Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф_менедж_теор.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Ковариация және корреляция коэффиценттерін негіздеу және салыстыру, олардың жай акция портфеліне әсері.

Бағалы қағаздар портфелін құру барысында екі бағалы қағаздар пайдаларының арақатынасын есептеу үшін ковариация және коррелияциа коэффиценттері қолданылады.

Ковариация екі кездейсоқ көлемдердің тәуелділіктерін айтады. Ол оң мәнге, теріс мәнге және нөлге тең болуы мүмкін. Егер ковариация оң болса, бір айналымның мәнінің өзгеруінде, басқа бағыт сол өзгеруге бағынатынын білдіреді. Сонымен, екі қағаздан тұратын біріншісі өсетін ковариациада екіншісі де өседі. Керісінше біреуінің бағасы түссе, екіншсінінкі де түседі.

Теріс шамалы ковариациада айнымалылар қарама-қарсы бағыттарда өзгереді. Мұндай жағдайда бірінші қағаздың бағасының өсуі екіншісініңкінің төмендеуімен байланысты болады және керісінше. Егер де ковариация нөлге тең болса, онда айнымалылар арасында ешқандай тәуелділік байқалмайды.

Ковариацианы есептеудің ортақ қағидасын көрсетейік.

Х қағазының пайдасы бес жыл ішінде сәйкесінше 20%, 25%, 22%, 28%, 24%. У қағазының 24%, 28%, 25%, 27%, 23%. Қағаздар арасындағы ковариацияны есептеу керек.

Шешуі:

Орташа пайданы формула бойынша есептейміз

20 + 25 + 22 + 28 + 24 = 23,8%,

24 + 28 + 25 + 27 + 23

г = = 25,4%

Әрбір периодқа сәйкес ауытқуды есептейміз, көбейтеміз және қосамыз.

(20 - 23,8X24 - 25,4) + (25 - 23,8X28 - 25,4) + + (22 - 23,8X25 - 25,4) + (28 - 23,8X27 - 25,4) + + (24-23,8X23-25,4) = 15,4 Определяем ковариацию по формуле (1.17):

cov^=^ = 3,08

Ковариацианы есептеу барысында бағалы қағаздардың сұрыптау бойынша бас мәндері ғана алынады, себебі барлық мәндерді есептеу мүмкін емес. Сондықтан ковариациа саны таңдамалы деп аталады. Бұл жағдайда ковариациа теріс жылжуы да мүмкін, өйткені ауытқу шынайы орта мәннен алынған жоқ, ол таңдамалы ауытқу арқылы есептелінді.

Біздің мысал үшін ковариациа:

<™„=^ = 3,85

  1. Корпоротивтік құнды қағаз табысы мен бағасына анықтама беру және есептелуі.

Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.

Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:

а) ақшалай бағалы қағаздар;

б) капиталды бағалы қағаздар.

Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.

Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:

  • қарыздық бағалы қағаздар;

  • инвестициялық бағалы қағаздар.

Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.

Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:

  • қорлы бағалы қағаздар;

  • саудалық бағалы қазаздар.

Қорлы бағалы қағаздар – мұндайбағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.

Саудалық бағалы қазаздар– бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:

  • нарықтық бағалы қағаздар;

  • нарықтық емес бағалы қағаздар.

Нарықтық бағалы қағаздар– мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар– бұл аталған бағалы қағаздар қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

1.негізгі (акция, облигация);

2.көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;

3.туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)

Корпоративтік облигациялар акцияларға қарағанда сенімді және банктік салымдарға қарағанда пайданы мөлшерін көп береді. Облигация бағасы номинальді болып табылады және олар пайыздық ставкаларға байланысты өзгерістерге ұшырап отырады.Егер де облигация бағасы номинальді бағадан асып кетсе, онда ол сыйақыланған облигация деп аталады,керісінше облигация бағасы төмен түсіп кетсе ол жеңілдікпен сатылады.

Облигацияны қаржыландыру барысында тәуекелге бас тігіп отырғанымызды умытпау керек. Тәуекел мөлшері көп болған сайын, одан түсетін пайда да сәйкесінше көп болады, себебі инвестор өз мойнына тәуекел алып отыр.

Ағымдағы пайдалылық жылдық пайданың купондар бойынша рыноктағы облигациялардың бағасына бөліп есептелінеді. Мысалға, ағымдағы баға $1000, ал купондық ставка 8% ($80 жылына),онда ағымдағы пайда мөлшері 8% ($80 -ды $1000 бөлеміз жәнеоны 100% көбейтеміз). Егер облигация $900-дан сатылса, купондық ставка сол күйінде 8%(жылына 80$),онда ағымдағы пайда 8,89% ($80 -ды $900 бөлеміз және оны 100% көбейтеміз)құрайды.