
- •1.Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3.Капитал мәні, капитал туралы әр түрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4. Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6.Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары.
- •7.Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •8.Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9.Экономикалық заңдар мен категориялар. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктері.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11.Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13.Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16.Ренталық қатынас теориясы.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19.Нарық: мәні, анықтау белгілері, негізгі қызметтері.
- •20.Ұдайы өндіріс теориясы. Ұдайы өндіріс типтері.
- •21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшел.
- •22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •23)Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері.
- •24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты. Есептелу әдістері.
- •25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.
- •26)Нарықтық инфрақұрылым: мақсаты мен негізгі түрлері.
- •27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
- •28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
- •30)Жұмыссыздық және оның түрлері
- •31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32)Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33)Ұсыныс, ұсыныс заңы,ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34)Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •36.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- •37. Нарықтық баға және оның функциялары.
- •38.Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістері
- •39. Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •40.Несиенің мәні және формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •41.Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері.
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47. Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51. Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52. Шекті пайдалылық теориясы.
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •53. Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54. Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56. Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •61.Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолдары және олардың тиімділігін арттыру (эссе).
- •62. Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері (эссе).
- •63. Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау (эссе).
- •64. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау (эссе).
- •65. Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы (эссе).
- •66. Қазақстан Республикасындағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау (эссе).
- •67. Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі (эссе).
- •68. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары (эссе).
- •69. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары (эссе).
- •70. Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі (эссе).
- •71. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары (эссе).
- •72. Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары (эссе).
- •73)Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •75. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету (эссе).
- •76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.
- •77) Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол жеткізу жолдары.
- •78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары
- •82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- •84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •86)Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі
- •87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
- •89) Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары
- •90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
Инвестиция дегеніміз не? Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықт мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды Жиынтық сұранысты ынталандырудағы инвестициялардың рөліне келетін болсақ біз инвестиция арқылы кәсіпорынға немесе басқа қызметтер мен тауарларға қаржы немесе салымдар саламыз. Ол белгілі дәрежеде жиынтық сұранысты қалыптастырады. Яғни жұмысшыларға сұраныстың пайда болуына, халықты жұмыспен қамтуға,белгілі қолайлы бағада сатып алынатын өнім көлемін арттыруға ынталандырады.
88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
Әлемдік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар мәселелерге тап болып отыр. Негiзгi мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: өндірістің бiржақты, шикiзаттық бағыты, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және аймақ аралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканың ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық деңгейге өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Осы орайда нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі үшін өндіріс тиімділігін арттыру өте маңызды. Себебі әрбір кәсіпорын өз қызметінің, еңбек өніміділігінің жоғары болғанын қалайды. Сондықтан да әрбір кәсіпорын нарықтық позицияға сай өзінің тиімділігін арттыруға тырысады. Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы – ол өндірістің тиімділігін жоғарылату. Атап өткен мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы.Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат. Бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция; - өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет.