Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dialog_baza.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94.2 Кб
Скачать

23. Мәдениет және культ түсініктерінің арақатынасы.

 Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

  • мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

  • мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;

  • мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);

  • агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).

Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. 

Культ (латынша cultus - құрметтеу, бас ию) — ерекше тылсым күшқе сену бағытында жасалатын қимыләдет-ғұрып, салт-жоралар жиынтығы. Культ - орталығы түрлі ғибадат етер заттары бар храм, табынатын үйлер. Көп жағдайда көркем шығармтың классик, үлгісі де культтіқ қызмет атқарады. Культтің негізгі түрлері - магия (қоршаған ортаға бір тылсым күштің әсер етуі, арбау); тілек тілеп жалбарыну, шарапат күту (қүдайға, рухқа, Аллаға, Аруаққа жалбарыну, т.б.) қасиеттілер культі, православиядағы мәдениет концепциясы діни мәдениеттің негізін құрайды. Адамзат баласына жоға-рыдан "Құдайдың бергені" рухани құндылық, сақтаушы мен жарату-шының қолында екені білінеді.

24. Сакрализация және секуляризация.

Сакрализация « қасиетті» деген мағына береді. Діннің қоғамда рөлі өте жоғары болады. Діни және мемлекеттік билік бірігеді.Дін ерекше қасиеттендіреледі. Сакрализациялы елге Ватиканды жатқызуға болады. Секуляризация «зайырлы» деген мағына береді. Дін мен мемлкеттің қатынасы зайырлы болады. Дін мемлекеттің , мемлкет діннің ісіне арласпайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]