
- •3. Діни дүниетанымдық форма
- •4. Н.Гартман бойынша философиялық дүниетаным
- •5. Дүниеге ғылыми тұрғыдан көзқарас.
- •6. Адам мен әлем арасындағы қатынас.
- •7. Қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы діни құндылықтар.
- •8. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы өмірдің мәні.
- •9. Иудаизм және Христиан дініндегі әлем туралы түсінік
- •10. Әлемді ғылыми тұрғыдан түсіну
- •11. Ежелгі елдердегі ғылым мен діннің арақатынасы
- •12. Орта ғасырдағы діннің қоғамдағы орны
- •13. Дін мен ғылымның ерекшеліктері
- •14. Ғылымның дүниетанымдық маңызы
- •15. Қайта өрлеу заманындағы ғылымның қоғамдағы орны
- •16. Мораль мен діннің арақатынасы
- •17. Құқық пен мораль арасындағы айырмашылық
- •18. Мораль: функциясы мен категориясы
- •19. Антикалық мәдениеттің ерекшелігі
- •20 Ғылым мен дін философиясы
- •22. Ғылым философиясы мен методологиясы
- •23. Мәдениет және культ түсініктерінің арақатынасы.
- •24. Сакрализация және секуляризация.
- •25. Скептицизм, деизм, пантеизм, атеизм ұғымының мәнін ашу.
- •26. Қоғам ұғымы, пайда болуы, дамуы.
- •27. Қазіргі кездегі ғылыми материалистік көзқарас: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
- •28. Дін және эстетика.
- •29. Қазақ дүниетанымының ерекшелігі.
- •31.Христиандықтағы адам мәселесі.
- •36. Манихейлік діннің негізгі қағидалары
- •38Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер.
- •50 Рухани құндылықтарға талдау жасаңыз
- •51Діни құндылытардың мәнін ашыңыз
31.Христиандықтағы адам мәселесі.
Христиандықта теоцентризм мен антропоцентризм байланыс байқалады. Адам әлемдік жаратылыстың орталығы және биік мақсаты болып табылады. Әлемдік жаратылыстың барлығы адам құндылықтары көзқарастарынан қабылданады.Тек христиандықта адам киелі және абсолют болып қарастырылады. Және құдайлық бастам да болып келеді. Христиандықта алғаш адам денесінің дискредитациясы болған. Христиандықта адам тәнінің «күнәхарлығы» деген ұғымды қалыптастырды.Яғни тәндік күнә жаратылысы десе де,адам Құдай болмысы түрінде жаралған дейді.
32. Қ.Иасауидің діни-этикалық көзқарасы. Ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Ия, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Йассауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Йассауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Йассауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Йассауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Йассауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды.
33. Қазақ мифологиясының ерекшелігі. Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздарған бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар, өйткені өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды - ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние, негізінен, жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылықка толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір, Жаратқан әлеміне жатқызған. Адамдар мен басқа тіршілік өмір сүріп жатқан дүние - ол Жер мен Су әлемі, ал өлгендердің паналайтын орны - ол Жерасты әлемі. Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне тасқа ойылып жазылған ескерткіште Дүние былайша суреттеледі: «Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасынан адам баласы жаратылған...»Тәңірге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан айнала қоршаған ортаға деген, бір жағынан, тәуелділік, табиғаттың стихиялық күштерінен үрейлену, екінші жағынан, ризашылық сезімдермен байланысты болса керек, өйткені олардың түсінігінше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пеп жануарларды, жабайы өсімдіктердің жемістерін сыйлаған. Сонымен қатар көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған Әйел Құдай - Ұмай болды. Ол үйдің, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, содан кейін өнердің қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келеді. Кейбір ғалымдар Ұмайды ежелгі Үнді кұдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты міндеттерді атқарған. Ұмай деген сөздің өзі «бала орны», «ана құрсағы» сияқты ұғымдарға сай келеді. Тұқым тарату Құдайы болып табылатын Ұмай балалардың тууында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түрік ескерткішінде былай деп жазылған: «20 жасымда мен еліммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлік даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менің сүрген өмірім!
34. Н.Коперниктің ғылымға енгізген жаңалығы. Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес,Жерді айнала қозғалады деді.Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды. Коперник Полыпа мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицина бойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыс тары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды. Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыс тарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос- Күн) деп аталды.Коперник жасаған жүйе әлі де болса мүлтіксіз емес еді, ол қазіргі кездегі қабылданған Күн жүйесі құрылысының сызбасынан өзгешелеу болды. Өйткені планеталар Күнді Коперник айтқандай дөңгелек орбита бойымен емес, эллипстік орбиталар бойымен айнала қозғалады. Коперник сол кездегі белгілі аспан құбылыстарын және планеталардың тұзақ тәрізді болып көрінетін қозғалыстарын Жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп өз болжамының дұрыстығын батыл дәлелдеді. Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак Ньютон қолдап, одан әрі дамытты.Н. Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылыгы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.
35. Протестанттық этика және оның маңызы. Протестанттық этика құндылықтар мен нормалар системасы. Протестанттық эволюцияда мынадай таптар бар. 1) Ертепротестанттық этика-ол ортодоксалды теологиямен сәйкес келеді.( 16 ғ. Лютер Кальвин) 2) Неопротестанттық этика,ол либералды теологиямен сәйкес келеді.(18-19 ғ) 3) Сұхбаттық ригоризм этикасы-ол диалектикалық теологиямен байланысты(20ғ) 4) « Ортақ өмір» этикасы радикалды теологиямен сәйкестендіріледі (20ғ 2жартысы). 5) Заманауи этика «дінсіз христиандық» (Құтылу этикасы). Протестантизмде өзіндік максималды танытудың шыңына жеткенде теизм адам мен құдай арасындағы қйымдастырылған-институционалды, формальды-ритуалдықтан босатады.