Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

7.Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.

Экономикалық зерттеу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмашылықтары бар. Бірақ, барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсіл қолданылады. Бұл әдістің негізін Ежелгі Гректер қаласа, оны ғылыми жүйелеген неміс философы Гегель б.т. Эк процестерді танып білудің бірнеше зерттеу әдістері бар.Олар екіге бөлінеді : жалпы және жеке әдістер . Жалпы әдістерге : ғылыми абстракция, талдау және жинақтау, индукция мен дедукция. Ал,жеке әдістерге Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер жатады.Экономистердің барлығының қөзқарастарында ерте заманғы ойшылдардың қазіргі заманғы ғылымдарға дейін бір жалпы сипат байқалады: олардың көптеген мақсаттары қоғам байлығының өсуіне әкелетін тиімді шаруашылық жүргізу жолдарын зерттеу. Экономикалық процестерді танып-білу әдістеріне тоқталар болсақ, бірнеше зерттеу әдістері бар . Олар: ғылыми абстракция, талдау және синтездеу, индукция мен дедукция әдістері және объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау. Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, кездейсок, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздін түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Экономикалық құбылыстарды талдау-зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін бір тұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зертеу. Синтездеу-бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қортында жасау. Индукция - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция методологиялық әдістермен жүзеге асырылады

8.Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесініңқұрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады. Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табыладыҚаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесініңқұрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады. Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді. Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]