.Сол себептен дін рухани мәдениеттің ең елеулі бөлігі болғандықтан мәдениетпен біте қайнасып келе жатқан әлеуметтік құбылыс болып табылады.Мәдениет лат өндіру,өсіру сөзінен шыққан.Дін мен мәдениеттің сабақтастығы жөнінде айтқанда мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәд-тің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
45 Ислам және христиан дініндегі ерекшеліктер.Ислам сөзі арабша бейбітшілік,бағыну,мойынсыну деген мағыналарды білдіреді.Жаратушыны жалғыз,дара деп қабылдауымен Ислам монотеистік дін болып табылады.Ислам біздің заманымыздың 609-632 аралығында шығыс пен батыс мәдениеті тоғысқан Араб түбегінде қалыптасқан әлемдік діндердің ең жасы.Деректер бойынша Мұхаммед пайғамбарға пайғамбарлық ақыл ойы кемелденген 40 жасында қонған.Ислам дінінің бес парызына 1.Куәлік сөзін айту 2.Намаз оқу 3.Ораза ұстау 4.Зекет беру 5.Қажыға бару.Ислам дінінде бес парыздан бөлек иманның алты шарты да белгіленген.Әр мұсылман осыларға тұтас сену талап етіледі.Олар
1.Алла тағалаға сену
2.Періштелерге сену
3.Кітаптарға сену
4.Пайғамбарларға сену
5.Ахирет күніне сену
Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады
46 әл- Фараби дүниетанымындағы адам мәселесі.Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950) әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик,астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады
47.Ш.Уәлихановтың ағартушылық ойлары.Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,ағартушы.
48 Түркілік дүниетанымдағы тәңірлік сенімнің мәні.Көнедегі түркілердің дүниетанымының түп негізі Тәңір ұғымы болған.Тәңір дініне сай ғұрыптар болған.Бірақ,түркілер Тәңірге арнап ғибадатханалар салмаған.Олар үшін тәңір бәр жерде.Оны көруге,танып білуге,сипаттауға болмайды.Тәңір діни сенім деп қарастырсақ ол монотеистік дін.
Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер "Бір Тәңірі" деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін.
Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек. Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары Күнге, Айға да табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.
49. Синтоизм дінінің өзіне тән ерекшелігіСинтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Дзиммутэнно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған.Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.