Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin nadzor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
699.68 Кб
Скачать
  1. Банк қызметін реттеудің және қадағалаудың қажеттілігі

Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды қажет етеді. Республикада банкілерді қадағалау ҚР банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі. Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар ҚР банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің ұйымдастыру және қаржылық - шаруашылық іс-әрекеттерін бақылап отыруға бағытталған.

Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу ҚР-ның Банк заңдарымен, ҚР-ның Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалу жөніндегі агенттік тарапынан қабылданған нормативтер мен ережелер арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастар кеңістігінде банктың өз орнын тауып, даму жолына түсуі оның қызметін халықаралық стандарттарды реттейтін нормативтер мен нормативтік құжаттарждың талаптарын бойына сіңіріп, қаржы-шаруашылық қызметінде олардың орындалуын қамтамасыз ететін кешенді мәселелерді шешумен тығыз байланысты.

Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әр түрлі тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын жойылудан қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуіне және экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар банктік қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшыларының мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып табылады.

  1. Банк қызметін пруденциялдық реттеу

Банктік қызметті пруденциалдық реттеу банктер және банктік холдингтер сақтауға (орындауға) міндетті қаржылық нормативтерді, кредиттік тәуекелдің белгілі бір мөлшерін, есептеме жасау және есептілік табыс ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ басқа да нормалар мен лимиттерді Қазақстандағы банктердің қаржылық орнықтылығын және олардың қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында белгілеуге байланысты Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қызметіне жатады.

Пруденциалдық нормативтер және сақталуға (орындалуға) міндетті өзге де нормалар мен лимиттер банктердің өтімділігін, сенімділігін, төлемдік қабілеттілігін, банктердің акционерлер мен клиенттерінің мүдделерін, банктік тәуекелдерді ұтымды баскаруды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген экономикалық шектеу нормалары пруденциалдық нормалар ретінде банктік құқық нормалары қатарында көрініс табады.

Банк қызметін реттеу шара/ң ішіндегі ең маңыздысы пруд.нормативтер. 2002 ж 3 маусымдағы ҰБ басқармасы/ң 213 қаулысымен бекіткен 2-ші деңгейдегі банктерге арналған пруд.норматив төмендегідей:

1. Банкiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi;

Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Басқармасы белгілейді. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкілетті орган белгілеген кез-келген пруденциялдық нормативтер мен басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкін

2. Меншікті капиталдың жеткiлiктiлiк коэффицентi;

Меншікті капитал бірінші және екінші деңгейдегі капитал сомасы (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшермен енгізіледі) ретінде және банк инвестициясын шегергендегі үшінші деңгейдегі капитал (үшінші деңгейдегі капитал рыноктық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу процентінен аспайтын мөлшермен енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.

Банктің меншікті капиталының K1 жеткіліктілік коэффициентінің мәні 0,06-тен кем болмауы тиіс. Қатысушысы банктік холдинг болып табылатын банк үшін банктің меншікті капиталының K1 жеткіліктілік коэффициентінің мәні 0,05-тен кем болмауы тиіс.

3. бiр қарыз алушыға жасалатын тәуекелдiң ең жоғары мөшерi;

Бiр қарыз алушыға келетін тәуекел мөшерi қарыз алушының мідеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы есептеледі: k3 = T/K , мұнда Т- тәуекел мөлшері (несие лимиті); К- банктің меншік капиталы; k3- тің мәні екі жағдайда қарастырылады:

Банкпен ерекше қарым-қатынастағы қарыз алушылар үшін – 0,010- ден аспауға тиіс; Басқа да қарыз алушылар үшін 0,25- ден аспауы тиіс.

4. өтiмдiлiк коэффицентi;

Өтімділік екі коэффициентпен сипатталады:

банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті(k4), банктің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті (k5).

Банктің ағымдағы өтімділік коэффициентінің және қысқа мерзімді өтімділік коэффициентінің барынша төмен мәндерін уәкілетті орган белгілейді. Банктердің ағымдағы өтімділік коэффициенті банктердің талап ету бойынша міндеттемелерінің орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтердің орташа айлық мөлшерінің қатысы ретінде есептеледі. Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті талап ету бойынша міндеттемелерді қосқандағы үш айдан аспайтын тарту мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне жоғары өтімді активтерді қосқандағы үш айдан аспайтын бастапқы өтеу мерзімі бар активтердің орташа айлық мөлшеріне қатыстылығы бойынша есептеледі.

5. ашық валюталық позиция лимиттерi;

Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің валютасындағы банктің талап етулерінің сол шетел валютасындағы міндеттемелерінің шегінен асып кетуі. Standard & Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес рейтингі бар елдердің шетелдік валютасы бойынша және банктің меншікті капиталы шегінің 15 процентінен аспайтын мөлшердегі “Еуро” валютасы бойынша ашық валюталық позиция лимиті; Standard & Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік валютасы бойынша және банктің меншікті капиталы шегінің 5 процентінен аспайтын мөлшердегі ашық валюталық позиция лимиті; Банктің меншікті капиталы шегінің 30 процентінен аспайтын мөлшердегі валюталық нетто-позиция лимиті. Ашық валюталық позицияның лимиттері кез-келген шетел валютасы бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейінгі үш апта ішінде тәртіп бұзған банктің бұзылған валюталары бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттері осы нұсқаулықта белгіленген ашық валюталық позиция лимиттерінің 5 проценттік тармаққа кемуімен айқындалады.

6. Банктің негізгі құрал-жабдықтардағы инвестициясының барынша жоғары мөлшерінің коэффициенті және басқа қаржылық емес активтер; Банктің негізгі құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерінің және басқа қаржылық емес активтердің меншікті капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиіс. Негізгі құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады: жер, үй және ғимарат, банк жалға алған үйлер бойынша күрделі шығындар, компьютерлік жабдықтар, көлік құрал-жабдықтары, жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар, қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдықтар, басқа да материалдық қорлар, күрделі салымдар бойынша дебиторлық берешек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]