Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

37. Нарықтық баға және оның функциялары.

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың  өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс  бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі  бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке. Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдалынады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші эементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]