Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

12.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.

Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы, рыноктық факторлар – сұраныс және ұсыныспен анықталады. 2. Жалақы жұмыс күші - тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар: сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді. Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларына негізделген. А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның айымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе «табиғи жалақы») «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті минималды құн арқылы анықталады. Еңбекке сұраныс пен ұсыныс теңескен жерде жалақының тепе теңдік деңгейі орнатылады.Еңбекке сұраныстың өсуі жалақыны көтереді. Еңбекке сұраныстың төмендеуі жалақыны төмендетеді.Еңбекке сұраныс шектік өніммен, яғни жұмыспен қамтылу бір жұмысшыға өскендегі өнімнің өсуімен анықталады: егер шектік өнім басқа өндіріс факторларын қолданғанға қарағанда еңбекті қолдануда жоғары болса,онда еңбекке сұраныс көтеріледі және керісінше. Еңбек ұсынысына әсер ететіндер:1. еңбекке қабілетті халықтың елдегі саны 2.жұмыс күнінің ұзақтығы 3.халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы. Жалақы номиналды және нақты жалақы ұғымдары болып бөлінеді.Номиналды жалақы деп жұмысшыға өзінің еңбегі үшін төленетін ақша сомасы аталады.Нақты жалақы дегеніміз алынған ақша сомасына толып жатқан өмірлік игіліктер мен қызметтерді иемдену мөлшерімен өлшенеді. Ол номиналды жалақымен тікелей байланыста және тауар мен қызметтерге баға деңгейіне кері байланысты тұр.Жалақы екі формада болады: мерзімді және кесімді.Мерзімді жалақы жұмыс ұзақтығымен анықталады. Оның өлшемі еңбекті сағатына төлем болып табылады.Кесімді төлемде жалақы өндірілген өнім көлеміне байланысты болады. Оның мөлшері бір бұйым бағасын бұйым санына көбейту арқылы анықталады.Нарық процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда- еңбек күмәніз, ал жалақы- жұмыскердің еңбегін пайдалану бағасы деп есептеледі. Еңбек пен тараптан қаралып, пайда алушының қандайы болмасын, ол соның іс-әрекеті деп түсініледі. Осы бағыттан қарағанда, елдің ұлттық табысының көлеміндегі жалақының үлесі елеулі болады. Жалақының жалпы дәрежесі іс-әрекет түрлеріне байланысты жіктеліп дараланады. Бұған жалақының кең деңгейлі әр түрлі нақты ставкалары жатады.

13.Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.

Бұл адамдардың шектеусіз қажеттілігі шектеулі ресурстарға - материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстарға итермелейді. Ресурстардың сиректігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыруға жататын қажеттіліктерді таңдауға итермелейді. Таңдау экономикалық категориясы бұл - өндіру, сату және сатып алу керек, осылар болып саналады. Бұл міндет (таңдау), оның әлеуметтік-саяси құрылысына қатыссыз түрде кез келген қоғамда шешілуі тиіс. Нені өндіру керек - бұл шектеулі ресурстардан, дәл қандай байлық, қандай сапада және қандай санда өндірілуі тиістігі туралы шешім қабылдау Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай техно¬логияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдау. Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі сирек болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы. Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері, өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс. Өндіріс ресурстары - бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы. 1.Өндіріссіз ресурстар төрт түрден тұрады: «Табиғи» - өндірісте қолдану үшін әлеуетті, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтірілетін» немесе «қалпына келтірілмейтін» болып ажыратылады.2.Материалдық» - бұл, өздері өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған иструменттер, машиналар, қайталама шикізаттар.3.«Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.4.«Қаржылық» - қоғам өндірісті ұйымдастыруға бөлу жағдайындағы ақша қаражаттары. Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторлар деген атау алған. Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде тартуды білдіретін түсінік. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты әрекет еткенде, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс - алуан түрлі фактор¬лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі. ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер¬лікті бөліп көрсетеді. Өндіріс факторларының нарығы, ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым экономика жоқ және әлемдік экономикаға кірмес бұрын, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінікке ие болу керек. Материалдық игіліктерді қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]