Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin nadzor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
699.68 Кб
Скачать

59.Банк қызметін реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы

Есепті кезеңде ЕДБ-ге және банктік емес ұйымдарға 35 тексеру, оның ішінде 12 – жоспарлы тексеру және 23 – жоспардан тыс тексеру жүргізілді.Жоспарлы тексерулер барысында қамтылған негізгі мәселелер активтер мен шартты міндеттемелердің сапасын бағалау, капиталдың жеткіліктілігінжәне оның құрылымын бағалау, міндеттемелердің құрылымы, ағымдағы өтімділікті бағалау, менеджментті бағалау, нарық тәуекеліне ұшырағыштықты және тәуекелдерді басқару сапасын тексеру, проблемалық қарыздармен жұмысты бағалау, Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасының сақталуына бақылау жасау, бухгалтерлік есеп саясатының орындалуын тексеру және оның толық болуы, уәкілетті органға берілетін қаржылық және өзге де есептіліктің дәйекті болуын тексеру болып табылды.ЕДБ-ге және банктік емес ұйымдарға жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша мынадай мәселелер бойынша заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталды:

- кредиттік саясат және қарыз алушылар бойынша кредиттік

құжаттаманы енгізу;

- ЕДБ мен банктік емес ұйымдардың директорлар кеңесінің қатысуы;

- заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл;

- кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру

Міндеттемелердің динамикасы мен құрылымыКлиенттер салымдарының үлесі 67,7%-дан 71,9%-ға дейін өсті, айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың үлесі 4,6 пайыздық тармаққа азайып, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,4% болды. Тартылған қарыздардың үлесі жыл аяғында 5,2%-ды құрап, 0,2 пайыздық тармаққа қысқарды. ЕДБ міндеттемелері есепті жылы 360,0 млрд. теңгеге немесе 3,1%-ға өсіп, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 11 874,6 млрд. теңге болды. Бұл ретте шетелдік валютамен номинирленген міндеттемелер үлесі 40,5%-дан 35,5%-ға дейін қысқарды. 2012 жылы Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелері 630,5млрд теңгеге немесе 27,8%-ға қысқарды және 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 637,2 млрд теңге болды, олардың жиынтық міндеттемелердегі үлесі бір жыл ішінде 19,7%-дан 13,8%-ға дей

60.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикамызда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар 11 ұйым, оның ішінде 3 ипотекалық ұйым жұмыс істеп отыр.

Кредиттік портфель. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ипотекалық ұйымдардың жиынтық несие портфелі 55,4 млрд. теңге болды, бұл 2012 жылдың басындағы көрсеткіштен 4,8 млрд. теңгеге немесе 8,0%-ға төмен.

Стандартты кредиттер үлесі есепті күні 88,1% болды. Күмәнді кредиттердің үлесі 6,8%-дан 4,0%-ға дейін төмендеді, үмітсіз қарыздардың үлесі 7,3%-дан 7,9%-ға көбейді.

Клиенттерге берілген, есепті күнге уәкілетті органның талаптары бойынша құрылған қарыздар және қаржылық лизинг бойынша резервтер (провизиялар) 4,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың басындағы көрсеткіштен 0,9 млрд. теңгеге немесе 15,8%-ға төмен.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ипотекалық ұйымдардың жиынтық несие портфеліндегі ең көп үлеске «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ие болды – 98,9%.

Міндеттемелер. Ипотекалық ұйымдар міндеттемелерінің жиынтық мөлшері 2012 жылдың басындағы деректермен салыстырғанда 6,7 млрд. теңгеге немесе 8,4%-ға көбейіп, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 86,4 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте Ипотекалық ұйымдар міндеттемелерінің құрылымында айналысқа шығарылған бағалы қағаздар көп (58,5%)

Ипотекалық ұйымдардың балансы бойынша меншікті капиталы 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 23,7 млрд. теңге болды, бұл 2012 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіштен 5,0 млрд. тенгеге көп.

2012 жылғы 12 ай бойындағы есептік меншікті капитал 7,1 млрд. теңгеге көбейіп, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 24,4 млрд. теңге болды.

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі

01.01.2012

01.01.2013

Төленген жарғылық капитал (оның ішінде қосымша капитал), млрд. теңгемен

29,0

35,2

Есептелген меншікті капитал, млрд. теңгемен

17,3

24,4

Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1>=0,06)

0,178

0,208

Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1-2>=0,06)

0,204

0,241

Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1-3>=0,12)

0,204

0,258

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]