
- •3. Діни дүниетанымдық форма
- •4. Н.Гартман бойынша философиялық дүниетаным
- •5. Дүниеге ғылыми тұрғыдан көзқарас.
- •6. Адам мен әлем арасындағы қатынас.
- •7. Қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы діни құндылықтар.
- •8. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы өмірдің мәні.
- •9. Иудаизм және Христиан дініндегі әлем туралы түсінік
- •10. Әлемді ғылыми тұрғыдан түсіну
- •11. Ежелгі елдердегі ғылым мен діннің арақатынасы
- •12. Орта ғасырдағы діннің қоғамдағы орны
- •13. Дін мен ғылымның ерекшеліктері
- •14. Ғылымның дүниетанымдық маңызы
- •15. Қайта өрлеу заманындағы ғылымның қоғамдағы орны
- •16. Мораль мен діннің арақатынасы
- •17. Құқық пен мораль арасындағы айырмашылық
- •18. Мораль: функциясы мен категориясы
- •19. Антикалық мәдениеттің ерекшелігі
- •20 Ғылым мен дін философиясы
- •22. Ғылым философиясы мен методологиясы
- •23. Мәдениет және культ түсініктерінің арақатынасы.
- •24. Сакрализация және секуляризация.
- •25. Скептицизм, деизм, пантеизм, атеизм ұғымының мәнін ашу.
- •26. Қоғам ұғымы, пайда болуы, дамуы.
- •27. Қазіргі кездегі ғылыми материалистік көзқарас: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
- •28. Дін және эстетика.
- •29. Қазақ дүниетанымының ерекшелігі.
- •31.Христиандықтағы адам мәселесі.
- •36. Манихейлік діннің негізгі қағидалары
- •38Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер.
- •50 Рухани құндылықтарға талдау жасаңыз
- •51Діни құндылытардың мәнін ашыңыз
27. Қазіргі кездегі ғылыми материалистік көзқарас: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
Ғылым жаратушының бір сипаты болғандықтан Алланы танымайынша адамның мәні мен мазмұны ашылмайды. Олай болса ғалым жалған болса, ғылым да міндетті түрде жалған болады. Бүгінгі таңда ғылымды қатаң сынға алып жүрген жәмиғат мұның түпкі сыры ғылымда емес, ғалымда болып отырғанын еш түсінгілері келмейді. Біз өміріміз де бір- біріне қарама-қарсы (антоним) мәселен, ақ - қара, ұзын – аласа, шын – өтірік, жақсылық – жамандық тағы басқа да толып жатқан сөздерді жиі қолданамыз. Бұл хикметтен Ұлы Жаратушының жалғыз өзінен басқасының бәрін (тіршілік иелерін)жұп-жұбымен жаратқанын, әрі кез-кез келген ұғымның антипоты (қарсыласы) бар екендігін анық көреміз. Сонымен қатар Ч.Дарвиннің адам жаратылысы туралы көзқарасы т.б
28. Дін және эстетика.
Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстарын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді "мәдениеттің айнасы" деп анықтауға негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз. Өнер — мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруі барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және т.б. негізделген өнер түрлері қалыптасады. Өнер — адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісі. Өнер — адами ақикат, адамдандырылған "екінші әлем" тудыратын күш.
Сұлулық, әсемдік, әдемілік сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рақаты өзінде, еш нәрсеге тәуелсіз "мақсатсыз" мақсаткездегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды
Дін мен өнердің бір-біріне ұқсастығы олардың сезімдік-бағалық табиғатының танымдық-акпараттық табиғатынан басымдылығында. Өнер мен діннің; ұзақ тарихи дамуы мен өзара байланысы барысында, әрбір әлемдік дінде соның жүйесінде басым дамыған өнер түрлері қалыптасты. Мысалы, буддизм үшін мүсіндеу өнері мен әшекей-безендіру қолөнері, исламүшін сәулет өнері мен қолөнері, каллиграфия, христиан діні үшін бейнелеу өнері, мүсін өнері және т.б. тән.
29. Қазақ дүниетанымының ерекшелігі.
Қазақ дүниетанымында нда басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған
. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы – ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына қатысты емес, оны қайғыға салып отырған – болашақ туралы болжамдары, халық қайда бара жатыр, ертеңі қандай болады деген күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке, бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері.
30. Сопылық дүниетаным Суфизм (сопылық) — исламдағы "құпия" ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді. Тасаууф (араб. ”Ғ~U – тазалық) – исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық-этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім. Сопылықтың анықтамасын атақты суфилер Сарий ас-Сақати (ө. ж. м. 865) “Сопылық – көркем ахлақ (мораль)”; Абу Хафс ан-Найсабури (ө. ж. м. 883) “Сопылық – толығымен әдеп (этика)”; Абу әл Хусайн ан-Нури (ө. ж. м. 907) “Сопылық – нәпсінің құмарлықтары мен талаптарын тәрк ету” ретінде көрсеткен. Сопылар Сопылық философиясының негізі тікелей Құран мен Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті деп таниды. Ал кейбір батыстық зерттеушілер Сопылықтың исламға яїуди, христиан және буддизмнен, әсіресе, индуизм мен зороастризм дінінен енген деп дәлелдеуге тырысады. Сопылықтың тарих сахнасына шығуы жалпы ислам философиясындағы ең алғашқы диалектикалық пікір қозғалысының басталуымен сәйкес келеді. Бұл қозғалыстың басында Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Абу ад-Дарда, Абу зар ал-Ғифари, т.б. сахабалары болатын. Ислам философиясы тарихында Абу Зар Ғифари сияқты сахабалардан бастап, Хасан әл-Басирге (ө. ж. м. 728) дейінгі аралықты суфизмнің алғашқы зухд, тақуалар дәуірі деп атайды. Бұл дәуірде Сопылық қозғалыс философиялық, метафизиялық мәселелерді зерделеуден гөрі парасатты, көркем ахлақты адам болуды мақсат еткен практиклық мәндегі қозғалыс болатын. Сопылықтың екінші кезеңі Хасан ал-Басирден Имам Ғазалиге (м. 1055 – 1111) дейінгі аралықты қамтиды. Бұл дәуірде Сопылқ дегдарлық пен тақуалық сияқты практик. қозғалыс болумен қатар қалам, құқық және философия сияқты жалпы ислам ойлау жүйесіндегі бағыттарға параллель доктриналық деңгейге көтерілді. Хасан әл-Басридан басталған сопылық философия бірте-бірте қалыптасып, екі негізгі салаға: маламийа, исбатийа мектебі болып айрылды. Маламийа доктринасы (құрушысы Баязид Бистами (ө. ж. м. 874)) жалпы алғанда дәстүрлі түркілік дүниетанымдық негізде қалыптасып, дамыды. Адам психологиясының терең сырларын танып, меңгеруге сүйенетін сопылық дүниетанымның ұлы мұраты – парасаттылық (ах-лақ) философиясы болып табылады. Маламийада Хаққа қызмет – халыққа қызмет ету болғандықтан, оның ең негізгі принципі адамды сүюге негізделген. Маламийада сопылық психологиялық халдердің бастысы маїу – адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарын жою;
сакр – адамның ашқ (қуатты махаббат) және уирд (зікір) арқылы фана (еркіндік) мақамына жету – мағынауи елту, ләззат алу; сатр – адамның өзінің ибадаты мен амалдарын жасыруы; уажд – адамның “өзін” жоғалтып, Хақты тауып – Аллаға қауышу. Философиялық сопылық ағымының екіншісі – исбатийа, оның құрушысы Жунайд ал-Бағдади (ө. ж. м. 909) болып табылады.