Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
талдау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.89 Кб
Скачать

15. Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі

Факторлық талдаудың келесідей типтері бар:

  • детерминирлік (функционалдық) және стохастикалық (корреляциондық);

  • тура (дедуктивті) және кері (индуктивті) ;

  • бірсатылы және көпсатылы;

  • статикалық және динамикалық;

  • ретроспективалық және перспективалық.

Факторлық талдау келесідей міндеттерді шешеді:

  1. зерттелетін көрсеткіштерді талдау үшін факторларды таңдау;

  2. жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында оларды топтастыру және жүйелеу;

  3. қорытынды және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу;

  4. қорытынды көрсеткіш шамасының өзгерісіндегі факторлар әсерінің есебі және олардың әрқайсысының ролінің бағасы;

  5. процесстерді басқару үшін факторлық модельді тәжірибелік қолдану.

Факторлық талдаудың бір міндеті болып қорытынды көрсеткіштер мен оның шамасын айқындайтын факторлардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу табылады. Модельдеудің мән-маңызы зерттелетін көрсеткіштердің факторлармен өзара байланысы нақты математикалық теңдеу түрінде бейнеленуінде.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық құбылыстары мен үрдістері өзара  байланыс пен тәуелділіктен тұрады. Олардың біреулері өзара тікелей байланыста болса, екіншілері оларға жанама ықпал етеді.

Талданатын әрбір құбылысты себеп ретінде де, нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Мысалы, жылдық

еңбек өнімділігін өндіріс көлемін өзгертудің себебі ретінде қарауға болады, ал екінші жағынан, оны еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің, еңбек үрдісін  автоматтандырудың нәтижесі ретінде де бағалауға болады. Егер белгілі бір көрсеткіш бір не бірнеше себептердің салдары ретінде бағаланса, онда байланыстарды оқу кезінде оны нәтижелік көрсеткіш деп алады. Ал нәтижелік көрсеткішті анықтаушы белгілер факторлық көрсеткіштер деп аталады.

Әрбір нәтижелік көрсеткіш сан алуан факторлардан тәуелді. Нәтижелік көрсеткіш деңгейіне  факторлардың әсері терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі де нақты болады. Осы себепті шаруашылық қызметін талдаудың маңызды әдістемелік сұрағы – экономикалық құбылыстардың деңгейіне факторлардың әсерін оқу мен анықтау болып табылады. Факторларды терең, әрі жан-жақты зерттеусіз қызмет нәтижесі туралы негізделген қорытындылар жасап, өндірістік резервтерді анықтап, басқарушылық шешімдерін қабылдау мүмкін емес.

Факторлық талдау дегеніміз – нәтижелік көрсеткіштер деңгейіне факторлардың әсерін кешенді және жүйелі зерттеудің әдістемесі.

Факторлық талдаудың келесідей түрлері ажыратылады:         детерминирленген (функционалдық) және стохастикалық (корреляциялық);

        тікелей (дедуктивтік) және кері (индуктивті);

        бір сатылы және көп сатылы;

        статикалық және динамикалық;

        ретроперспективалық және перспективалық.

16. Детерминирленген факторлық талдау

факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы функционалды, яғни факторлар нәтижеге тікелей әсер ететін жағдайларда қолданылады.

Детерминирлік факторлық жүйені құру - зерттелетін құбылысты алгебраикалық сома түрінде, оның шамасын анықтайтын және онымен функционалдық тәуелділікте болатын жеке немесе бірнеше факторлардың туындысы түрінде көрсету. Детерминирлік факторлық жүйенің дамуы кешенді факторлардың бөлшектенуі есебінен жетіледі. Элементтілер көбейткіштерге жатпайды, өйткені олар өз мазмұны бойынша біртекті. Жүйенің дамуымен бірге кешенді факторлар біртіндеп жалпылардың азына, олар өз кезегінде одан да азына, бірте-бірте өзінің аналитикалық мазмұны бойынша элементтілерге (қарапайымдарға) жақындап, бөлшектеледі.

Сонымен, факторларды жүйелеу зерттелетін көрсеткішті қалыптастыру кезінде факторлардың өзара байланысын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, оның зерттелетін көрсеткіштерді модельдеу кезеңінде маңызы зор болып келеді.

Детерминирлік талдауда ең жиі кездесетін факторлық модельдердің келесідей типтері ажыратылады: