Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dialog_baza.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94.2 Кб
Скачать

25. Скептицизм, деизм, пантеизм, атеизм ұғымының мәнін ашу.

Атеизм (қазіргі ғылымда–позитивизм; автор Б.Тажибаев)діни нанымдарға күдік пайда болып, құдайсыздардың көбейе түсуі, дін дүниетанымның бір нысанына айналғанда, оған қарсы дүниетаным–атеизм қалыптасты. (Ксенофон, Эпикур: «құдайға сену–қорқыныштан және адамдардың шарасыздығынан»; К.Маркс: «дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апиын»; В. Ленин осы теорияны жалғастырушы, дінмен бірге философияның идеалистік бағытына қарсы шығып, ЖОО «ғылыми атеизм» пәні оқытылып, кеңестер дүниежүзіндегі тұңғыш және соңғы атеистік мемлекетке айналды;).

Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) —

  1. объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;

  2. бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;

  3. күдікшілдік, сенбеушілік.

 Француз философы Рене Декарт(1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады

Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.

Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды.

Деизм – құдайды бейнесіз әлемнің алғы шарты ретінде мойындайтын ілім.

17-18 ғасырларда тараған құдайды дүниенің тек алғашқы бейнесіз жасаушысы ретінде қарастырады

26. Қоғам ұғымы, пайда болуы, дамуы.

Қоғам - жалпы мағынасындамәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы;тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр

Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;

2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;

3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]