
- •1.Экономикалық талдаудың түсінігі, мазмұны
- •2.Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы
- •3. Экономикалык талдаудын кагидалары
- •4. Экономикалык талдаудын пәні, міндеттері
- •5.Жүйелі талдау жүргізу кезеңдері
- •4. Аралас үлгілер :
- •6. Экономикалық талдаудың әдістері мен әдістемесі
- •Шқт математикалық әдістер
- •9.Ақпаратты өңдеу тәсілдері
- •10.Экономикалық ақпарат түрлері.Нормативті және жоспарлы ақпарат.
- •12. Маржиналды талдау
- •13.Талдаудың математикалық әдістерінің сипаттамасы
- •14.Шқт экон матем әдістердің жіктелуі
- •15. Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі
- •16. Детерминирленген факторлық талдау
- •Аддитивті модельдер:
- •Мультипликативті модельдер:
- •Краттық модельдер:
- •17. Индекстік әдіс
- •18. Тізбектелген қойылым тәсілі
- •19. Интегралдық тәсіл
- •20. Абсолюттік айырмашылықтар тәсілі. Салыстырмалы айырмашылықтар тәсілі
- •22. Корреляциялық-регрессиялық талдау
- •23. Шкт кешенди талдау
- •24. Уақыт белгісі бойынша талдау түрлері. Ағымдағы (ретроспективті) талдау. Оперативті және перспективті талдау Уақыт белгісі бойынша:
- •3.1 Шаруашылық резервтерінің түсінігі, жіктелуі, оларды іздестіру принциптері
- •3. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:
3. Экономикалык талдаудын кагидалары
Шаруашылық қызметіне жүргізілетін талдау ғылым мен тәжірибе негіздеген белгілі бір принциптерге сүйенуі тиіс
Шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
Принцип |
Принцип мазмұны |
Нақтылық |
Талдау нақты деректерге сүйенуі қажет, оның нәтижесі нақты сандық сипатқа ие болуы тиіс |
Кешенділік |
Экономикалық құбылысты зерттегенде кәсіпорын қызметінің барлық жақтары зерттелуі тиіс |
Жүйелілік |
Экономикалық құбылыс жеке объект ретінде емес, басқа құбылыстармен өзара байланыста зерттелуі тиіс |
Тұрақтылық |
Талдау жоспар бойынша белгілі уақыт аралығы сайын жүргізілуі тиіс |
Объективтілік |
Талдау шынайы мәліметтерге негізделіп, оның қорытындысы нақты есептеулермен бекітілуі тиіс |
Маңыздылық |
Талдау нәтижелерінің тәжірибеде жүзеге асырылуы оның өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етуі |
|
|
|
|
Тиімділік |
Талдау жүргізуге жұмсалған шығындар оның нәтижесімен өтелуі тиіс |
Оперативтілік |
Талдау жылдам, әрі нақты жүзеге асырылып, басқару шешімдерін жедел қабылдауға ықпал етуі тиіс |
Ғылыми негізділік |
Талдау ғылыми негізделген, экономикалық даму үрдісіне сай болуы тиіс |
4. Экономикалык талдаудын пәні, міндеттері
Экономикалық талдау экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін түсіну құралы ретінде б.э.д. 4000 жылдары Ежелгі Египетте бухгалтерлік есеппен бір мезгілде пайда болды. Дегенмен ол теориялық және тәжірибелік дамуға капиталистік қатынастардың дамуы кезінде (ХІХғ. екінші жартысы) ие болды. Шаруашылық қызметін талдаудың білімнің жеке саласы болып бөлінуі – ХХғ. бірінші жартысы.
Шаруашылық қызметін талдаудың қалыптасуы объективті шарттар мен талаптарға байланысты.
Біріншіден, өндіргіш күштердің дамуы, өндірістік қатынастардың жетілуі мен өндіріс көлемінің артуына байланысты кешенді және жүйелі талдауға қажеттілік туындады. Шаруашылық қызметін кешенді талдаусыз күрделі экономикалық үрдістерді басқару мен оңтайлы шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден, экономикалық ғылымның дамуына байланысты оның салаларының дифференциациясы. Экономикалық талдаудың қызметін ертеректе бухгалтерлік есеп, статистика, қаржы секілді пәндер атқарса, кейіннен олар тәжірибенің барлық талаптарын қамтамасыз ете алмай, шаруашылық қызметін талдауды жеке білім саласы ретінде қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Экономикалық талдау көмегімен ақпаратты игеру, түсіну жүзеге асады. Талдау нәтижелері негізінде басқарушылық шешімдер жасалынып, негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің бастамасы, ол өндірісті ғылыми басқарудың негізі.
Шаруашылық субъектісінің іс-әрекетіне экономикалық талдау жүргізудің басты мақсаты – шаруашылық субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттырудың резервтерін іздестіру.Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
1.Нақты кәсіпорын жағдайында экономикалық заңдардың әрекет ету сипатын оқу, экономикалық құбылыстар мен үрдістердің заңдылықтарын анықтау.
2.Ағымдық және перспективалық жоспарларды ғылыми негіздеу. Себебі кәсіпорынның өткен жылдардағы (5-10жыл) қызмет нәтижесіне терең экономикалық талдаусыз және кәсіпорын экономикасының даму заңдылықтарын зерттемейінше ғылыми негізделген жоспарлар мен тиімді басқарушылық шешімдерін қабылдауға болмайды.
3.Жоспарлар мен басқарушылық шешімдерінің жүзеге асырылуын, ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылау.
Талдау болған іс-әрекеттерді тіркеп, нәтижеге баға беру үшін ғана емес, сонымен бірге кемшіліктерді анықтап, экономикалық үрдістерге оперативті әсер етуі үшін жүргізілуі тиіс.
4.Шаруашылық қызметінің нәтижесіне объективті және субъективті, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін анықтау.
5.Ғылым мен тәжірибенің озық жетістіктері негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру резервтерін іздестіру.
6.Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне объективті баға беру және оның нарықтағы болашақтағы жағдайын жобалау.
7.Анықталған резервтерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасау.