Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

75. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету (эссе).

Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономикалық тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығы және өзіндік даму мен прогреске қабілеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру.

Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен приоритетті бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы ма мағынада, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз- оның тұрақты дамуын, қауіпсіздігін, қоғамдық және мемлекеттік дамуы үшін әлеуметтік – экономикалық жағдайының адекватты деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық жүйенің күйі.

Экономикалық қауіпсіздік терминдерінде жиі қауіп – қатер факторлары қолданылаы.. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік дамуының аса мүмкін қауіп қатерлеріне жататын Қазақстанның экономкикалық даму әркелкілігінің жоғарлау қауіптері. Қауіп – қатерлеріне жататын Қазақстан аймақтарының әлеуметтік – экономикалық даму әркелкілігінің жоғарлау қауіптері. Қауіп қатерлердіің маңызды факторлары:

- аймақтар дамуының әлеуметтік – экономикалық деңгейінде объективті бар айырмашылықтар, өнеркәсіп өндірісіндегі құрылымдық өзгерістер фонында экономикалық қатынастарда депрессиялық, дағдарысты, артта қалған аудандардың болуы:

- Қазақстанның жеке қалаларының кәсіпорындары арасында өндірістік- техникалық байланыстардың бұзылуы;

- ҚР жеке аймақтарының арасында жан басына шаққандағы ұлттық табысты өндіру деңгейінде алшақтықтың үлкейюі;

- Ал егер қазіргі кезде Қазақстан экономикасының өсуіне байланысты жағдай кішкене өзгерген болса, аудандар дамуындағы диспропорция сақталуда.

Аймақтардың экономикалық бірігуі Қазақстан нарығының қызмет етуінің міндетті шарты. Бірақ та жеке аудандар, әсіресе табиғи – шикізат ресурстарына бай, өз артықшылықтарын біржақты қолдануға ұмтылады.

Осыдан мемлекеттің аумақтық- сараланған саясат керектігі шығады, яғни аймақтарға бірдей нарықтық жағдай жасау үшін.

76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.

ҚР халықтың әлеуметтік осал жіктерінің құқықтарын қамтамасыз етудің сол немесе өзге аспектілерімен айналысатын мемлекеттік органдардың жүйесін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар құрайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пікірі бойынша "ҚР мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" ҚазССР Заңы нұсқамаларының жеткіліксіз дәрежеде орындалуының негізгі себебі мүгедектер құқықтарының іске асырылуы үшін жағдайлардың жасалуына бақылау жасауды жүзеге асыратын бірыңғай жауапты органның жоқтығы болып таылады.ҚР үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі қаулысымен бекітілген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеге сай министрлікке әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шаралар қабылдау, әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз ету, мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерін қолдау жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлемдерін тағайындау, медициналық-әлеуметтік комиссиялардың қызметін үйлестіру, тікелей және жергілікті атқарушы органдар арқылы медициналық-әлеуметтік сараптамаға және мүгедектерді оңалтуға әдістемелік басшылық жасау, еліміз бойынша мүгедектіктің жай-күйіне ақпараттық-статистикалық талдау жасау жүктелген.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметімен мүгедектерді медициналық қамтамасыз ету және оңалту мәселелері қамтылады. Дегенмен, денсаулық сақтау саласында барлық мүгедектер медициналық қызмет көрсетумен қамтылмаған. Ауылдық жерлердегі мүгедектер өздерінің денсаулық сақтау құқығын барлық уақытта толық іске асыра алмайды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан.Еліміздің экономикалық дамуының өте жоғары деңгейі, оған сәйкес келетін мемлекеттік-құқықтық және демократиялық қайта құрулар әлеуметтік саланы жақсартудың және қазіргі заманға сай етудің қажеттігін тудыруда.ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

Əлеуметтік қолдау мəселелерінде мына проблемаларды шешу жөніндегі жұмысты жалғастыруға тура келеді :

- тұрмысы төмен халыққа атаулы əлеуметтік көмек пен əлеуметтік қолдау көрсетудің стандарттарының жетілмегені;

- жеткіліксіз көлем жəне арнайы əлеуметтік қызмет түрлерін көрсетудің жеткіліксіз көлемі мен сапасыеның төмендігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]