Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203.86 Кб
Скачать

24) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты. Есептелу әдістері.

Белгілі бір мерзім аралығында ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәт/е жалпы сипаттама беру үшін макроэк/қ көрсеткіштер қолданылады. Халық шаруашылығын сипаттайтын макроэк/қ көрсеткіштер: ұлттық байлық, ұлттық табыс, баға деңгейі, процент ставкасының орташа деңгейі, жұмыспен қамтылу деңгейі.Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды. ЖІӨ - елдің аумағында орналасқан барлық отандық ж/е шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтердің ақшалай сомасы. ЖҰӨ - тек осы мемлекеттің аумағындаорналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мем/де қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы. ЖІӨ - амортизация = Таза ұлттық өнім ТҰӨ - жанама салық= Ұлттық табыс. Жеке табыс=әлеуметтік сақтандыру жарнасы– корпорациялар табысына салық – корпорациялар пайдасын қайта бөлу – транспорт төлемдері +дивиденттер + алынған пайыздар. Қолдағы табыс=жеке табыс-жеке табыс салығы М, Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандық азамат «Қазақстан темір жолы » ұлттық компаниясының 5 пайыз акциясына иегер болып, акциясынан дивидент алып отырсын. Бұл кезде Қазақстан азаматы дивидендінің жылдық сомасы ҚР-ның ЖҰӨ-н, ал Ресейдің ЖІӨ-н құрайды. Осы көрсеткіштердің жиынтығы эк/ң жалпы дамуын көрсететін Ұлттықесеп жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындардың ж/е т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды ж/е т.б. эк/қ тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады.Макроэк/қ көрсеткіштерді өлшеу тәсілдері: 1) қосымша құн әдісі; 2) шығындар б/ша; 3) табыс б/ша. 1) Қосымша құн әдісі - өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның ж/е т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі б/ша есептеу әдісі. 2)Шығындар б/ша: Y=C+I+G+NX С –үй шар/ң тұтыну шығыстары; I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға ж/е техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары; G – мем/ң тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.3) Табыс б/ша: Y=W+P+R+I+T+A W-еңбекақа; P – пайда R – рента I – пайыз T- салықтар A – амортизациялық аударымдар

25)Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері,бір түріне талдау жасау.

Экономикалық жүйе өзара байл шаруаш қатын мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элем\ің жиынт тұрады ж/е эк ұйымдастырудың нысаны б.т. Басты міндеті – шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Эк жүйе өміршеңдігінің басты себ – ресурстарың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруаш жүргізудің әдіс-тәсіліне негізделген эк жүйе арқ өз шешімін табады. Эк жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады. Эк жүйенің мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық ж/е басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан эк-ның тиімділігін арттыру үшін эк жүйе бір тұрпаттан екінші тұрпатқа өзгереді. Эк жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы. Басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну, материалдық ж/е рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері, жинақтау мен тұтыну, т.б. Қоғамның эк дамуын тежеуші басты қайшылық – рыноктық ж/е мемлекеттік өндірістің сипаты ж/е өндіріс нәтижелерін иемдену. Эк/қ жүйе мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: 1) меншік нысаны мен эк әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне б-ты: дәстүрлі, орталықтан басқарылатын жоспарлы, рыноктық, аралас эк жүйелер. 2) өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде: дәстүрлі – қоғамдағы эк/қ қатынастар, әдет-ғұрыптарға негізделеді, либералды – қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым ж/е жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ., аралс – бірінші ж/е екінші типтердің элементтерінен құралады. 3) сыртқы эк байл\ың сипатына байл\ты: жабық, ашық эк жүйелер.Меншік қатынастарының формалары бойынша:1.Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.2.Әкімшілік - әміршілік эконом орт жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемл меншіктің үстемділігі жүргізіледі.3. Нар экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.4.Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.Әкімшілік - әміршілік экон жүйенің сипаттамасы:Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемл жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық эк ресур және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни эк монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]