Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
талдау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
264.89 Кб
Скачать

1.Экономикалық талдаудың түсінігі, мазмұны

Табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстарын оқу талдаусыз мүмкін емес. Талдау (анализ) құбылыстың ішкі мәнін оқу мақсатымен оны құрамдас бөліктерге ажыратуды көрсетеді. Мысалы, пайданың мәнін толық түсіну үшін оның көздері мен оны анықтаушы факторларды білу қажет. Олар неғұрлым терең зерттелген сайын, қаржылық нәтижені қалыптастыру үрдісін соғұрлым тиімді басқаруға болады, т.с.с. Бірақ анализ зерттелетін құбылыс жайлы толық көріністі  синтезсіз, яғни құрамдас бөліктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді  анықтамайынша бейнелей алмайды. Пайданы оқу кезінде оның деңгейін анықтаушы факторлардың арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді ескеру қажет. Анализ бен синтездің бірлесуі ғана құбылыстардың ғылыми деңгейде зерттелуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметін талдау (экономикалық талдау) микроэкономикалық деңгейде шешімдер қабылдаудың негізі болып саналады. Бірақ талдаудың бұл түрін зерттелетін объектіні құрамдас бөліктерге бөліп, тек сипаттау деп түсінбеу қажет. Себебі кез-келген экономикалық субъект өз ішіндегі және сыртқы ортамен көптеген байланыстардан тұратын күрделі жүйе. Бұл байланыстарды қарапайым түрде анықтау мен сипаттау тәжірибеге елеулі үлес қоспайды. Бұл жерде ең бастысы: аналитикалық іс-әрекеттер арқылы кәсіпорын қызметінің негізгі сипаты мен бағыттарын анықтап, болашаққа жобалар құру, осы жобалар негізінде өндірістік қаржылық жоспарлар құрып, олардың жүзеге асырылуын бақылау мен айқындауға қол жеткізу.

Экономикалық талдау экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін түсіну құралы ретінде б.э.д. 4000 жылдары Ежелгі Египетте бухгалтерлік есеппен бір мезгілде пайда болды. Дегенмен ол теориялық және тәжірибелік дамуға капиталистік қатынастардың дамуы кезінде (ХІХғ. екінші жартысы) ие болды. Шаруашылық қызметін талдаудың білімнің жеке саласы болып бөлінуі – ХХғ. бірінші жартысы.

Шаруашылық қызметін талдаудың қалыптасуы объективті шарттар мен талаптарға байланысты.

Біріншіден, өндіргіш күштердің дамуы, өндірістік қатынастардың жетілуі мен өндіріс көлемінің артуына байланысты кешенді және жүйелі талдауға қажеттілік туындады. Шаруашылық қызметін кешенді талдаусыз күрделі экономикалық үрдістерді басқару мен оңтайлы шешімдер қабылдау мүмкін емес.

Екіншіден, экономикалық ғылымның дамуына байланысты оның салаларының дифференциациясы. Экономикалық талдаудың қызметін ертеректе бухгалтерлік есеп, статистика, қаржы секілді пәндер атқарса, кейіннен олар тәжірибенің барлық талаптарын қамтамасыз ете алмай, шаруашылық қызметін талдауды жеке білім саласы ретінде қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Барлық экономикалық ғылымдардың  зерттеу объектісі -  өндірістік қатынастар, алшаруашылық қызметін талдаудың пәні – барлық шаруашылық үрдістері.

Шаруашылық қызметін талдау бухгалтерлік есеп пен басқару шешімдерін қабылдау арасындағы байланыстырушы буын болып саналады. Талдау барысында есеп мәліметтері аналитикалық өңдеуден өтеді: қол жеткізілген нәтижелер өткен жылдардың, жоспарлы, басқа кәсіпорындардың не орташа салалық көрсеткіштермен салыстырылады; шаруашылық қызметінің нәтижесіне факторлардың әсері анықталады; жіберілген қателер, пайдаланылмаған мүмкіндіктер,  перспективалар анықталады. Экономикалық талдау көмегімен ақпаратты игеру, түсіну жүзеге асады. Талдау нәтижелері негізінде басқарушылық шешімдер жасалынып, негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің бастамасы, ол өндірісті ғылыми басқарудың негізі.