
- •1.Экономикалық талдаудың түсінігі, мазмұны
- •2.Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы
- •3. Экономикалык талдаудын кагидалары
- •4. Экономикалык талдаудын пәні, міндеттері
- •5.Жүйелі талдау жүргізу кезеңдері
- •4. Аралас үлгілер :
- •6. Экономикалық талдаудың әдістері мен әдістемесі
- •Шқт математикалық әдістер
- •9.Ақпаратты өңдеу тәсілдері
- •10.Экономикалық ақпарат түрлері.Нормативті және жоспарлы ақпарат.
- •12. Маржиналды талдау
- •13.Талдаудың математикалық әдістерінің сипаттамасы
- •14.Шқт экон матем әдістердің жіктелуі
- •15. Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі
- •16. Детерминирленген факторлық талдау
- •Аддитивті модельдер:
- •Мультипликативті модельдер:
- •Краттық модельдер:
- •17. Индекстік әдіс
- •18. Тізбектелген қойылым тәсілі
- •19. Интегралдық тәсіл
- •20. Абсолюттік айырмашылықтар тәсілі. Салыстырмалы айырмашылықтар тәсілі
- •22. Корреляциялық-регрессиялық талдау
- •23. Шкт кешенди талдау
- •24. Уақыт белгісі бойынша талдау түрлері. Ағымдағы (ретроспективті) талдау. Оперативті және перспективті талдау Уақыт белгісі бойынша:
- •3.1 Шаруашылық резервтерінің түсінігі, жіктелуі, оларды іздестіру принциптері
- •3. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:
3.1 Шаруашылық резервтерінің түсінігі, жіктелуі, оларды іздестіру принциптері
Шаруашылық резервтері дегеніміз – бұл ғылыми – техникалық прогресс пен озат тәжірибенің қол
жеткізілген жетістіктерін пайдалану негізінде ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мүмкіншіліктері.
Ғылыми – техникалық прогресстің дамуымен бірге өнімнің материал сыйымдылығы мен еңбек сыйымдылығын төмендетуге, қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге, рентабельділікті арттыру мен бизнестің басқа да тиімділік көрсеткіштерін жоғарылатуға мүмкіншілік жасайтын жаңа технологиялар, жабдықтар, жаңа шикізат пен материалдар шығарылады, еңбекті ұйымдастыру формалары жетіле түседі.
Шаруашылық резервтерін толық түсініп, оларды толық анықтау мен игеру үшін олар түрлі белгілері бойынша жіктеледі.
Кеңістіктік белгісі бойынша шаруашылық ішкі, салалық, аймақтық және жалпы мемлекеттік резервтер ажыратылады.
Шаруашылықтың ішкі резервтері тек талданатын кәсіпорын деңгейінде анықталады және сол кәсіпорында пайдаланыла алады. Олар негізінен ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты.
Салалық резервтер – бұл сала деңгейінде жүзеге асырылатын резервтер, мысалы, жаңа машиналар шығару, жаңа сорттар енгізу, т.б. Бұл резервтерді іздестіру салалық бірлестіктердің, министрліктердің құзырында.
Аймақтық резервтер географиялық аймақ шегінде анықталып, жүзеге асырылады (жергілікті шикізатты пайдалану, өнеркәсіп аймақтарын интеграциялау, т.б).
Жалпы мемлекеттік резервтерге экономика салаларының құрылымын оңтайландыруды, меншік формасын өзгертуді, экономиканы басқару жүйесін жетілдіруді, т.б. жатқызуға болады.
Уақыт белгісі бойынша резервтер пайдаланылмаған, ағымдық және перспективалық болып бөлінеді.
Пайдаланылмаған резервтер – бұл өткен уақыт аралығындағы өндіріс тиімділігін арттыруда пайдаланылмаған резервтер.
Ағымдық резервтер – бұл жуық уақыт аралығында (ай, тоқсан, жыл) қызмет нәтижесін арттырудың мүмкіншіліктері.
Перспективалық резервтер ұзақ уақытта есептелген. Оларды жүзеге асыру қомақты инвестиция салумен, өндірісті қайта құрумен, өндіріс технологиясын ауыстырумен, мамандандырылуды өзгертумен байланысты.
Ұдайы өндіріс үрдісінің кезеңдеріне байланысты өндіріс аясының және айналыс аясының резервтері ажыратылады. Негізгі резервтер, әдетте, өндіріс аясында болады. олар өндіріс технологиясын жетілдіру, арзан шикізат пайдалану, өндірістік қуатты толық пайдалану, қалдықты азайтумен байланысты. Бірақ айналыс аясында да тиімділікті арттырудың резервтері мол: өнімді тасымалдау, сақтау, сату шығындарын кеміту, т.б.
Ресурстар түрлері бойынша жер алқаптары, негізгі өндірістік қорларды, еңбек заттары мен еңбек ресурстарын пайдаланумен байланысты резервтер жеке ажыратылады. Мұндай жіктеу резервтерді барлық ресурстар түрлері бойынша баланстау үшін қажет. Мысалы, еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану жолымен өндіріс көлемін арттыру резерві анықталған. Бірақ оны игеру үшін еңбек құралдары мен еңбек заттарын тиімді пайдалану арқылы өндіріс көлемін соншалықты арттыру мүмкіншілігін анықтау қажет. Егер бір ресурс бойынша резерв жеткіліксіз болса, онда есепке ресурстар бойынша анықталған ең аз резерв көлемі алынады.
Экономикалық табиғаты мен өндіріс нәижесіне әсер етусипаты бойынша экстенсивті және интенсивтірезервтер ажыратылады. Экстенсивті резервтер өндіріске қосымша ресурстар (жер, материалдық, еңбек, т.б) тартумен байланысты, ол интенсивті резервтер қолда бар өндірістік потенциалды толық, әрі ұтымды пайдаланумен байланысты.
Анықталу тәсіліне байланысты резервтер көрінетін және жасырын болып бөлінеді. Көрінетін резервтергебухгалтерлік есеп пен есеп беру құжаттары негізінде оңай анықтауға болатын резервтер жатады. Бұл қоймадағы өнімнің жетіспеушілігі мен бұзылуы, төленген айыппұлдар, ресурстарды нормадан тыс артық пайдалану, т.б. жағдайлар.
Жасырын резервтер жоспарда ескерілмеген ҒТП жетістіктерін, озат тәжірибе көрсеткіштерін енгізумен байланысты. Оларды анықтау үшін ішкі шаруашылық, шаруашылық аралық, кей жағдайларда халықаралық салыстырмалы талдау жүргізу қажет.
Қалыптасу уақыты бойынша резервтерді жоспарлар дайындау барысында ескерілмеген және жоспарлар жасалғаннан кейін пайда болған деп ажыратуға болады. Резервтердің алғашқы түрі – жоспарларды толық негіздемеу не асығыстық салдарынан бар резервтерді пайдаланбаумен байланысты. Резервтердің екінші түрі – жоспарлар дайындалып, бекітілгеннен кейінгі пайда болған мүмкіншіліктер мен шешімдердің пайда болуымен байланысты.
Осылайша, шаруашылық резервтерін жіктеу оларды іздестіруді кешенді, мақсаты жүргізуге көмектеседі.
Сонымен бірге шаруашылық резервтерін іздестіру келесідей принциптерге негізделу керек:
1) резервтерді іздестіру ғылыми негізделуі керек;
2) резервтерді іздестіру кешенді, әрі жүйелі болуы керек;
3) резервтер экономикалық негізделген және нақты болуы керек;
4) резервтерді іздестіру оперативті болуы керек;
5) резервтерді іздестіру жүйелі, жоспарлы болуы керек;
6) резервтерді іздестіруге түрлі маман иелері қатысуы керек.
Экономикалық талдаудың түрлері
Экономикалық әдебиет беттерінде шаруашылық қызметін талдау түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мен терең зерттелгендері келесілер:
1. Салалық белгісі бойынша ШҚТ екі түрге бөлінеді:
- Салалық (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс, сауда, т.б.), яғни жеке саланың ерекшелігін ескеретін талдау.
- Салалық емес (экономикалық талдау теориясы), яғни талдаудың ортақ теориялық және әдістемелік негізі.