Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
F_menedzh_teor (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

44

  1. Аннуитет түсінігі. Есептеулерге мысалдар келтіру.

  2. Аннуитеттің ағымдағы мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.

  3. Аннуитеттің келешектегі мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.

  4. Өмірбойлық төлем. Есептердің формулалары және мысалдары.

  5. Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Қадамдық  әдіспен есептеу.

  6. Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Блоктық әдіспен есептеу.

  7. Қаржы құралдарының ұғымы.

  8. Эмиссиялық бағалы қағаздардың барлық түрінің тәуекелділігі мен табыстылығын өсу ретімен орналастыру.

  9. Банк кредитінің тиімді және номиналды пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.

  10. Банк кредитінің тиімді және нақты пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.

  11. Инвестициялық жобаларды бағалаудың дисконтталған әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.

  12. Инвестициялық жобаларды бағалаудың тиімділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.

  13. Инвестициялық жобаларды бағалаудың тәуекелділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.

  14. Жай акция бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.

  15. Жай акция портфелі бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.

  16. Ковариация және корреляция коэффиценттерін негіздеу және салыстыру, олардың жай акция портфеліне әсері.

  17. Корпоротивтік құнды қағаз табысы мен бағасына анықтама беру және есептелуі.

  18. Мемлекеттік құнды қағаздар анықтамасы және сипаттамасы.

  19. Басым құқықты акция дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.

  20. Опцион дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.

  21. Фьючерс дегеніміз не және оның функциясы. Табыстың және бағасын есептеу мысалы.

  22. Капитал құрылымы дегеніміз не? Капиталдың орташа құнын есептеу.

  23. Ипотекалық кредиттеу дегеніміз не? Есептеу мысалын келтір.

  24. Лизинг дегеніміз не және оның функциясы. Есептеу мысалын келтір.

  25. Қор биржасы жұмысының қағидалары. Биржалық индекстердің функциясы және анықтамасы.

  26. Тауар биржасының функциясы және анықтамасы.

  27. FOREX валюталық нарығының функциясы және анықтамасы.

  28. Құнды қағаздардың тәуекеліне әртараптандырудың әсері. Есептеу мысалын келтір.

  29. Зейнетақы жүйелерінің үлгілері. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру қағидалары.

  30. Ұлттық банктің бақылаушы және реттеуші функциялары.

  1. Аннуитет түсінігі. Есептеулерге мысалдар келтіру.

Аннуитет - ренталар мен зейнет ақыларды сақтандырудың барлық түрлері үшін жалпылама түсінік. Аннуитет қаржылық математиканың маңызды бөлігі болып табылады. Ол бағалы қағаздың табыстылығы мәселелері не болмаса инвестициялық талдауда, тағы басқа жағдайларда қолданылады. Аннуитеттің кең тараған үлгілері: зейнетақы қорларына қосылатын жарналар, ұзақ мерзімді несиені өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, т.б. Аннуитеттер келесі сипаттарына байланысты өзара ажыратылады:- әрбір жеке төлемнің мөлшеріне;- тізбекті төлемдердің арасындағы уақыт интервалына (аннуитет мерзімі);

Кең мағынада, аннуитет деп- қаржылық құрал да аталуы мүмкін, сонымен қатар периодтық төлемнің соммасы да, қаржылық құралдың графигінің түрі немесе басқа өндірістік түсініктер.

Аннуитет болып:

  • Жыл сайын төленетін пайыздардың жедел мемелекеттік қарыздың бір түрі және соманың бір бөлігі жабылады.

  • Алынған несиенің, қарыздың және оның пайызына анықталған уақыт аралығында оның шотын жабатын бір-біріне тең ақшалай төлемдер.

  • Анықталған уақыттан бастап уақытылы түсіп отыратын сомаға құқығы бар физикалық тұлғаның сақтандыру компаниясымен келісімі.

  • Сақтандырудың орнатылған келісім мерзімі ішіндегі өндірілетін уақтылы төлеудің қазіргі кездегі құнының сомасы.

Аннуитет түрлері. Алғашқы аннуитеттік төлемнің уақыт бойынша төлемі төмендегідей ажыратылады:

  • постнумерандо аннуитеті – төлем алғашқы периодтың соңында жүзеге асады;

  • пренумерандо аннуитеті –төлем алғашқы периодтың басында жүзеге асады;

Мысал: Ай сайынғы төлеммен қосқанда 12 пайыздық жылдық төлеммен 10 жылға 1000000 теңге көлеміндегі ипотекалық несие. Бұл жағдайда жабылу периодының саны N = 10*12 = 120, периодқа есептегендегі пайыздық үстеме P = 0.12 / 12 = 0.01.

Аннуитет коэффиценті:

A=0.01*(1+0.01)120 /((1+0.01)120-1)=0.01*1.01120 /(1.01120-1)=0.01*3.3003867/2.3003867 = 0.0143471

Аннуитеттік төлемнің сомасы:

SА = 0.0143471 * 1 000 000 = 14347.1 теңге

Төлемнің жалпы сомасы (несиені есептеудің формуласы):

S = 120 * 14347.1 = 1 721 652 теңге

Пайыздар сомасы (қайта төлем):

SP = 1 721 652 - 1 000 000 = 721 652 теңге

  1. Аннуитеттің ағымдағы мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.

Аннуитет - ренталар  мен  зейнет ақыларды  сақтандырудың барлық түрлері үшін жалпылама түсінік. Аннуитет қаржылық математиканың маңызды бөлігі болып табылады. Ол бағалы қағаздың табыстылығы мәселелері не болмаса инвестициялық талдауда, тағы басқа жағдайларда қолданылады. Аннуитеттің кең тараған үлгілері: зейнетақы қорларына қосылатын жарналар, ұзақ мерзімді несиені өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, т.б. Аннуитеттер келесі сипаттарына байланысты өзара ажыратылады: -әрбір жеке төлемнің мөлшеріне; -тізбекті төлемдердің арасындағы уақыт интервалына (аннуитет мерзімі);

Аннуитет уақыттың тең аралығы арқылы тең мөлшерде тізбектей жүзеге асатын ақшалық ағымдардың түрлерін ұсынады. Аннуитет мысалы ретінде арендалық төлемді айтуға болады. Аннуитетті қарапайым және аванстық деп бөледі. Егер түсім немесе төлем период соңында жүзеге асса, онда біз оны қарапайым аннуитет деп есептейміз, ал егер период басында болса, онда ол аванстық аннуитет деп аталады. Қарапайым аннуитеттің ағымдағы құнын есептеу үшін төмендегі формулалар пайдаланылады:

PV – аннуитеттің ағымдағы құны; PMT nпериод ішіндегі аннуитет төлемінің сомасы; i – дисконттық үстеме; n – уақыт периодының саны.

Аванстық аннуитеттің ағымдағы құнын есептеу үшін төмендегі формулалар пайдаланылады:

Аванстық аннуитет кезінде алғашқытөлем дисконтталмайды, яғни бірден енгізіледі. Алғашқы аралықтың ақшалық бірлігінің ағымдағы құн факторын пайдалана отырып екінші төлем дисконтталады.

Мысал: пәтер арендасының келісім шарты 1 жылға құрылған. Төлемдер ай сайын 50000 теңге төлеу арқылы жүзеге асады. 12 пайыздық дисконттық үстемемен арендалық төлемнің ағымдағы құнын анықтау, егер а) төлемдер айдың соңында жүзеге асса; б) төлемдер әр айдың басында төленсе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]