- •Аннуитет түсінігі. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Аннуитеттің ағымдағы мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Аннуитеттің келешектегі мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Өмірбойлық төлем. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Қадамдық әдіспен есептеу.
- •Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Блоктық әдіспен есептеу.
- •Қаржы құралдарының ұғымы.
- •Эмиссиялық бағалы қағаздардың барлық түрінің тәуекелділігі мен табыстылығын өсу ретімен орналастыру.
- •Банк кредитінің тиімді және номиналды пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.
- •Банк кредитінің тиімді және нақты пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың дисконтталған әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың тиімділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың тәуекелділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Жай акция бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.
- •Жай акция портфелі бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.
- •Ковариация және корреляция коэффиценттерін негіздеу және салыстыру, олардың жай акция портфеліне әсері.
- •Корпоротивтік құнды қағаз табысы мен бағасына анықтама беру және есептелуі.
- •Мемлекеттік құнды қағаздар анықтамасы және сипаттамасы.
- •Басым құқықты акция дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
- •Опцион дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
- •Фьючерс дегеніміз не және оның функциясы. Табыстың және бағасын есептеу мысалы.
- •Капитал құрылымы дегеніміз не? Капиталдың орташа құнын есептеу.
- •Ипотекалық кредиттеу дегеніміз не? Есептеу мысалын келтір.
- •«Бта Ипотека» компаниясының ипотекалық несие түрлерінің ерешеліктері
- •Лизинг дегеніміз не және оның функциясы. Есептеу мысалын келтір.
- •Қор биржасы жұмысының қағидалары. Биржалық индекстердің функциясы және анықтамасы.
- •Тауар биржасының функциясы және анықтамасы.
- •Forex валюталық нарығының функциясы және анықтамасы.
- •Құнды қағаздардың тәуекеліне әртараптандырудың әсері. Есептеу мысалын келтір.
- •Зейнетақы жүйелерінің үлгілері. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру қағидалары.
- •1. Ортақ жүйе
- •2. Жинақтаушы жүйе
- •Ұлттық банктің бақылаушы және реттеуші функциялары.
Тауар биржасының функциясы және анықтамасы.
ТАУАР БИРЖАСЫ – заңды тұлға құқығына ие ұйым. Ол күні бұрын белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір уақытта өзі белгілеген ережелер бойынша көпшілік үшін өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы биржалық қызметті ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын қалыптастырады. Аталған белгілерге сай келмейтін ұйымдар өзінің атауында Тауар Биржасы немесе “биржа” деген атауды пайдалана алмайды. Тауар Биржасы көпшілік қолды тауарлармен (астық, мақта, металл, т.б.) үлгілер және стандарттар бойынша ірі көлемдегі көтерме сауданы қамтамасыз етеді. Кейде биржалар тек бір топтағы тауарлармен ғана сауда жасауға маманданады. Биржалық баға туралы деректер биржалық бюллетеньдерде баға белгіленімі түрінде ұдайы жарияланып тұрады. Алғаш рет 19 ғ-да пайда болды. Қазіргі кезде мамандандырылған биржалар ретінде кеңінен таралды.
Биржадағы мәмілелер үш түрлі болып келеді, олар:
қолма-қол ақшалай төленетін мәміле, мұндай жағдайда тауардың дереу жеткізілуі көзделеді;
мерзімдік мәміле, мұнда тауар шартта көрсетілген белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізілуге тиіс;
реттелмелі мәміле, яғни ерекше биржалық шарттарға негізделген мәміле.
Қазіргі заманғы биржаларда негізінен стандартталған тауар сатылады, шындығында тауардың өзі емес, оны жеткізуге жасалған келісімшарт қана сатылады.Тауарлық биржаның негізгі міндеттері болып табылады: Ұйымдасқан тауар нарығының дамуына өз үлесін қосу; Қазақстандық өндірушілердің тауарлары экспортын, олардың материалды-шикізаттық қамсыздануының тұрақтылығын тиімді арттыру; Тауарды сатушы мен сатып алушыны іздеу шараларын қарапайымдылату; Қалыптасқан ережелерге сай биржалық мәмілелерді жасаудың ең үлкен шамадағы мөлдір жүйесіне ие сауда механизмін жасау.
Тауар биржасының мүшелерi:
Биржадағы брокерлiк орынды иеленетiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдiктер де биржа мүшелерi бола алады.
Биржаға мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және тоқтату тәртiбi биржа жарғысымен белгiленедi.
Тауар биржалары жөнiндегi уәкiлеттi органның функциялары: биржалық лицензиялар беру; тауар биржаларының тiзiлiмiн жүргiзу; биржа туралы заңдардың сақталуын бақылау; биржа қызметiн және биржалық сауданың дамуын зерделеу; биржалық құжаттарды дайындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлеу; биржалық сауданың үлгi ережелерiн бекiту болып табылады.
Forex валюталық нарығының функциясы және анықтамасы.
Форекс - (Forex, кейде FX, ағылш. FOReign EXchange — «шетелдік айырбас») еркін бағалар бойынша (белгіленім шектеусіз немесе тіркелген мағыналармен белгілі нысанға келеді) валютаның банкаралық айырбасының нарығы.
Сол себептен әдетте «Форекс нарығы» тіркесі пайдаланылады. Форекс терминін пайдалану валюталық операцияның барлық жиынтығы үшін емес, валютаның өзара айырбасы үшін қабылданған.
ФОРЕКС нарығында валютаның барлық негізгі түрлері пайдаланылады. Аталмыш нарықта банк негізгі рөлдердің бірін ойнайды. Олар, сондай-ақ, ФОРЕКС нарығында маркетмейкерлер атауын да алып жүреді. Банктер белсенді сауда операцияларын орындайды, өзінің клиенттеріне, сонымен қатар банк-контрагенттерге валютаны сатуды немесе сатып алуды ұсынады.
Форекс нарығы операцияларының мақсаттары сауда, спекуляция, хеджирлеу және реттелген (центробанктің валюталық интервенциялары) болып келеді.
"Спекуляция" деп сатып алу және сату бағасының арасындағы айырымнан пайданы бөліп алу мақсатында белгіленген тауар немесе бағалы қағаздардың сату-сатып алу келісімдері аталады.
Хеджирлеу (сақтандыру) - нарық қатынасының дамуымен байланысты қаржы тәуекелінен болатын мүмкінді зиянды өтеудің жаңа әдісі. Жалпы түрде хеджерлеуді тауардың бағасын тәуекелдіктен сақтандыру деп анықтауға болады. Хеджирлеудің мақсаты нарықтағы акцияның, саудалық активтердің, валютаның, пайыздық үстемелердің және өзге де факторлар бағасының қолайсыз өсуінен қорғау болып табылады.
Валюталық интервенция - банктен шетелдік валюталардың үлкен партиясын сату немесе сатып алуды орындау жолындағы елдің орталық банкінің валюталық нарық және валюталық курсқа бағытталған маңызды әсері. Валюталық интервенция мемлекеттің мүддесіндегі шетелдік валюта курсының реттелуі үшін жүзеге асады. Қысқаша айтқанда, валюталық интервенция -бұл елдің орталық банкінің валюталық нарық және валюталық курсқа шетелдік валютаның үлкен көлемін сатып алу немесе сату жолының әсері.
Форекс валютааралық келісімнің және осындай операция еркіндігінің кепілдемелерінде мемлекет араласуының болмағандығын болжайтын тұжырымында валютаның еркін конвертация ұстанымына негізделеді.
