
- •1.Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
- •2.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
- •3.Капитал мәні, капитал туралы әр түрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4. Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
- •5.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •6.Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары.
- •7.Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
- •8.Қаржы жүйесі мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
- •9.Экономикалық заңдар мен категориялар. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктері.
- •10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы.
- •11.Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •12.Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
- •13.Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядағы ресурастардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
- •14.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
- •15.Өндіріс және оның факторлары. Ұдайы өндіріс теориялары.
- •16.Ренталық қатынас теориясы.
- •17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері.
- •19.Нарық: мәні, анықтау белгілері, негізгі қызметтері.
- •20.Ұдайы өндіріс теориясы. Ұдайы өндіріс типтері.
- •21) Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшел.
- •22)Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
- •23)Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері.
- •24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты. Есептелу әдістері.
- •25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.
- •26)Нарықтық инфрақұрылым: мақсаты мен негізгі түрлері.
- •27) Тауар және оның қасиеттері.Еңбек-құн теориясы.
- •28)Ұлттық байлық және оның құрылымы
- •29)Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның қызметтері.
- •30)Жұмыссыздық және оның түрлері
- •31)Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
- •32)Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •33)Ұсыныс, ұсыныс заңы,ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •34)Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
- •35)Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
- •36.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- •37. Нарықтық баға және оның функциялары.
- •38.Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары мен әдістері
- •39. Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •40.Несиенің мәні және формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •41.Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •42.Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері
- •43. Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері
- •44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері.
- •45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау
- •46. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның типтері.
- •47. Ақшаның функциясы, массасы және агрегаты.
- •48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
- •49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •51. Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
- •52. Шекті пайдалылық теориясы.
- •Орташа өнім (ар) – көрсеткіш жалпы өнімді (q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
- •53. Дағдарыстар: түрлері және олардың экономикалық салдары.
- •54. Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
- •55. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
- •56. Экономикалық ауытқудың негізгі себептері.
- •57. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
- •58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
- •59. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
- •61.Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жолдары және олардың тиімділігін арттыру (эссе).
- •62. Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық стратегиясын (2003-2015ж.Ж.) жүзеге асыру мәселелері (эссе).
- •63. Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу бағдарламасын талдау (эссе).
- •64. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторларына талдау жасау (эссе).
- •65. Білім беру адам капиталының факторы ретінде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы халыққа жолдауы (эссе).
- •66. Қазақстан Республикасындағы дамыған кәсіпкерлік түріне талдау жасау (эссе).
- •67. Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі (эссе).
- •68. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары (эссе).
- •69. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары (эссе).
- •70. Қазақстан Республикасында өндірістік саланың дамуына тартылатын инвестициялардың тиімділігі (эссе).
- •71. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің аймақтық және салалық даму проблемалары (эссе).
- •72. Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары (эссе).
- •73)Капитал айналымының материалдық-схемалық көрінісіне талдау жасау
- •74. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасы және оны төмендету жолдары (эссе).
- •75. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпзіздікті қамтамасыз ету (эссе).
- •76)Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау және негізгі проблемалар.
- •77) Шығындарды төмендету арқылы жоғары пайдаға қол жеткізу жолдары.
- •78) Нарық элементтерінің өзара байланысын сиппаттау
- •79) Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікті сақтаудың тиімді жолдары.
- •80)Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және оны дамыту жолдары
- •82) Қазақстан Республикасындағы өндіріс факторлары нарығының дамуы
- •83)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- •84)Жоспарлы және нарықтық экономикалық жүйелердің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама жасау
- •85)Қазақстандағы қаржы нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •86)Нарық механизмінің қызметін арттырудағы жарнаманың рөлі
- •87)Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •88)Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін арттыру
- •89) Жер бағасының анықталу ерекшеліктері және тәуелді факторлары
- •90)Еңбек нарығындағы тепе-теңдік сақтау жолдары.
5.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
К.Маркстiң экономикалық iлiмнде ашқан жаңалықтарының бiрi – ақша мен капиталдың ерекшелiктерi, ақшаның капиталға айналуы. Ол капиталды белгiлi заттар емес, тек қана ақша емес, ол адамдардың арасында болатын қоғамдық қатынас деп көрсеттi. Оның ойынша, адамзат қоғамының басты қиыншылықтары осы капиталды жеке адамдар иемденiп, өз мүдделерiне бағыштаудан болып отыр. Осыдан барып таптық күрес шығады деп көрсеттi.
Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай:
А-Т-А’;
мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі.
Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.
6.Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары.
Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді. Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз. өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді. Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі: АТС = ТС = АҒС + АVС Шығынның ашық және баламалы болып бөлінуі басты мүмкіндік болып есептеледі. Сонымен қатар шығын-ның сыныптамасының тікелей және жанама түрі бар. Тікелей шығындарға мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар. Жанама шығындар – бұл тауармен байланысты емес шығындар фирмаға толық қатынасты. Ашық шығынды және балама шығынды есептеу арқылы фирманың пайдасын толық анықтауға болады. Жиынтық табыспен және барлық шығындар арасындағы айырмашылық пен экономикалық пайданы анықтайды. Бір қалыпты. Бұл жағдайда шекті шығын әр уақытта тұрақты шама және бірлік тауардың өзгермелі шығынына тең. Б) Жеделдетілген. Бұлғшекті шығын өседі, өнімнің артуына байланысты. Бұл ахуалға байланысты азаймалы қайтарым заңымен, не болмаса материалдармен басқа фактордың қымбаттауына қарай айналым сыныптамасына жататын шығындар. Бұған дейін қарастырғандай қысқа мерзім кезеңі деп белгілі бір уақыт аралығын айтамыз. Ол уақыт ағымында өндірістің кейбір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның тұрақты (АС) және айнымалы (VC) шығындарын ажыратады, яғни: ТС = FC + VC Тұрақты шығындар (АС) деп – қысқа мерзім кезеңінде өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық өтемдер, жал төлемдері, тұрақты салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалағысы және т.б. Айналым шығындары (VC) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға : шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың еңбекақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, көлік қызметтерін төлеуге кететін шығындарды және т.б. жатқызамыз. . Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады. Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады