Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
талдау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.89 Кб
Скачать

9.Ақпаратты өңдеу тәсілдері

Ақпаратты тексеру.

Бастапқы деректердің салыстырмалылығын қамтамасыздандыру. Сандық ақпаратты ықшамдау

Бірінші кезеңде Жиналған ақпаратың сапалылығын тексерілуі

1) Жоспарлардың және есептіліктің ішіндегі ақпараттың толықтылығы, олардың дұрыс рәсімделуі тексеріледі. Міндетті түрде арифметикалық есептеулер тексеріледі, әр түрлі жоспар мен есептілік формаларының деректер мәмлесі келістіріледі. Бұндай тексеру техникалық қасиеттеріне жатады.

2) талдауға арналған барлық деректер бойынша тексеру. Осы үрдіс бойынша мынаны анықтайды: қандайда бір көрсеткіштің шындыққа келетіндігі. Бұл тексеріс негізінде деректердің логикалық түсінігі болып табылады. Есептілік жағдайын тексерумен қатар, жауапты келісімді және әр түрлі ақпарат көрсеткіштеріне негізделген.

Екінші кезең Талдаудың екінші кезеңінде, жақсы сапалылығын тексергеннен кейін салыстырмалы түріне ақпаратты келтіреді.

Құнды фактордың бейтараптандырылуы

Есептік, есеп беру көрсеткіштерінің живнтвғвн анықтау

Сандық фактордың қолдану тиімділігін анықтау

Орташа көлемді есептеу

Абсолюттік шаманы салыстыру

Үшінші кезеңде бастапқы деректердің жеңілдетулер болады: сандарды ықшамдау немесе олардың жоғары дәрежедегі өрнектеу.

Аналитикалық зерттеулер көбінесе болжамын сипаттайды және мұндай дәлдікті талап етпейді.

10.Экономикалық ақпарат түрлері.Нормативті және жоспарлы ақпарат.

Экономикалық ақпарат өндірістің экономикалық сипатын беретін сақтау, тапсыру, қайта өңдеу обьектісі болатын мәлмет жиынтығы

Шындықты обьективтілігіне байланысты:

Сенімді

Сенімсіз

Мәлмет толықтығына байланысты:

Жеткілікті

Жеткіліксіз

Артық

Қолданылуына қарай

Тұрақты

Айнымалы

Мәлімет көзі бойынша

Белсенді жоғары

Белсенді төмен

Құру кезеңіне байлнысты

Алғашқы

ІІ ретті

Функциялар бойынша басқару процесінде экономикалық ақпарат өндiрiстiң конструкторлық және технологиялық әзiрлеуi бойынша, жоспарлы, есептiк және есептiк емес мәлiметтерге бөлінеді.

Есептік емес ақпаратшаруашылық қызметіндегі субъектi пайдалануға мiндеттi болатын ресми құжаттар;

шаруашылық - құқықты құжаттар;

кәсiпорынның ұжымының жалпы жиналыстары, оның өкiлдерi, бөлiмшелердiң шешiмдерi;

озық төжiрибенiң әртүрлi мәлiметтер көздерінен алынған материалдар зерттеулерi;

техникалық және технологиялық құжаттама;

жеке жұмыс орындарында өндiрiс күйiнiң арнайы тексеруінің материалдары;

өз ұжымының мүшелерi немесе басқа кәсiпорындардың өкiлдерiмен iскерлiк кездесулерi уақытында алған ауызша мәлiмет;

Экономикалық талдау үшін мәліметке талаптар

Ақиқаттық Салыстырмалылық

Обьективті Шынайылық Жеделдік

Біртекті

Тиімділік

11.Шаруашылық есеп талдау үшін ақпарат көзі Шаруашылық есеп нарықтық шаруашылық жағдайында бәрінен бұрын нарықтық экономика талаптарына бағынған мүлде жаңа мақсатпен ерекшеленеді. Осы мақсатқа орай нарықтық шаруашылық есеп елдің әлеуметтік–экономикалық даму жолдарын іздестіруді ақпараттық жағынан қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан нарықтық шаруашылық есеп, атап айтқанда, әкімшілік-әміршіл экономика жағдайына қарағанда шаруашылық қызметтің мүлде жаңа ақпаратық үлгілері талап етеді.   Әрине, осынау мүмкіндік қазірдің өзінде аяғына дейін жүзеге асты деп санауға болмайды, өйткені шаруашылық есептің аталған сапалық тұстарына деген талап үздіксіз өсіп отыр, сондықтан да ол үнемі жетілдірілу үстінде болады. Шаруашылық есеп жүйесі үш шағын жүйеден, есептің үш түрінен тұрады. Олар: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп. Бұлардың әрқайсысы экономикалық объектіні басқарып, сол бойынша шешім қабылдауда ерекше рөл атқарады. Жедел есеп деп есеп жұмыстарының жиынтығын айтады. Ол субъектінің шаруашылық қызметінің жекелеген учаскесіндегі ағымдығы бақылау фазасын ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру мүдделі органдарға экономикалық объекті іс-әрекетіндегі жағымсыз ауытқушылықты дер уақытында анықтап, оны жоюға шұғыл араласуға

мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда субъектінің шаруашылық қызметінің белгіленген түпкілікті қаржылық нәтижесі өзгертілуі де ықтимал. Мысалы, сауда субъектілерінде тауар айналысының тауар ресурстарымен қамтамасыз етілуін ағымдағы бақылаудан өткізу үшін әрбір тауар тапсырушының тауар әкеліп тұру келісімшартын қалай  орындайтынын  білу үшін  жедел есеп  жүргізіледі, ал тауар айналысының жоспарын ағымдағы бақылаудан өткізу үшін– тауарлардың сатылуы жедел есепке алынады және т.б. Жедел есеп (немесе шұғыл есеп деуге де болады–аудармашы) мейілінше нақты, бақыланылатын фактілерге, құбылыстарға тән өлшемдер бойынша (дана, теңге, тонна және т.б.) сандық мөлшерлер тіркеледі. Жедел есеп субъектінің шаруашылық қызметтерінің тұтастай жағдайын көрсетіп бере алмайды. Экономикалық объектінің құрылуының біріңғай үлгісін жедел есеп сияқты шаруашылық қызметінің жекелеген оқиғаларын анықтайтындар есеп, керісінше, шаруашылық қызметті оның бүкіл учаскелері  мен бөліктерінің серпінді өзара байланысы ауқымында көрсететін бухгалтерлік есеп қана жасай алады. Бұлай болатын себебі – осынау қызметті құрайтын фактілердің кез–келгені бірден немесе біршама уақыттан кейін тікелей немесе жанама түрде, бірақ міндетті түрде объектінің қаржылық ресурстарында белгі береді. Не оның жалпы ауқымы өзгертеді, немесе оның шынайы өмір сүру  формасын, әйтпесе бағыныштылығын өзгертеді. Экономикалық объектінің қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын есеп жұмыстарының жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады. (немістің «Buchhaltund»–кітап жүргізуші деген сөзінен шыққан, өйткені осынау есеп пайда болғаннан бергі бірнеше ғасырлар бойы оны арнаулы кітапқа (журналға) бір адам жазып отыратын болған). Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз–экономикалық пайданы бақылап және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды тұтастай, үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру. Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол: өндірістік, қаржылық және салықтық болып үш түрге бөлінеді. Есептің өзге түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда: -   Құжаттылық жағынан негіз болып табылады.

  1. Уақыты жағынан үздіксіз (күннен–күнге) және қамтуы жағынан біртұтас (шаруашылық субъектісінің қаржы– шаруашылық қызметіндегі брлық өзгерістердің бір де бірін қалдырмау).

  2. Мәліметтерді өңдірудің ерекше, тек өзіне ғана тән әдістерін қолдану (бухгалтерлік шот, екі ретті жазу, қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс және т.б.).

Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп  болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы–бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері. Қаржылық есеп–бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі.     Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай  салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б.   Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары). Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді. Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы–ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында. Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі–есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді. Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада:

Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне  ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай–ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір–бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің  дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі. Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект

қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір–біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге–ел экономикасының  даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.       

Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелі көзқарасын атап кету қажет.

Жүйелі көзқарас - бұл талдау позициясынан экономиканы бір бүтін ретінде кешенді зерттеу. Ол объектіні тереңірек зерттеуге, ол туралы одан да толығырақ білуге, осы объектінің бөлек бөлімдері арасындағы себеп - салдарлық байланысты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Жүйелі көзқарастың негізгі ерекшеліктері болып табылады:

  • динамикалылық;

  • әрекеттестік;

  • жүйе элементтерінің өзара тәуелділігі мен өзара байланысы;

  • кешенділік;

  • тұтастылық;

  • бағыныштылық;

  • жетекші буынды бөліп көрсету.

Жүйелі көзқарас айқын артықшылықтарға ие: шаруашылық міндеттерді ғылыми дәлелді шешу нұсқаларын өңдеуге , нұсқалардың тиімділігін анықтауға, нағыз мақсатқа сәйкес басқарушылық шешімдерді таңдауға, резервтерді іздеу схемасын, шаруашылықтану нәтижелерінің объективті бағасын,

оперативтілік, әрекеттілік, талдау мен оның тұжырымдарының дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жүйелі көзқарасты қолдану келесідей кезеңдерден тұрады:

1 - кезең: жүйенің функцияландыру мақсаттарын анықтау, басқа жүйелермен өзара байланысы;

2 - кезең: барлық элементтерге, өзара байланыстарға толық және сапалы баға беретін көрсеткіштерді таңдау;

3 - кезең: жүйенің негізгі компоненттерін, өзара байланысын және олардың арасындағы бағынушылықты орнату;

4 - кезең: жүйенің экономика - математикалық үлгісін құру;

5 - кезең: шаруашылық қызметтің нәтижесін объективті бағалау, өндірістің тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау.

Сонымен, шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі көзқарастың негізгі құндылығы оның көрсеткіштер мен факторлардың арасындағы ішкі байланыстары көрсетілген логико - әдістемелік схеманы құруға мүмкіндік беретіндігінде.