- •Аннуитет түсінігі. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Аннуитеттің ағымдағы мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Аннуитеттің келешектегі мағынасы. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Өмірбойлық төлем. Есептердің формулалары және мысалдары.
- •Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Қадамдық әдіспен есептеу.
- •Бірнеше реттік ақша ағындары. Есептің жүргізулуі. Блоктық әдіспен есептеу.
- •Қаржы құралдарының ұғымы.
- •Эмиссиялық бағалы қағаздардың барлық түрінің тәуекелділігі мен табыстылығын өсу ретімен орналастыру.
- •Банк кредитінің тиімді және номиналды пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.
- •Банк кредитінің тиімді және нақты пайыздақ мөлшерлемесіне анықтама беру және салыстыру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың дисконтталған әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың тиімділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Инвестициялық жобаларды бағалаудың тәуекелділік әдістерін атап өту. Есептеулерге мысалдар келтіру.
- •Жай акция бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.
- •Жай акция портфелі бағамдары бойынша тәуекелді және табысты есептеудің әдістеріне анықтама беру.
- •Ковариация және корреляция коэффиценттерін негіздеу және салыстыру, олардың жай акция портфеліне әсері.
- •Корпоротивтік құнды қағаз табысы мен бағасына анықтама беру және есептелуі.
- •Мемлекеттік құнды қағаздар анықтамасы және сипаттамасы.
- •Басым құқықты акция дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
- •Опцион дегеніміз не? Табысың және бағасын есептеу мысалы.
- •Фьючерс дегеніміз не және оның функциясы. Табыстың және бағасын есептеу мысалы.
- •Капитал құрылымы дегеніміз не? Капиталдың орташа құнын есептеу.
- •Ипотекалық кредиттеу дегеніміз не? Есептеу мысалын келтір.
- •«Бта Ипотека» компаниясының ипотекалық несие түрлерінің ерешеліктері
- •Лизинг дегеніміз не және оның функциясы. Есептеу мысалын келтір.
- •Қор биржасы жұмысының қағидалары. Биржалық индекстердің функциясы және анықтамасы.
- •Тауар биржасының функциясы және анықтамасы.
- •Forex валюталық нарығының функциясы және анықтамасы.
- •Құнды қағаздардың тәуекеліне әртараптандырудың әсері. Есептеу мысалын келтір.
- •Зейнетақы жүйелерінің үлгілері. Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру қағидалары.
- •1. Ортақ жүйе
- •2. Жинақтаушы жүйе
- •Ұлттық банктің бақылаушы және реттеуші функциялары.
Фьючерс дегеніміз не және оның функциясы. Табыстың және бағасын есептеу мысалы.
Фьючерс (лат. болашақ) — уағдаласылған сұрыптағы тауарды белгілі бір мөлшерде келісілген бағамен көрсетілген кезең бойына жеткізу жөніндегі келісімшарт. Фьючерстік шарт бойынша міндеттемелер барлық жағдайда дерлік нақты тауарды жеткізу жолымен емес, төлеу немесе бағадағы айырманы алу жолымен орындалады.
Фьючерстік келісімшарт — биржа активін мәміле жасасу сәтінде тараптар белгілеген баға бойынша келешекте белгілі бір сәтте сатып алу-сату (жеткізу) жөніндегі стандарттық биржалық шарт, яғни келешектегі тауар жеткізілімі туралы келісім. Мұнда іс жүзінде барлық талаптар, атап айтқанда, жеткізілім сапасы, мөлшері, талаптары, төлем талаптары, буылып-түйілу, таңбалану, тауарды қарау тәртібі, форс-мажор, т.б. бір ізге түсіріледі. Фьючерстік келісімшарт биржадағы сауда тақырыбы болып табылады. Фьючерстік келісімшарт туынды қаржы құралдары тобына жатады. Фьючерстік келісімшарт үшін базистік активтер — валюта бағамы (валюталық фьючерс), жетекші компаниялар акцияларының бағамы (қор фьючерсі), пайыз нысанында табыс әкелетін активтер — депозиттер, облигациялар (пайыздық фьючерс), тауарлар (тауар фьючерсі), биржалық индекстер (индекстік фьючерс). Тараптардың міндеттемелерді өтеуіне биржа толық кепілдік береді.
Фьючерстік биржа - тауар биржаларының саудасын ұйымдастырудың қазіргі нысаны. Фьючерстік биржада сауда тек қана фьючерстік келісімшарттар арқылы жүргізіледі.
Фьючерстік келісімшарт биржада нарықтық баға құрылуының негізі ретінде қолданылады.Оның спот-келісімшарттан айырмашылығы Фьючерстік келісімшарт стандарталған және оның иесі жоқ.
Фьючерстің екінші маңызды қызметі өндіруші мен қолданушыны белгілі бір тауардың болашақта бағасының өзгеруінен сақтандыру мақсатында қолданылуы. Мысалы, ауыл шаруасына өнім жинағанда оның бағасының төмендемеуі маңызды болып табылады. Ал өнім өңдеушіге керісінше өнімді алғанда оның бағасы жоғарыламауы маңызды.
Мысал. Брокер клиенттен бір доллар 5630 тг болатын $1000 тұратын үшайлық фьючерстік келісім шартқа заказ алды. Брокер сатылымның 10% болатын маржаны құяды,яғни $1000*5630*0.1=563000 тг. Күнделікті вариациялық маржаның өзгеруі: (5638-5630)*1000=8000 руб. Клиент табысы, (5636-5638)*1000 = -2000 тг. Клиент шығыны, (5649-5636)*1000=13000 тг. Клиент табысы және т.б. Егер клиент ашық позицияны жабатын онда оның табысы (5649-5630)*1000=19000 тг. Құратын болады.
Капитал құрылымы дегеніміз не? Капиталдың орташа құнын есептеу.
Капитал құрылымы өзінің шаруашылық қызметі кезіндегі кәсіпорында қолданылатын, меншікті және қарыздық қаржылық қорлардың қатынасын сипаттайды. Кәсіпорында қолданылатын капитал құрылымы оның қаржылық, операциондық, инвестициялық қызметіндегі көптеген аспектілерді анықтайды, оның қызметінің қорытынды нәтижесіне белсенді әсер етеді. Капитал құрылымы меншікті капитал мен активтің рентабельдік коэффициентіне әсер етеді, төлем қабілеттік пен қаржылық тұрақтылық коэффициентінің жүйесін анықтайды және соңында кәсіпорынның дамуы кезіндегі тәуекел мен табыстылық санатының қатынасын құрайды.
Капитал құрылымын басқару минималды капитал бағасы мен кәсіпорынның максималды нарықтық құнына жететін өзіндік және тартылған қаражаттардың тиімді қатынасын іздестіру үрдісін білдіреді. Осыған сай, капиталдың ең төменгі және фирманың мүмкін болар жоғарғы құнына кепілдік болатын таза табыс пен компанияның қаржылық тұрақтылық деңгейі арасындағы тиімді ара қатынасты қамтамасыз етуші өзіндік және тартылған қаражаттардың қатынасы ретіндегі капиталдың тиімді құрылым анықтамасы тұжырымдалады. Жағымды капитал құрылымын жасау, яғни, меншікті және тартылған қаражаттардың ең тиімді қатынасына қол жеткізу бүгінгі таңдағы қаржы менеджментінің «патша мәселесі» (The Royal Issue) болып отыр.
Капитал құны акциялар, бөлінбеген табыс, қарыздық міндеттемелер секілді капиталдың құрамдас бөліктерінің орташа салмақталған құны ретінде есептеледі. Капиталдың жалпы құнын шартты түрде ko деп белгілеп, келесі формула бойынша анықтауға болады:
kj
= Σ
капиталдың жалпы құрылымындағы әрбір
капитал көзінің пайыздық үлесі
әрбір капитал көзінің құны = Wdkd
+ Wpkp
+ Weke
+ Wsks,
(8)
мұнда Wd – қарыздық міндеттемелерден түскен капиталдың пайыздық үлесі; Wp – артықшылықты акциялардан түскен капиталдың пайыздық үлесі; We – қарапайым акциялардан түскен капиталдың пайыздық үлесі (капиталдың сыртқы құны); Ws – бөлінбеген табыстан түскен капиталдың пайыздық үлесі (капиталдың ішкі құны); kd, kp, ke және ks – сәйкесінше қарыздық міндеттемелерден, артықшылықты акциялардан, қарапайым акциялардан және бөлінбеген табыстың құны.
