Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф_менедж_теор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.15 Mб
Скачать
  1. Зейнетақы жүйелерінің үлгілері. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру қағидалары.

Зейнетақы (латынның pensio – төлем) – белгіленген жасқа жеткенде, мүгедектікке, асыраушысынан айырылғанда және де басқа да заңмен қарастырылған жағдайларға байланысты азаматтарға ақшалай, жүйелі түрде төленетін төлемдер. Әлемде әлеуметтік зейнетақымен қамтамасыз етудің екі жүйесі бар – ортақ және жинақтаушы.

1. Ортақ жүйе

Базалық зейнетақы - Еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді.

Еңбек стажы - Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға.

2. Жинақтаушы жүйе

Міндетті жарналар - Ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар.

Ерікті жарналар - Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат.

Әр жүйенің өзінің артықшылығы және кемшілігі бар. Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері:

Ортақ жүйе

Артықшылықтары

  • зейнетақыны мемлекет төлейді

  • кірісі аз адамдардың тұрақтылығы (қорғалуы)

Кемшіліктері

  • зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу

  • демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді)

  • зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Артықшылықтар

  • салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі

  • мзж мемлекет кепілдігі

  • жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру

  • инвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту

  • мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі (заңнамамен 2015 жылдан бастап белгіленген шектеулерді ескере отырып)

Кемшіліктер

  • Инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы

  • ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ

  • мзж сомасының  жалақы мөлшеріне тәуелдігі

Зейнетақы жүйесінің үлгілері

Әдістемелік негіз

Экономикалық тетіктері

Басқарылуы

Зейнетақы төлеу түрлері

АҚШ

Америка үлгісі

Мемлекеттік реттеу

-сақтандыру компаниялары

-зейнетақы қорларынан

-мемлекеттік бағдарламаларынан

Скандинавия елдерінде

Әмбебап және әлеуметтік үлгі

Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары

Германия

Бисмарк үлгісі

Үкіметтен реттеу

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары

Ресей

Беверидж үлгісі

Бисмарк үлгісі

Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары

-жинақтаушы қорларынан

Өзбестан

Кеңестік үлгі

Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

Қазақстан

Чили үлгісі

Мемлекеттік реттеу

-мемлекеттен

-ынтымақты

-жинақтаушы қорларынан

Зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымының қағидалары

- Инвестициялық қызметтің жоғары ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етілу қағидасы. Ақпараттық қамсыздандыру зейнетақы активтерін инвестициялаудың маңызды элементерінің бірі болып табылады.

- Нарықтың құбылмалы шарттарына бейiмделгiштiгінiң қағидасы. Бұл қағиданың іс жүзінде іске асуы барлық маңызды факторлардың қарқынына бағытталған нарық пен макроэкономикалық жағдайдың мониторингі;

- Нарықтық ахуалға жедел қимылдаушылық қағидасы. Қағида өз тәжірибесінде портфель басқаруының ерекше технологияларын (соның ішінде лимиттік ордерлер) қолдануға, сонымен қатар нарықтың әр түрлі келеңсіз жағдайларына қарай ситуациялық басқаруды қалыптастыру;

- Кіріс деңгейінің ұтымды жеткілікті қағидасы. Бұл қордың тым қатерлi салулардан бас тартуы мен портфель табысының белгілі шама бойынша шектеуі болуын көрсетеді;

- Инвестициялық шешiмдердiң қалыпсыздығы қағидасы. Бұл қағида дамушы нарықтарға ыңғайлы болып келеді, өйткені олар портфельдің басқарылуы мен рационалды құрылуының классикалық талаптарын орындай алмайды.

Аталған қағидалар ЖЗҚ-ның зейнетақы және меншiктi активтерінiң портфель менеджментiн ұйымдастырудың негiзгi тұжырымдамалық көзқарастарының жиынын және сипатын ескертедi.