Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

57. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.

Микро және макроэкономикаға талдау жасауда тепе-теңдік әдісі қолданылады. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін зерттегенде нарықтағы барлық өзара байланысты анықтайды – тауарларды, еңбек, капитал макродеңгейдегі экономиканы зерттеуде көңіл бөлетін әрбір тауардың тепе-теңдігі емес, ұлттық нарық көлемінде тауар массасының бірігуін дана, тонна, не метр емес, жиынтық бағаның құндық өлшемі ретінде көрсетеді.

Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғаш алатын тауарлары мен қызметтерінің саны.

Сонымен жиынтық сұраныстар тауар мен қызметтің жалпы көлеміне сұраныс, қалыптасқан баға бойынша есептелінетін жиынтық ұсыныс, бұл тауар мен қызметтің жалпы көлемінің мүмкіншілігіне қарай өндірілген және ұсынылған, қалыпатасқан баға деңгейімен анықталады: олар күнделікті өзгермейтін бағада кесте моделі түрінде бейнеленеді. Бағаның тұрақты өзгеруі оны зерттегенде қиындықтар жасайды. Сондықтан көлемін және динамикасын, жиынтық көлемін және динамикасын өлшегенде индексті пайдаланады.

Тауарлы нарық тұрақты тепе-теңдікте болады, тек жиынтық сұранысқа жоспарланған сұранысты төмендетеді.

Жиынтық ұсыныс – нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны (бұл жылжымайтын ұлттық өнім).

Бағалар деңгейі мен ұлттық өзгеріс көлемі арасындағы аз тәуелсіздікті көрсететін жиынтық ұсыныс моделі кескін түрінде көрсетілген.

Қысқа мерзімде (әдетте 2-3 жыл) және ұзақмерзім кезеңінде макроэкономикада болатын басты байланыс номиналдық және нақты өзгеріс тәртібімен байланыстырылады.

Қысқа мерзімде номиналдық деңгей (баға, номиналдық жалақы, пайыз мөлшері) нарық көлемінің өзгеруіне байланысты баяу өзгереді деп есептеледі. Ұзақ мерзім кезінде номиналдық деңгей қатты өзгереді, нақты деңгей өте баяу өзгереді, талдау жасау үшін тұрақты деп саналады.

Классикалық модель ұзақ мерзімдегі экономикалық тәртіпті қарастырады. Жиынтық ұсыныстан артық болуы: AD >АS. Оның келесі екі нұсқасы болуы мүмкін:

-өндірісті қысқарту;

-өндірілген өнімді өзгеріссіз қалдыру, бағаны қысқарту.

58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

  • Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

  • Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]