Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin nadzor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
699.68 Кб
Скачать
  1. Банктің меншікті қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті

Банктің меншікті капиталының K1 жеткіліктілік коэффициентінің мәні 0,06-тен кем болмауы тиіс. Қатысушысы банктік холдинг болып табылатын банк үшін банктің меншікті капиталының K1 жеткіліктілік коэффициентінің мәні 0,05-тен кем болмауы тиіс.

Банк меншік қаражат/ң жеткіліктілік коэф/і төмендегідей:

1) 0 проценттік коэффициент бойынша – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар бірыңғай қаржы құралдары, тәуелсіз рейтингі Standard & Poor’s агенттігінің “АА” рейтингінен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейінен төмен емес шет мемлекеттердің орталық банктері және орталық Үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздары;

2) 0,25 проценттік коэффициент бойынша – Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары 6 айдан кем емес өтеу мерзімімен шығарған сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдары, тәуелсіз рейтингі Standard & Poor’s агенттігінің “ВВВ” рейтингінен немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейінен төмен емес шет мемлекеттердің орталық банктері және орталық Үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тізіміне енгізілген және халықаралық қор биржалары таныған, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген сауда-саттықты ұйымдастырушыларының тізіміне енгізілген бағалы қағаздар;

3) 1 проценттік коэффициенті бойынша – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар, өтеу мерзімі 6 айдан 24 айға дейінгі қаржы құралдары;

4) 1,6 проценттік коэффициенті бойынша – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар өтеу мерзімі 24 айдан асатын қаржы құралдары;

5) 8 проценттік коэффициенті бойынша – осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында көрсетілгеннен басқа жағдайдағы сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдары.

Туынды қаржы құралдары айрықша проценттік тәуекел есебіне енгізілмейді.

  1. Банктің субординарлық қарызы

Субординарық қарыз – бұл банктің қамтамасыз етілмеген міндеті болып тадылады және жазбаша куәландырылған келісім-шартқа сәйкес, банкті жою кезіндесоңғы кезекте қанағаттандырылатын қарыз (қалған мүлікті акционерлер арасында таратудың алдында). Екінші деңгейлі капиталдың (КII) құрамына енетін субординарлық қарыз, 5 жылдан кем емес бастапқы өтеу мерзіміне ие болуы керек. Сонымен қатар соңғы бес жылдың әрбір жылы бойынша субординарлық қарыздың бастапқы сомасының 20% көлеміндегі сома, меншікті капиталдың есебінен өтеліп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]