
- •1.Экономикалық талдаудың түсінігі, мазмұны
- •2.Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы
- •3. Экономикалык талдаудын кагидалары
- •4. Экономикалык талдаудын пәні, міндеттері
- •5.Жүйелі талдау жүргізу кезеңдері
- •4. Аралас үлгілер :
- •6. Экономикалық талдаудың әдістері мен әдістемесі
- •Шқт математикалық әдістер
- •9.Ақпаратты өңдеу тәсілдері
- •10.Экономикалық ақпарат түрлері.Нормативті және жоспарлы ақпарат.
- •12. Маржиналды талдау
- •13.Талдаудың математикалық әдістерінің сипаттамасы
- •14.Шқт экон матем әдістердің жіктелуі
- •15. Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі
- •16. Детерминирленген факторлық талдау
- •Аддитивті модельдер:
- •Мультипликативті модельдер:
- •Краттық модельдер:
- •17. Индекстік әдіс
- •18. Тізбектелген қойылым тәсілі
- •19. Интегралдық тәсіл
- •20. Абсолюттік айырмашылықтар тәсілі. Салыстырмалы айырмашылықтар тәсілі
- •22. Корреляциялық-регрессиялық талдау
- •23. Шкт кешенди талдау
- •24. Уақыт белгісі бойынша талдау түрлері. Ағымдағы (ретроспективті) талдау. Оперативті және перспективті талдау Уақыт белгісі бойынша:
- •3.1 Шаруашылық резервтерінің түсінігі, жіктелуі, оларды іздестіру принциптері
- •3. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:
3. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:
- Сандық талдау (факторлық) – бұл экономикалық құбылыстардың түрлі факторлар әсерінен өзгерісін сандық анықтау әдістемесі.
- Сапалық талдау – бұл зерттелетін құбылыстар мен үрдістердің салыстырмалы сапалық сипаттамалары мен сараптамалық бағалауларға негізделген зерттеу әдістемесі.
- Экспресс-талдау – белгілі бір экономикалық құбылыстарға тән ерекше белгілерге негізделе отырып, кәсіпорын экономикасына баға беру әдістемесі.
- Маржиналдық талдау – бұл сату көлемі, өзіндік құн мен пайда арасындағы себеп-салдарлық байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.
- Экономикалық-математикалық талдау – бұл экономикалық-математикалық үлгілеу негізінде қолда бар ресурстарды барынша ұтымды пайдалану жолымен экономикалық міндеттердің оңтайлы нұсқасын анықтау әдістемесі.
- Фундаментальдік талдау – бұл зерттелетін құбылыстың мәнін күрделі математикалық не басқа есептеулер көмегімен терең, кешенді зерттеу әдістемесі.
4. Талдау субъектілері бойынша:
- Ішкі талдау – бұл кәсіпорынның өз ішінде өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтерді шұғыл, қысқа және ұзақ мерзімді басқару үшін жүргізілетін талдау.
- Сыртқы талдау – қаржылық және статистикалық есеп беру мәліметтері негізінде банктер, қаржы органдары, акционерлар мен инвесторлар жүргізетін талдау.
5. Бағдарлама мазмұны бойынша:
- Кешенді талдау - кәсіпорын қызметіне толық, жан-жақты жүргізілген талдау.
- Тақырыптық талдау – нақты сәтте ең басты мәселе болып табылатын қызмет аясын жеке талдау.
6. Ауқымы бойынша:
- Фирмаішілік талдау – тек зерттелетін кәсіпорын мен оның құрылымдық бірліктерінің қызметін талдау.
- Фирмааралық талдау – екі не одан көп кәсіпорындардың қызмет нәтижелерін салыстыра отырып талдау.
7. Функционалдық белгісі бойынша:
- Әлеуметтік-экономикалық талдау – әлеуметтік және экономикалық үрдістердің байланыстарын, олардың шаруашылық қызметі нәтижесіне әсерін оқиды.
- Экономикалық-статистикалық талдау – статистикалық органдар жаппай қоғамдық құбылыстардың сипатын кәсіпорын, сала, аймақ деңгейінде оқу үшін жүргізетін талдауы.
- Экономикалық-экологиялық талдау – табиғатты қорғау органдары, кәсіпорынның экономикалық бөлімі қоршаған ортаны сақтаумен байланысты экологиялық және экономикалық үрдістердің барысын зерттеу мақсатымен жүргізетін талдауы.
- Маркетингтік талдау – кәсіпорынның маркетингтік бөлімі кәсіпорынның әрекет етуінің сыртқы ортасын (шикізат пен дайын өнімді өткізу нарығы, өнімнің бәсеке қабілеттілігі, сұраныс пен ұсыныс, тәуекел, баға саясаты, маркетинг стратегиясы) зерттеу үшін жүргізетін талдауы.
- Инвестициялық талдау – инвестициялық жобалар мен шешімдердің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін жүргізілетін талдау.
Экономикалық талдау түрлерінің жіктелуі
Жіктеу белгісі |
Талдау түрлері |
Функционалдық бағыты |
- Қаржылық - Басқарушылық - Әлеуметтік-экономикалық - Экономикалыстатистикалық - Экономикалық-экологиялық - Маркетингтік - Инвестициялық |
Салалық белгісі |
- Салалық - Салааралық |
Қамтитын уақыты |
- Перспективалық - Ретроперспективалық |
Зерттеу әдістемесі |
- Сандық - Сапалық - Экспресс-талдау - Маржиналдық - Экономикалықматематикалық - Фундаментальдық |
Талдау субъектісі |
- Ішкі - Сыртқы |
Бағдарлама мазмұны |
- Кешенді - Тақырыптық |
Қамту ауқымы |
- Фирмаішілік - Фирмааралық |