Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

69. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары (эссе).

Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді.

Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне  айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен бірге шағын және орта қала­лардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.

Тәуелсіз кәсіпкерлер өздерінің санының көптігі жағынан әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік иелерінің көпқұрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер орта таптың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Әлемдік тәжірибені зерделей зерт­тегенде шағын бизнестің нарықтық экономикада жетекші сектор болып табылатындығын айқын аңғаруға болады. Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқын­дауда бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің 60-70 пайызы шағын бизнестің үлесіне тиесілі болып келеді.

Мемлекеттің шағын және орта биз­несті дамытуды ынталандыруға ден қоюы ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпін береді. Ірі өндірістерге қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін де айту керек.

Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол, қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.

Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай жа­сайды. Салалық және аумақтық моно­полизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.

70. Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі (эссе).

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салынымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалдық бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді. 

Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2006 жылы “Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты шоғырлануы – мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі” атты бірінші басым бағыттарының бірі – Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтары қорғалған және сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасуы болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін жоғары техникалық және ғылыми әлемдік өндірушілердің мақұлдауы мен қолдауына ие болуға және жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануға тиіс. Инвестиция, жалпы кез келген елдің экономикасын жақсарту мақсатында пайдаланылады. Біздің мемлекетіміз де тәуелсіздігін алғалы инвестициялық саясатты қолдануда. Курстық жұмыстың мақсаты – инвестицияның мәні мен Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты зерттеу.

Жалпы инвестицияны пайдалану объектілеріне - мемлекеттік, облыстық аймақтар; ауыл, орман, балық, аңшылық шаруашылықтары; өнеркәсіп; құрылыс;

2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда «Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]