
- •Қр қаржылық қадағалаудың қалыптасуы
- •Банктік қадағалаудың мәні және әдістері
- •Банк қызметін реттеудің және қадағалаудың қажеттілігі
- •Банк қызметін пруденциялдық реттеу
- •Банктің меншікті қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті
- •Банктің субординарлық қарызы
- •Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері
- •8.Банкің ағымдағы өтімділік коэффициенті
- •Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •11. Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •12. Инспекциялық қадағалаудың механизмі
- •1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау.
- •13. Банк қызметін қашықтан қадағалау механизмі
- •14. Банк қызметін қашықтан қадағалау мәні
- •15 Статус Репорт құжаты
- •16 Camel рейтинг жүйесінің принциптері
- •17 Банк қызметін рейтингтік бағалау
- •18 Банктің капитал жеткіліктілігін бағалау
- •19 Банктің активтер сапасын бағалау
- •20.Банктің менеджмент жүйесін бағалау
- •21.Банктің табыстылығын бағалау
- •Дивидендтерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда Активтерің орташа құны
- •22.Банктің өтімділігін бағалау
- •23. Сақтандыру нарығындағы қадағалаудың мәні
- •24. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мәні
- •26. Сақтандыру нарығындағы cанкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
- •27. Сақтандыру қызметін лицензиялау
- •28. Сақтандыру қызметін консервациялау
- •29. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау
- •30. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу және қадағалау ерекшеліктері
- •31. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау
- •32. Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер
- •33. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау кезінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметі
- •40.Бағалы қағаздар нарығын реттеу үрдісі
- •41. Бағалы қағаздар нарығында уәкілетті органның қолданатын ықпал етудің шекеулі шаралары мен сакциялары
- •42.Бағалы қағаздар нарығындағы өзін - өзі реттейтін ұйымдар
- •43.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексерудің мәні мен түрлері
- •44.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексеруге негіздеме болатын фактілер
- •45.Бағалы қағаз нарығына арналған пруденциалдық нормативтер
- •46.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
- •47.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері
- •49.Жиынтық қадағалаудың мәні мен қажеттілігі
- •50.Банк конгломеранттарына арналған пруденциалдық нормативтер
- •51.Қарапайым банктік топ
- •52.Қарапайым қаржы конгломеранты
- •53.Күрделі қаржы конгломеранты
- •54.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау
- •55.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері
- •56.Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •57.Сақтандыру нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •58.Жзқ реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •59.Банк қызметін реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •60.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері
Банктің несиелік тәуекелін реттеуде маңызы бар келесі пруденциалдық нормативтер – бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері. Бір қарыз алушы – Қазақсатн Республикасының заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:
1) Банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға байланысты банк талабы;
2) Соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген, қарыз алушыға қатысты банк талаптары;
3) Қазақсатн Республикасының заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушынемесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік тәуекелмен байланысты) талаптар;
Шегерілген (-), қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары, оның ішінде:
- Банк қарамағында берілген депозиттегі ақшасы, Қазақсатн Республикасының Үкіметі жіне Ұлттық банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, құйма бағалы металдар, Standard & Poors және басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингін иеленетін банк кепілхаттары;
- Standard & Poors және басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің «ВВВ» рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік шоттарына қатысты талаптары.
Бір қарыз алушыға келетін тәуекел мөлшері қарыз алушының міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы есептелінеді:
К3 = Т / К
Мұнда, Т – тәуекел мөлшері (несие лимиті);
К – банктің меншікті капиталы.
К3 – тің мәні екі жағдайда қарастырылады:
1) Банкпен ерекше қарым – қатынастағы қарыз алушылар үшін – 0,10 – нан аспауға тиіс;
2) Басқа да қарыз алушылар үшін 0,25 – тен аспауға тиіс (соның ішінде 0,10 – баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген банктік несиелер, сондай – ақ офшорлық аймақ аумағында тіркелген Қазақсатн Республикасының бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша). http://stu
8.Банкің ағымдағы өтімділік коэффициенті
Өтiмдiлiк мынадай коэффициенттермен сипатталады: к4-1, к4-2 және к4-3 мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициенттерiмен; к4-4, к4-5 және к4-6 мерзiмдi валюталық өтiмдiлiк коэффициенттерiмен.
Мерзiмдi өтiмдiлiк пен мерзiмдi валюталық өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң барынша төмен мәнi мынадай мөлшерде белгiленедi:К4-1 - 1; К4-2 - 0,9; К4-3 - 0,8;
К4-4 - 1; К4-5 - 0,9; К4-6 - 0,8.
к4-1 мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентi жетi күнге дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен мерзiмдi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-2 мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентi бiр айға дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен мерзiмдi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бiр айға дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi. к4-3 мерзiмдi өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен мерзiмдi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi. к4-4 мерзiмдi валюталық өтiмдiлiк коэффициентi жетi күнге дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен осы шетел валютасындағы мерзiмдi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi. к4-5 мерзiмдi валюталық өтiмдiлiк коэффициентi бiр айға дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен осы шетел валютасындағы мерзiмдi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бiр айға дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен шетел валютасындағы өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi. к4-6 мерзiмдi валюталық өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен осы шетел валютасындағы мерзiмдi мiндеттемелердiң орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейiн қоса алғанда өтелгенге дейiнгi қалған мерзiмiмен шетел валютасындағы өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi. Мерзiмдi валюталық өтiмдiлiк коэффициенттерi Standard & Рооr's агенттiгiнiң "А"-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жиынтықта шетел валюталары және "Еуро" бойынша есептеледi, оларда алдыңғы есептiк айдағы мiндеттемелерiнiң орташа айлық мөлшерi банктiң алдыңғы есептiк айдағы мiндеттемелерiнiң орташа айлық мөлшерiнен 1 пайыздан кем еместi құрайды. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:
1) қолма-қол ақша;
2) тазартылған қымбат металдар;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлiк қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы шығарған бағалы қағаздар; 4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктерiндегi және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;