Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау

Менің ойымша ең алдымен нарық деген ұғымнан бастаған жөн. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз деп ойлаймын. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді. «Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы». «Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді». Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.

Нарық бір ғана емес ол көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

  • экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

  • рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элеметтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады – біреулері тауарды өндіреді., екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.

Кейінгі зерттеулерд, жалпы эконом тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін классикалық тұжырымдамаларды қолдану тиімді емес, себебі мемлекеттік араласу болмаған жағдайда жиынтық сұраныстың өсуі бағаның инфляциялық өсуіне алып келеді. Біздің ойымызша, жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары деңгейіне демеу көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы ұсынылады. Бұл араласу қолда бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық сұраныс әсер етуге қолдануы керек.Неоклассиктердің пікірінше, ақша рыногында ақшаға тең баға ұсынатын тепе-теңдік пайызы орнайтын болады. Бұл жағдайда жинақталған ақша саны инвестицияланған ақша санына тең болады. Егер де жинақ қорының көлемі инвестициядан асып кететін болса, онда пайыз деңгейі төмендейді де, жаңа тепе-теңдік орнайтын болады. Жинақтаулар мен инвестициялар теңдігі неоклассиктер ақша рыног кепіл болады деп санайды. Егерде тұтынушыларға құнттылығы үшін жоғары пайыздар төленетін болса, онда олар жинақтау жүргізеді, және де пайыз ставкасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жинақ қорының көлемі де жоғары болады. Өнімге сұраныст төмендеуі жағдайында бәсекелестер оның бағасын төмендетеді, бұл жинақ қорлары жоқ тұлғаларға тауар сатып алуды ұлғайт мүмкіндік береді. Сондықтан да жинақ қоры өндіріспен және жұмыспен қамтудың қысқаруына емес, баға төмендеуіне алып келеді. Сонымен бірге тауарларға деген сұраныстың төмендеуі ресурстарға деген сұранысқа, соның ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді деп пайымдалады. Ал бұл жалақының төмендеуіне алып келетін болғандықтан, сол – төмен ставка бойынша жұмыс істеуге тілек білдіргендердің барлығы да жұмысты болады, яғни жұмыссыздық болмайды. Басқаша айтқанда, неоклассиктердің пікірі бойынша нарықтық механизм пайыздың иілімді ставкалары, баға мен жалақы икемділігі арқылы шығындар мен кірістерді сәйкестендіреді, өндірістің қажетті көлемін, толық жұмыспен қамтуды және макроэкономикадағы тепе-теңдікте.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]