
- •1.Экономикалық талдаудың түсінігі, мазмұны
- •2.Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы
- •3. Экономикалык талдаудын кагидалары
- •4. Экономикалык талдаудын пәні, міндеттері
- •5.Жүйелі талдау жүргізу кезеңдері
- •4. Аралас үлгілер :
- •6. Экономикалық талдаудың әдістері мен әдістемесі
- •Шқт математикалық әдістер
- •9.Ақпаратты өңдеу тәсілдері
- •10.Экономикалық ақпарат түрлері.Нормативті және жоспарлы ақпарат.
- •12. Маржиналды талдау
- •13.Талдаудың математикалық әдістерінің сипаттамасы
- •14.Шқт экон матем әдістердің жіктелуі
- •15. Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі
- •16. Детерминирленген факторлық талдау
- •Аддитивті модельдер:
- •Мультипликативті модельдер:
- •Краттық модельдер:
- •17. Индекстік әдіс
- •18. Тізбектелген қойылым тәсілі
- •19. Интегралдық тәсіл
- •20. Абсолюттік айырмашылықтар тәсілі. Салыстырмалы айырмашылықтар тәсілі
- •22. Корреляциялық-регрессиялық талдау
- •23. Шкт кешенди талдау
- •24. Уақыт белгісі бойынша талдау түрлері. Ағымдағы (ретроспективті) талдау. Оперативті және перспективті талдау Уақыт белгісі бойынша:
- •3.1 Шаруашылық резервтерінің түсінігі, жіктелуі, оларды іздестіру принциптері
- •3. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:
5.Жүйелі талдау жүргізу кезеңдері
Шаруашылық қызметін талдауда факторлардың өзара байланысын олардың ішкі және сыртқы байланыстарын, тәуелділіктерді ескере отырып зерттеу қажет. Мұндай қажеттілік жүйелеу көмегімен іске асырылады. Жүйелеу – бұл зерттелетін құбылыстар мен объектілерді олардың өзара байланысы мен тәуелділіктерін есепке ала отырып белгілі бір тәртіппен орналастыру.
Факторлық жүйелердің детерминирленген және стохастикалық түрлері ажыратылады. Детерминирленген факторлық жүйе құру – бұл зерттелетін нәтижелік белгіні бірнеше фактордың алгебралық сомасы, көбейтіндісі, бөліндісі ретінде бейнелеу. Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорынның жалпы өнім көлемін бірінші деңгейлі екі фактордың : орташа жылдық жұмыскерлер саны мен жылдық еңбек өнімділігінің көбейтіндісі ретінде бейнелеуге болады, ол өз кезегінде жылдық еңбек өнімділігі 1 жұмыскер орындаған жұмыс күндері мен тәуліктік еңбек өнімділігінің көбейтіндісіне тең болса, тәуліктік еңбек өнімділігі жұмыс күнінің ұзақтығы мен сағаттық еңбек өнімділігінің көбейтіндісіне жіктеле алады (2.2-сурет).
Факторлық жүйені одан әрі жүйелеу күрделі факторларды жіктеу арқылы жүргізіледі, осылайша күрделі фактор бірнеше қарапайым факторларға айналғанға дейін жүйелеу жалғастырыла беруі мүмкін.
Факторлық талдаудың негізгі міндеттерінің бірі нәтижелік көрсеткіш пен оған әсер етуші факторлар арасындағы байланысты үлгілеу.
Оның мақсаты зерттелетін көрсеткіштің факторлармен байланысын нақты математикалық теңдеу түрінде бейнелеу. Детерминирленген талдауда келесідей факторлық үлгілер жиі кездеседі:
1. Аддитивті үлгілер: Y = ∑xi = x1 + x2 +x3 + …xn
Бұл үлгілер нәтижелік көрсеткіш бірнеше факторлық белгінің алгебралық қосындысынан тұратын жағдайларда қолданылады.
Мұндай байланыстың мысалы ретінде кәсіпорынның қаржылық - операциялық циклының ұзақтығын (КОЦҰ) алуға болады, ол қаржылық (ҚЦҰ) және операциялық (ОЦҰ) циклдар ұзақтықтарының қосындысынан тұрады:
ҚОЦҰ = ҚЦҰ + ОЦҰ
2.
Мультипликативті үлгілер: Y
=
xi =
x1 *
x2 *
x3…xn
Мұндай үлгілер нәтижелік көрсеткіш бірнеше (екі не одан көп) факторлар көбейтіндісі ретінде анықталатын жағдайларда қолданылады.
Мысалы: Түсім көлемінің (Q) натуралды сату көлемі (q) мен өнім бірлігі бағасынан (р) тәуелділігі:
Q = q * p
Немесе жалпы өнім көлемінің (Q) жұмыскерлер санынан ( Т ), жылдағы жұмыс күндері (К), жұмыс күнінің ұзақтығы (t) мен сағаттық еңбек өнімділігінен (q) тәуелділігі:
Q = T * K * t *q
3. Кері үлгілер : Ү = а/в
Екі
фактордың қатынасы нәтижелік көрсеткішті
береді. Мысал ретінде негізгі өндірістік
қорлар құнын (Н) жұмыскерлер санына (Т)
бөлу арқылы анықталатын қормен қарулану
(Ққ) көрсеткішін алуға болады. Ққ=
;
4. Аралас үлгілер :
Ү
=
;
Ү =
;
Ү =
;
Y = (a + b) * c
Мысалы, жеке өнім түрін сатудан алынатын пайда сомасы өнім бірлігі бағасынан (р), оның өзіндік құнынан (z) және сату көлемінен (q) тәуелді: П = (p – z) * q