Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
талдау.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
265 Кб
Скачать
☆

2.Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы

Экономикалық талдау шаруашылық қызметіне білікті талдау жүргізу үшін қажетті бірқатар  экономикалық және басқа да пәндермен тығыз балайланысты.

Ең алдымен, шаруашылық қызметін талдау экономикалық теориямен байланысты. Себебі ол экономикалық заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдерін оқи отырып, барлық экономикалық пәндердің теориялық негізін қалайды. Аналитикалық зерттеулер жүргізген кезде осы заңдардың әрекетін ескеру қажет. Өз кезегінде,  шаруашылық қызметін талдау белгілі бір деңгейде экономикалық теорияның дамуына ықпал етеді. Сан алуан аналитикалық зерттеулер барысында экономикалық заңдардың көрінісі туралы мәліметтер жинақталады. Осы мәліметтерді оқу бұрын белгісізболған,жаңа заңдарды ашуға жәрдемдеседі, экономиканың дамуы туралы күрделі жобалар жасауға мүмкіндік береді.

Осылайша талдаудың  жеке сала экономикасымен де байланысы туындайды. Кәсіпорын қызметіне терең талдауды сала экономикасы мен өндірістің ұйымдастырылуын білмей жүргізу мүмкін емес. Ал экономикалық талдаудың нәтижелері өз кезегінде өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруде пайдаланылады.

Экономикалық талдау жоспарлау мен үрдісті басқарумен тығыз байланысты. Талдау барысында жоспарлы көрсекіштер жиі қолданылады, сол себепті сарапшы кәсіпорындағы өндірісті жоспарлау әдістемесін жақсы білуі тиіс. Ал экономикалық талдау жоспарлар құру мен басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпарат базасын құрады.

Талдау бухгалтерлік есеппен өте тығыз байланысты. Бір жағынан, бухгалтерлік есеп мәліметтері шаруашылық қызметін талдау барысында басты ақпарат көзі болып табылады. Бухгалтерлік есеп әдістемесі мен бухгалтерлік есеп берулердің мазмұнын білмей, талдауға қажетті ақпараттарды таңдау мен олардың сапасын тексеру қиынға соғады. Екінші жағынан, талдауға қойылатын талаптар бухгалтерлік есепке қайта бағытталады. Талдауды сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, оны оперативті, шынайы, нақты, түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп жүйесі үнемі жетіліп отырады.

Шаруашылық қызметінің барлық жақтарын кешенді талдау үшін экономикалық талдауда статистика ғылымы жиі қолданылады. Аналитикалық есептеулер жүргізу, кестелер, графиктер құру, топтастыру мен т.б. ақпаратты өңдеудің статистикалық әдістерін білуді қажет етеді. Өз кезегінде талдау мәліметтері статистикада жаппай экономикалық құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау үшін пайдаланылады.

Талдаумен байланысты экономикалық емес ғылымдар ішінде технологиялық және математикалық ғылымдар ерекшеленеді. Өндіріс үрдісін өндірістің технологиялық ерекшелігін білмей талдау қажет емес. Сол салада білімі бар экономист қана өндіріс нәтижесіне баға беріп, пайдалы кеңестер бере алады.

Күрделі экономикалық есептерді шешу қажеттілігі математика мен жаңа компьютерлік технологиялардың қарқынмен дамуына ықпал етті. Аналитикалық зерттеулерде математикалық әдістер мен жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану нәтижесінде талдау тереңдей түсті және оның нәтижесінің сенімділігі артты. Осы әдістер көмегімен талдаудың оперативтілігі артты, ақпаратты өңдеу ауқымы кеңіді.

Осылайша, кәсіпорын қызметіне білікті, әрі терең талдау жүргізу үшін макро және микроэкономиканы, менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен информатиканы және басқа ғылымдарды терең игеру қажет.