- •Аннуитет түсінігі. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Аннуитеттің ағымдағы мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Аннуитеттің келешектегі мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Өмірбойлық төлем. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Қадамдық әдіспен есептеу.
- •Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Блоктық әдіспен есептеу.
- •Қаржы құралдарының ұғымы.
- •Эмиссиялық бағалы қағаздардың барлық түрінің тәуекелділігі мен табыстылығын өсу ретімен орналастыру.
- •Банк кредитінің тиімді және номиналды пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.
- •Банк кредитінің тиімді және нақты пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың дисконтталған әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың тиімділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың тәуекелділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Жай акция бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.
- •Жай акция портфелі бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.
- •Ковариация және корреляция коэффиценттерін негіздеу және салыстыру, олардың жай акция портфеліне әсері.
- •Корпоротивтік құнды қағаз табысы мен бағасына анықтама беру және есептелуі.
- •Мемлекеттік құнды қағаздар анықтамасы және сипаттамасы.
- •Басым құқықты акция дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
- •Опцион дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
- •Фьючерс дегеніміз не және оның функциясы. Табыстың және бағасын есептеу мысалы.
- •Капитал құрылымы дегеніміз не? Капиталдың орташа құнын есептеу.
- •Ипотекалық кредиттеу дегеніміз не? Есептеу мысалын келтір.
- •«Бта Ипотека» компаниясының ипотекалық несие түрлерінің ерешеліктері
- •Лизинг дегеніміз не және оның функциясы. Есептеу мысалын келтір.
- •Қор биржасы жұмысының қағидалары. Биржалық индекстердің функциясы және анықтамасы.
- •Тауар биржасының функциясы және анықтамасы.
- •Forex валюталық нарығының функциясы және анықтамасы.
- •Құнды қағаздардың тәуекеліне әртараптандырудың әсері. Есептеу мысалын келтір.
- •Зейнетақы жүйелерінің үлгілері. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру қағидалары.
- •1. Ортақ жүйе
- •2. Жинақтаушы жүйе
- •Ұлттық банктің бақылаушы және реттеуші функциялары.
Басым құқықты акция дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
Акциялардың екі түрі бар: қарапайым және басым құқықты акция. Басым құқықты акциялар – бір жағынан акцияны иеленушілердің арнайы құқықтарын көрсететін, екінші жағынан, акцияны иеленушілердің компанияларды белсенді басқарудағы құқықтарынан айыратын акциялар. Басым құқықты акциялар бойынша қомақты дивидендтер төленеді. Басым құқықты акцияларды иеленушілер акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге қатыспайды. Басым құқықты акциялардың қарапайым акциялардан айырмашылығы – олар компанияның активтеріне басым құқыққа ие. Банкрот кезінде Басым құқықты акциялардың иеленушілеріне қарапайым акциялардыкыне қарағанда бірінші төленеді.
Басым құқықты акциялардың кірісі келесі формуламен анықталады:
D – акция дивидендтерінің жыл сайынғы өсімі;
Р – бір акцияның нарықтық бағасы.
Артықшылықтары:
дивидендтерді бірінші кезекте алу;
тіркелген дивидендтер төлеміне гарантия;
Акционерлік компакнияның меншік үлесін алу артықшылығы;
Кемшіліктері:
Акционерлер жиналысында дауысқа құқығы жоқ;
Корпорациялардың басым құқықты акцияларының нарықтық бағасы қарапайым акцияларға қарағанда жәй өседі;
Қазақстандық эмитенттердің басым құқықтық акцияларына мысалдар:
KZTKp – Казахтелеком префтері, дивиденд 300 тенге;
CSBNp – Каспий банк префтері, дивиденд 21 тенге;
KKGBp – Казкоммерцбанк префтері, дивиденд 0,04 АҚШ доллары;
NRBNp6 – Нурбанк префтері, дивиденд 1000 тенге.
Опцион дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
Опцион (ағылш. option, лат.optio – таңдау, тілек, қалау) – иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сатып алу немесе сату құқығын беретін бағалық қағаз.
Опционның түрлері:
Еуропалық опцион – опционға беретін құқық тек белгіленген күні ғана іске асырылатын опцион. Америкалық опцион – опционда осындай құқық белгіленген күнге дейін бірқатар кезең бойына жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген опцион.
Иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сатып алу – опцион call деп аталады. Опцион call құны үш факторға:
Актив бағасының орындалу бағасына қатынасына;
Пайыз мөлшерлемесіне;
Опцион жазылған актив әкелетін табысқа тәуелді.
Иесіне келешекте қайсыбір активтерді тиянақталған бағамен (орындалған бағамен) сату – опцион put деп аталады.
Валюталық опцион – белгілі бір көлемдегі шетелдік валюталарды белгілі бір бағамен сатуға немесе сатып алуға құқық беретін опцион. Қордағы опцион – түп негізінде корпорациялардың қарапайым акциялары жататын опцион. Тауарлы опцион – сатып алушыға белгілі бір уақытқа дейін опциондарды қолдану бағасы бойынша тауарлардың белгілі бір көлемін сатуға немесе сатып алуға құқық беретін опцион.
Опциондардың бағасын есептеу Блэк-Шоулздың формуласымен байланысты:
Блэк-Шоулздың концептуалды моделі келесідей түрде өрнектелген формуламен анықталады: Опцион коллдың бағасы = [акцияның күтілетін болашақ бағасы]-[опционның орындалуының күтілетін бағасы].
Математикалық формуласы былай бейнеленеді:
С – опцион коллдың теориялық бағасы;
S – акцияның қазіргі бағасы;
t – опционның іс-әрекетінің соңына дейінгі уақыт;
К – страйк опциона;
r – пайыздық қойылым;
е – натуралды логарифм (2,71828)
-сигма,
орташа квадраттық ауытқу; ln
-
натуралды логарифм;
