
- •1.Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3.Капитал мәні, капитал туралы әр түрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4. Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6.Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары.
- •7.Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •8.Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9.Экономикалық заңдар мен категориялар. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктері.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11.Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13.Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16.Ренталық қатынас теориясы.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19.Нарық: мәні, анықтау белгілері, негізгі қызметтері.
- •20.Ұдайы өндіріс теориясы. Ұдайы өндіріс типтері.
- •21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшел.
- •22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •23)Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері.
- •24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты. Есептелу әдістері.
- •25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.
- •26)Нарықтық инфрақұрылым: мақсаты мен негізгі түрлері.
- •27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
- •28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
- •30)Жұмыссыздық және оның түрлері
- •31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32)Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33)Ұсыныс, ұсыныс заңы,ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34)Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •36.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- •37. Нарықтық баға және оның функциялары.
- •38.Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістері
- •39. Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •40.Несиенің мәні және формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •41.Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері.
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47. Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51. Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52. Шекті пайдалылық теориясы.
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •53. Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54. Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56. Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •61.Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолдары және олардың тиімділігін арттыру (эссе).
- •62. Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері (эссе).
- •63. Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау (эссе).
- •64. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау (эссе).
- •65. Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы (эссе).
- •66. Қазақстан Республикасындағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау (эссе).
- •67. Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі (эссе).
- •68. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары (эссе).
- •69. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары (эссе).
- •70. Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі (эссе).
- •71. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары (эссе).
- •72. Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары (эссе).
- •73)Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •75. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету (эссе).
- •76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.
- •77) Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол жеткізу жолдары.
- •78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары
- •82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- •84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •86)Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі
- •87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
- •89) Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары
- •90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
61.Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолдары және олардың тиімділігін арттыру (эссе).
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жақтан, ол нарық субьектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет үшін елдің ішкі және сыртқы саясатының 30 аса маңызды бағытын іске асыру және Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің біртұтас тұжырымдамасын қалыптастыру қажеттілігі айқындалды. Бұл қазіргі заманның ерекшелігімен байланысты және әлемде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі деңгейінің "көрнекі бетпердесі" ретінде көрсетілетін жаңа халықаралық экономикалық нақтылықты жасаумен сипатталады. Оның үстіне елдің бәсекеге қабілеттілігі - кез келген елдің дамуы үшін қағидатты мәселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады. Осындай міндетті шешу бәсекеге қабілеттілік рейтингінде белгілі бір дәрежені қағаз жүзінде иеленумен емес, қазақстандық қоғам өмірінің кең ауқымды бағыты бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Сондықтан да Қазақстанның алдына әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену және орнығу өршіл міндеті қойылып отыр. Әлемдік тәжірибе ұлттық экономика дамуын бағалаудың көптеген әр түрлі әдістерін көрсетті және Қазақстанның өзін-өзі бағалау үшін осы әрі басқа әдістемені таңдауы нақты әдіске шоғырланбауы тиіс. Осыған байланысты Тұжырымдаманы іске асыру қолда бар әдістемелерді біріктіруді және елдің өзіндік бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін кейіннен қалыптастыруды кезең-кезеңімен қамтамасыз етуі тиіс. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекет, бизнес қоғамдастығы мен қоғамдық сектор арасында елдің нақ бәсекеге қабілеті өсімі аясындағы келісілген стратегиялық және тактикалық іс-қимылдарды ұйымдастыру, оған жәрдемдесу және оны қамтамасыз ету болып табылады.
62. Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері (эссе).
Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң 10-шы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама Қазақстанның 2015 жылға дейiнгі кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру, сөйтiп осы арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан бас тарту жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдар ұстанған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiру мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Дүниежүзiлiк экономиканың жаhандану аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегі салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы жаhандану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Проблемаларды шешу және Бағдарлама шеңберiнде алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру корпорациясы сияқты арнайы даму институттарын құру, Инновация қорын нығайту көзделiп отыр. Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-зерттеу әзiрленiмдерi мен зерттеулерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады. Бағдарлама елде ғылымды және инновациялық қызметтi көтермелеуге бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрі дамыту және фискалдық, бiлiм беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберiнде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.