Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф_менедж_теор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.15 Mб
Скачать
  1. Мемлекеттік құнды қағаздар анықтамасы және сипаттамасы.

Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

  • мемлекеттік;

  • муниципалды;

  • корпоративтік.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

  • Ұлттық жинақ облигациялары;

  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)

  • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

 Қысқа мерзімді ГККО (МЕККАМ) ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық міндеттер.

Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 теңге Міндеттеме құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозиттарийін-де  есептеледі.

Міндеттеме дисконттық бағада, яғни ҚР Қаржы министрлігінің тапсырмасымен ҚР Ұлттық банкі өткізетін аукциондар арқылы  төмен бағада орналастырылады. Аукционға қатысуға Алғашқы дилерлер ғана, яғни Қаржы министрлігінде тендерден өткен және келісімге отырған банктер мен компаниялардың ғана құқығы бар. Алғашқы дилерлер болып саналмайтын барлық инвесторлар Алғашқы дилерлермен қызмет көрсету келісім-шартына отыру арқылы ғана операция жасай алады. Алғашқы дилерлер субдепозитарийлердің функциясын атқарады. Аукционды өткізу мерзімі мен эмиссия көлемі аукцион шарттарында хабарланады.

  • Орта мерзімді ГСКО (МЕОКАМ), 

  • Қысқа мерзімді ГВКО (МЕКАВМ)ҚР Қаржы министрлігі шығаратын 3, 6, 9 және 12 айға ұсынатын қысқа мерзімді қазыналық валюталық міндеттер.

Міндеттеменің номиналды бағасы – 100 АҚШ доллары. 

Міндеттеу құжатсыз формада шығарылады және ҚР Орталық депозитарийін-де  есептеледі.

МЕКАВМ орналастыру және қолдану шарттары МЕККАМ-дың орналастыру және қолдану шарттарына сәйкес. 

Инвестор төлем жасалған күнгі Ұлттық банктің курс бағамына сәйкес төлейді. Эмитент төлем жасалған күнгі Ұлттық банктiң курс бағамына сәйкес төлейді. .

  • Идекстелген ГКО (МЕЙКАМ)

Индекстелген қазыналық міндеттемелер қазына иесіне оның өтембарысында оған номиналды құнын алуға және номиналды құнына пайызбен сыйақы алуға мүмкіндік береді. Инвесторлармен қазыналық индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған ақшаның индексациясы индекстелген қазыналық міндеттемелерді ұсынудың үш айлық кезеңі аяқталған уақытта инфляция қарқыны белгіленген  ағымдағы мөлшерлеме бойынша сыйақы төлеу жолымен жүргізіледі. Индекстелген қазыналық міндеттеменің номиналды құны – 1000 теңге.

Индекстелген қазыналық міндеттемелер оның ұстаушылары арасында номиналды құны мен орналастырылады. Индекстелген қазыналық міндеттемелердің алғашқы шығарылымы бойынша аукционда белгіленген эмиссиясына сәйкес  кірістің шектеулі мөлшерін, индекстелген қазыналық міндеттемелерге құйылған инвесторлардың ақшасының инфляциясының шығын компенсациясын  қосатын сыйақы мөлшерлемесімен белгіленеді. Кірістің шектеулі мөлшерлемесі сатып алушылардың ұсынысы бойынша аукциондық негізде олардың кірісінің ең төменгі мөлшерлемесінен бастап белгіленген эмиссияға қол жеткізуге дейінгі өтініштерінің қабылдануы арқылы белгіленеді. Қабылданған өтініштердің қанағаттандырылуы аукционға қатысушылардың қанағаттандырылған өтініштерінің ең жоғары дәрежесіне сәйкес ортақ шектеулі кіріс мөлшерімен жүзеге асырылады. Қазыналық  міндеттемелердің орналасуы бойынша аукцион сәйкес эмиссия шарттары хабарланған сәтте басқа күн қарастырылмаса әдетте айына бір реет соңғы жұмыс күнінен бір күн бұрын жүргізіледі.

МБҚ шығару формасы – құжатсыз формада.

МБҚ әртүрлі әдістермен орналасуы мүмкін (аукциондарда, саудада, ашық саудада және жабық таратылуда және т.б.)

МБҚ сатып алушылары кезкелген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ резиденттер еместер де болуы мүмкін.

МБҚ шығару мақсаты

  1. Республикалық бюджет дефицитін инфляциясыз негізде қаржыландыру (қолданысқа  қосымша ақша шығармай-ақ).

  2. Мемлекеттік бағдарлама мақсатында қаржыландыру (тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б).

  3. Экономикалық белсенділікті реттеу (қолданыстағы ақшаны, бағаға және инфляцияға әсер етуін, экономикалық өсімді, инвестцияның бағытын және т.б.)

  4. Бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларына қаржының сенімді және жоғары ликвидті жинақталуы ұсынылады. (МБҚ бойынша кіріс инфляция деңгейінен артады).