- •Аннуитет түсінігі. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Аннуитеттің ағымдағы мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Аннуитеттің келешектегі мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Өмірбойлық төлем. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Қадамдық әдіспен есептеу.
- •Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Блоктық әдіспен есептеу.
- •Қаржы құралдарының ұғымы.
- •Эмиссиялық бағалы қағаздардың барлық түрінің тәуекелділігі мен табыстылығын өсу ретімен орналастыру.
- •Банк кредитінің тиімді және номиналды пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.
- •Банк кредитінің тиімді және нақты пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың дисконтталған әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың тиімділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың тәуекелділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Жай акция бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.
- •Жай акция портфелі бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.
- •Ковариация және корреляция коэффиценттерін негіздеу және салыстыру, олардың жай акция портфеліне әсері.
- •Корпоротивтік құнды қағаз табысы мен бағасына анықтама беру және есептелуі.
- •Мемлекеттік құнды қағаздар анықтамасы және сипаттамасы.
- •Басым құқықты акция дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
- •Опцион дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
- •Фьючерс дегеніміз не және оның функциясы. Табыстың және бағасын есептеу мысалы.
- •Капитал құрылымы дегеніміз не? Капиталдың орташа құнын есептеу.
- •Ипотекалық кредиттеу дегеніміз не? Есептеу мысалын келтір.
- •«Бта Ипотека» компаниясының ипотекалық несие түрлерінің ерешеліктері
- •Лизинг дегеніміз не және оның функциясы. Есептеу мысалын келтір.
- •Қор биржасы жұмысының қағидалары. Биржалық индекстердің функциясы және анықтамасы.
- •Тауар биржасының функциясы және анықтамасы.
- •Forex валюталық нарығының функциясы және анықтамасы.
- •Құнды қағаздардың тәуекеліне әртараптандырудың әсері. Есептеу мысалын келтір.
- •Зейнетақы жүйелерінің үлгілері. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру қағидалары.
- •1. Ортақ жүйе
- •2. Жинақтаушы жүйе
- •Ұлттық банктің бақылаушы және реттеуші функциялары.
Аннуитеттің келешектегі мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
Аннуитеттік төлемнің келешектегі құны төлемдер салымға келетін пайыздар арқылы жүзеге асады деп болжанады. Сондықтан аннуиттетік төлемнің келешектегі құны салымдар бойынша пайыз мөлшерлемесі сияқты аннуитеттік төлем шамасының функциясы болып табылады.
Аннуиттетік төлем серияларының келешектегі құны (FV) келесі формуламен есептеледі: FV=X*(((1+r)^n-1)/r)
Мұндағы, r — пайыз мөлшерлемесі, n — аннуитеттік төлемдер жүзеге асырылатын период саны, X — аннуитеттік төлем шамасы.
Мысал: Келесі 5 жыл ішіндегі кәсіпорынның технологиялық процесін жетілдіруді жүзгізуде жыл сайынғы табысты $10,000-ға көтеруді жоспарлайды. Бұл қаржыны 5 жылдан кейін жаңа жабдықтар сатып алуға жеткілікті болатындай соманы жинау үшін олар тез арада жылына 10 %-дық мөлшерлемемен салады. Кәсіпорын 5 жылдан кейін қанша сомада ақша алады?
Шешімі: Есеп шарты бойынша кәсіпорын 5 жыл ішінде $10,000 аннуитетті алуды жоспарлап отыр. Жиналған соманы анықтау үшін тез арада 10 %-дық мөршерлемедегі өсірілімде бесжылдық аннуитеттің келешектегі мағынасын есептеу керек. Аннуитеттің келешектегі мағынасын анықтайтын формуланы қолданамыз:
$1 аннуитеттің келешектегі мағынасы үшін қаржылық кестені қолданып, дәл осындай мағынаны аламыз. Постнумерандо жедел аннуитетінің келешектегі мағынасы. Қаржылық ағым қозғалысын бағалау үшін уақыт бойынша қаржылық математиканың әр түрлі формулаларын, сонымен қатар постнумерандо жедел аннуитетінің келешектегі құнын есептеуді қолданады.
Постнумерандо – төлемдердің түсуі период соңында іске асады.
Есептеу мәні шамасы бойынша бірдей төлемдерден тұратын және постнумерандо шартын есепке ала отырып, барлық өскен төлемдерді қосып белгілі бір уақыт аралығында келешектегі құнын есептеуге болатындай қаржы ағымында жатады. Постнумерандо жедел аннуитетінің келешектегі құнының формуласы:
FV – келешектегі құн; A – біркелкі түсім шамасы; r – бірлік бөлігіндегі пайыздық мөлшерлеме; n – жыл саны.
Мысал. Жылдық төлемі 100 тенге, 12%-дық мөлшерлемеге тең, постнумерандо схемасы бойынша 5 жыл ішіндегі жедел аннуитеттің келешектегі құнын есептеу қажет.
FV = 100 * ( (1 + 0,12)5 + (1 + 0,12)4 + (1 + 0,12)3 + (1 + 0,12)2 + (1 + 0,12)) = 635тг.
Жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша жоспарланған сома 635 тенгені құрайды.
Пренумерандо жедел аннуитетінің келешектегі мағынасы
Қаржылық ағым қозғалысын бағалау үшін уақыт бойынша қаржылық математиканың әр түрлі формулаларын, сонымен қатар пренумерандо жедел аннуитетінің келешектегі құнын есептеуді қолданады.
Пренумерандо – төлемдердің түсуі период басында іске асады.
Есептеу мәні шамасы бойынша бірдей төлемдерден тұратын және пренумерандо шартын есепке ала отырып, барлық өскен төлемдерді қосып белгілі бір уақыт аралығында келешектегі құнын есептеуге болатындай қаржы ағымында жатады. Пренумерандо жедел аннуитетінің келтірілген құнының формуласы:
FV – келешектегі құн; A – біркелкі түсім шамасы; r – бірлік бөлігіндегі пайыздық мөлшерлеме; n – жыл саны.
Мысал. Жылдық төлемі 100 тенге, 12%-дық мөлшерлемеге тең, пренумерандо схемасы бойынша 5 жыл ішіндегі жедел аннуитеттің келешектегі құнын есептеу қажет.
FV = 100 * (1 + 0,12) * ( (1 + 0,12)5 + (1 + 0,12)4 + (1 + 0,12)3 +... +(1 + 0,12)2 + (1 + 0,12)) = 711,51 тенге.
