
- •1.Экономикалық талдаудың түсінігі, мазмұны
- •2.Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы
- •3. Экономикалык талдаудын кагидалары
- •4. Экономикалык талдаудын пәні, міндеттері
- •5.Жүйелі талдау жүргізу кезеңдері
- •4. Аралас үлгілер :
- •6. Экономикалық талдаудың әдістері мен әдістемесі
- •Шқт математикалық әдістер
- •9.Ақпаратты өңдеу тәсілдері
- •10.Экономикалық ақпарат түрлері.Нормативті және жоспарлы ақпарат.
- •12. Маржиналды талдау
- •13.Талдаудың математикалық әдістерінің сипаттамасы
- •14.Шқт экон матем әдістердің жіктелуі
- •15. Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі
- •16. Детерминирленген факторлық талдау
- •Аддитивті модельдер:
- •Мультипликативті модельдер:
- •Краттық модельдер:
- •17. Индекстік әдіс
- •18. Тізбектелген қойылым тәсілі
- •19. Интегралдық тәсіл
- •20. Абсолюттік айырмашылықтар тәсілі. Салыстырмалы айырмашылықтар тәсілі
- •22. Корреляциялық-регрессиялық талдау
- •23. Шкт кешенди талдау
- •24. Уақыт белгісі бойынша талдау түрлері. Ағымдағы (ретроспективті) талдау. Оперативті және перспективті талдау Уақыт белгісі бойынша:
- •3.1 Шаруашылық резервтерінің түсінігі, жіктелуі, оларды іздестіру принциптері
- •3. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:
12. Маржиналды талдау
Маржиналды талдау негізінде ең алғаш басқару шешімдерін негіздеу әдісі ең алғаш 1930 жылы американдық инженер Уолтер Раутенштрах ойлап тапқан.Әлемге “өндірістің критикалық көлемінің графикасы ”ретінде танымал.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бизнестегі басқару шешімдерін қабылдауда қолданылады.Бұл әдісті “Зиянсыздық талдауы” немесе “Кіріске әсер ететін себептер” талдауы деп те атайды.
Маржиналды талдау кәсіпкерге,кәсіпорын басшылығына кәсіпорынның ағымдағы жағдайына сенімді баға береді
Яғни,бұл талдау негізінде ақша қаражаттары мен капиталдың тиімді қолдану жолдары анықталады.Маржиналды талдау негізінде басқару шешімдерін нақтылайтын үш маңызды экономикалық көрсеткіштің арақатынасын айқындайды.Олар:шығын көлемі,өндіріс көлемі,пайда көлемі.
Басқару шешімдерін қабылдаудағы маржиналды талдау келесілерді анықтайды:
Сатылымдардың шығынсыздық көлемі,рентабельділігі
Тұрақты шығындардың критикалық көлемі
Тұрақты және ауыспалы шығындардың бағамы
Өнім ассортименті
Жаңа өнімдердің нарықтық бағасы
Өнім өндіру технологиясы мен қосымша тапсырыстарға баға береді
Басқару шешімін қабылдаудағы маржиналды анализ 6 кезеңнен тұрады:
Ақпаратты өңдеу,жинау,талдауға дайындау
Өнімді өңдеуге кеткен тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасын анықтау
Талданатын көрсеткіштер ауқымы
Талданылып жатқан қөрсеткіштердің салыстырмалы және факторлы талдауы
Барлық көрсеткіштердің өсуі мен кемуіне болжам жасау
Табыс пен шығынды бөлу
Маржиналды талдау бойынша есеп жүргізудің шарттары:
Шығындарды 2 бөлу:
1)Тұрақты шығындар - өнімді өндіру көлемі релеванттылық шегінде өзгермейтін шығындар.
2) Ауыспалы шығындар - кәсіпорынның өндіріс күші мен өнімге сұранысына,диапазонына байланысты өнімді өндіру көлеміне пропорционалды өзгеретін шығын.
Өнімді өндіру мен шығарудың белгілі бір кезеңдегі теңдесуі
Талдау барысындағы өндіру эффектілігі
Маржиналдық талдаудағы басқару шешімінің негізгі функциялары:
Бағыттаушы функция-шешім ұзақ мерзімді стратегияның арқасында қабылданып,кешенді тапсырмаларменнақтыланады.
Яғни,бұл:жоспар,қадағалау ұйымы,мотивация
Үйлестірушілік функция - өнімге байланысты шешімдердің мерзімі мен сапасына жауап береді.
Мотивті функция – ұйымдастырушылық шараларғажауаптыфункция.Оған:бұйрықтар,қаулылар,экономикалық стимулдар(сыйақы,жалақы үстемелер,әлеуметтік бағалау)жатады.
Маржиналды табыс - өнімді өндіруден түскен табыс(ҚҚС пен акцизді қоспағанда).Маржиналды табыстың деңгейі жоғары болған сайын,тұрақты шығындар жылдам өтеледі.
Қәсіпорынның маржиналды табысы өткізуден түскен табыс пен ауыспалы шығындардың арақатынасы арқылы анықталады:
МТ=ӨӨТ – АШ
Маржиналды табыс немесе маржа тұрақты шығындарды өтеп,пайда алуды көздейді.Басқаша айтқанда,тұрақты шығындар сомасымен бірге өнімді сатудан түскен табыс – кәсіпорынның маржиналды табысы болып табылады.
МТ=ӨСТТ – ТШ
Маржиналды талдаудың мақсаты - өнімді сату көлемін анықтау,соның ішінде өнімді сатудан түскен пайда, оның нақты өзіндік құнына тең болуы тиіс.Сондықтан да маржиналды талдау тек қана басқару шешімдерін емес,кәсіпорынның баға саясатынданда да қолданылады.
Маржиналды талдаудың ерекшелігі – табысты барлық өнім көлеміне және әр өнімнің 1 бірлігіне есептеуге болады:
МТ= (ӨӨТ-АШ)/Q = P-V
ӨӨТ-өткізуден түскен табыс
АШ-айнымалы шығын
Q-көлем P-баға