
- •2. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент
- •Механика-матиматика факультеті
- •Физикa-техникалық факультеті
- •Биология және биотехника факультеті
- •Журналистика факультеті
- •География және табиғатты пайдалану факультеті
- •Заң факультеті
- •Химия және химиялық техналогия факультеті
- •Философия және саясаттану факультеті
- •Тарих, археология және этнология факультеті
- •Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
- •Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
- •Халықаралық қатынастар факультеті
- •Шығыстану факультеті
- •Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
- •Әскери кафедра
- •Нато ресурстық және ақпараттық орталығының жұмысына сипаттама.
Заң факультеті
Заңтану – бүгінгі таңда классикалық университеттік білім беру құрылымының ажырамас бөлігі. Заң ғылымдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қабырғаларында беделді орынға ие.
Заң факультеті республикамызда заң мамандарын дайындаудағы жетекші орталық болып табылады.
Заң факультетінің ғылыми беделі оның жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындауда қосқан айтарлықтай үлесімен айқындалады. Құқық саласындағы көптеген мамандықтар бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғауға арналған екі диссертациялық кеңес тұрақты жұмыс істейді.
Химия және химиялық техналогия факультеті
Қазақстандағы химия білімінің басталуына және химия ғылымының дамуына себепкер болған С.М. Киров атындағы ҚазМУ химия факультеті 1934 жылдың қыркүйек айында ашылған. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті Қазақстан Республикасындағы химия білімі мен ғылымының көшбасшысы болып табылады. Факультет құрамында 5 кафедра бар:
- Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы
- Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы
- Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы
- Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы
- Химиялық физика және материалтану кафедрасы
Философия және саясаттану факультеті
Қазақстан Республикасындағы философия және саясаттану факультеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің ipi білім беру орталығы болып табылады. Факультет университеттің дамуымен бірге Қазақстандық, философиялық,. әлеуметтанулық, психология-педагогикалық, саясаттанулық ғылымдарымен, мәдениет және жалпы білім беру процесстеримен катар жүрді. Факультет өзінің бар болуына барлық уақытысында қоғамдық өміріндегі әр түрлі салаларға арналған ең жоғары кәсіби деңгейдегі мамаңдарды даярлаған.
Тарих, археология және этнология факультеті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультеті – отандық және шетел тарихы, археология, этнология, музей ісі мен ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану саласында жоғары дәрежелі маман дайындау ісінде еліміздегі көнекөз, ең мықты, бәрі мойындаған орталық болып табылады. Қазақстанның көптеген ғылыми, саяси, қоғамдық және іскер элитасы тарих, археология және этнология факультетінің түлектері.
Факультетте «археология және этнология» ғылыми-зерттеу орталығы, палеолит мұражайы, ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан археологиясы мұражайы, этнография мұражайы, тас дәуірінің лабораториясы, камералдық өңдеу лабораториясы қызмет етеді.
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең ежелгі факультеттерінің бірі, 1937 жылы құрылған. Оқыту ісі көпдеңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: бакалавриат; магистратура; PhD докторантура
Бакалавриат түлегі «филология бакалавры» академиялық деңгейі берілетін оқыған мамандығы бойынша квалификацияға ие болады.
Факультетте екі бағыт бойынша магистрлер дайындалады:
1) Филология. Ғылыми маманданулары: қазақ әдебиеті, әдебиет теориясы, фольклортану, салыстырмалы әдебиеттану, қазақ тілі, орыс тілі, тіл теориясы;
2) Лингвистика. Ғылыми маманданулары: қазақ тілі, орыс тілі, тіл теориясы