Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

46. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.

Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бірі-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды. Әр түрлі, бірі-бірінен ерекше тауарлар ұсынатын фирмалар нарықта азды-көпті билік орнатады. Сонымен қатар монополиялардың ұсынатын тауарлары қаншама ерекше болғанымен, бірін-бірі алмастыра алады. Сондықтан осы нарықта ұсынылатын тауарларға сұраныстың икемділігі жоғары болады. Жетілмеген бәсекелес нарық таза бәсекелес нарық пен моно-полиялық нарықтарға қарағанда күнделікті өмірде жиі кездеседі. Сон-дықтан жетілмеген нарықтағы монополистердің өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдерін талдау мен түсінудің маңызы зор. Жетілмеген бәсеке нарығы ұлттық экономика деңгейінде өте сирек кздеседі. Көп жағдайда жетілмеген бәсеке нарығын жергілікті нарықтардан кездестіруге болады. Жақын алмастырушысы жоқ тауарлар мен қызметтер де өте сирек кездеседі. Жетілмеген бәсеке нарығы ,таза бәсекелі нарық сияқты шекті жағдайға жатады. Нақты нарықтық құрылымдар осы екі нарықтың ортасында болады. Соған қарамастан, таза монополия моделін талдау нарықта өзінің билігін орнатқан фирмалардың қабылдайтын шешімдерін зерттеуге, оған әсер ететін факторларды анықтауға, олардың қызметтерін мемлекет тарапынан реттеудің себебі мен мақсатын түсінуге көмектеседі. Монополияның түрлері оның пайда болу себептеріне байланысты.

Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.

47. Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.

Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың кандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай керінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.

Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

- ол нақты бір заттың қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;

- онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;

- тауар өндірушінін жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке кажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардьің, қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.

Ақшаның атқаратын қызметтері:

- құн өлшемі;

- айналыс құралы;

- төлем құралы;

- қазына жинау;

- дүниежүзілік ақшалар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]