- •Қр қаржылық қадағалаудың қалыптасуы
- •Банктік қадағалаудың мәні және әдістері
- •Банк қызметін реттеудің және қадағалаудың қажеттілігі
- •Банк қызметін пруденциялдық реттеу
- •Банктің меншікті қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті
- •Банктің субординарлық қарызы
- •Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері
- •8.Банкің ағымдағы өтімділік коэффициенті
- •Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •11. Банк қызметін инспекциялық қадағалау
- •12. Инспекциялық қадағалаудың механизмі
- •1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау.
- •13. Банк қызметін қашықтан қадағалау механизмі
- •14. Банк қызметін қашықтан қадағалау мәні
- •15 Статус Репорт құжаты
- •16 Camel рейтинг жүйесінің принциптері
- •17 Банк қызметін рейтингтік бағалау
- •18 Банктің капитал жеткіліктілігін бағалау
- •19 Банктің активтер сапасын бағалау
- •20.Банктің менеджмент жүйесін бағалау
- •21.Банктің табыстылығын бағалау
- •Дивидендтерді төлегенге дейінгі және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда Активтерің орташа құны
- •22.Банктің өтімділігін бағалау
- •23. Сақтандыру нарығындағы қадағалаудың мәні
- •24. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мәні
- •26. Сақтандыру нарығындағы cанкциялар және өзге де ықпал ету шаралары
- •27. Сақтандыру қызметін лицензиялау
- •28. Сақтандыру қызметін консервациялау
- •29. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау
- •30. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу және қадағалау ерекшеліктері
- •31. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау
- •32. Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер
- •33. Жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау кезінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің қызметі
- •40.Бағалы қағаздар нарығын реттеу үрдісі
- •41. Бағалы қағаздар нарығында уәкілетті органның қолданатын ықпал етудің шекеулі шаралары мен сакциялары
- •42.Бағалы қағаздар нарығындағы өзін - өзі реттейтін ұйымдар
- •43.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексерудің мәні мен түрлері
- •44.Бағалы қағаз нарығындағы субъектілердің қызметін тексеруге негіздеме болатын фактілер
- •45.Бағалы қағаз нарығына арналған пруденциалдық нормативтер
- •46.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
- •47.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері
- •49.Жиынтық қадағалаудың мәні мен қажеттілігі
- •50.Банк конгломеранттарына арналған пруденциалдық нормативтер
- •51.Қарапайым банктік топ
- •52.Қарапайым қаржы конгломеранты
- •53.Күрделі қаржы конгломеранты
- •54.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау
- •55.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері
- •56.Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •57.Сақтандыру нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •58.Жзқ реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •59.Банк қызметін реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
- •60.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
58.Жзқ реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы
Есепті кезеңде ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ-ның қызметін қашықтан қадағалау шеңберінде көрсетілген ұйымдардың зейнетақы активтерінің есебінен, сондай-ақ меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық
портфельдерінің құрылымына, сондай-ақ уәкілетті органбелгілеген пруденциалдық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді орындауына, оның ішінде мыналарды:
- ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ-ның зейнетақы активтерінің және меншікті
активтерінің есебінен қаржы құралдарына инвестициялау жөніндегі талаптардың сақталуын;
- барлық ЖЗҚ-тың ең төменгі кірістілікті және корпоративтік ЖЗҚ-тың ЖЗҚ-ты инвестициялаудың мультипортфельді жүйесін қалыптастыру бөлігінде заңнама талаптарын ЖЗҚ-тың орындауына бақылау жасалды.
Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес 2012 жыл ішінде
Комитет өкілдері «Индустриалды Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ-та, «Республика» ЖЗҚ» АҚ-та, «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-та, «Жетісу» ЗАИБЖАҰ» АҚ-та және «Отан» АЖЗҚ» АҚ-та акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесінің, басқармасының, инвестициялық комитетінің отырыстарына бақылаушылар ретінде қатысты.Күн сайынғы негізде ЖЗҚ-тың зейнетақы активтерінің есебінен жасалатын мәмілелердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне талдау жасалды. Бұл ретте зейнетақы активтерінің есебінен жасалатын мәмілелердің мәні болып табылатын қаржы
құралдарының сатып алу (сату) құнының олардың нарықтық құнынан ауытқуына ерекше назар аударылды.
ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ-ның «Инвестициялау лимиттері» пруденциалдық нормативін сақтауына мониторинг шеңберінде уәкілетті органға есептілік ұсынудың қосымша нысандары белгіленді (16 нысан).
Динамикада қаржылық көрсеткіштердің өзгеруін талдау мен бағалау жолымен ЖЗҚ-тың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілді.ЖЗҚ-тың заңнама нормаларының, атап айтқанда, инвестициялау лимиттеріне, пруденциалдық нормативтерді сақтауға, ертерек ден қою
шараларына, зейнетақы активтері, зейнетақы активтерінің құнсыздануынан болатын ықтимал залалдарға қарсы құрылған провизиялардың барабарлығын
бағалау, ЖЗҚ-тың негізгі қаржылық және реттеуіш көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы, сондай-ақ реттеуіш есептілікті уәкілетті органға ұсыну мерзімдерін сақтау бөлігінде инвестициялық қызметке қатысты нормалардың
талаптарына сәйкестігін бағалау үшін статус-шолулар жасалды.
ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ-ның қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін және ертерек ден қою шараларын қолдануды талап ететін факторларға мониторинг жүргізу қамтамасыз етілді.
ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ-ның тиісті тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды орындауына, оның ішінде ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ-ның уәкілетті органға беретін реттеуіш есептілігі негізінде бақылау жасалды.2011 жылдың қорытындылары бойынша ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ-ның
аудиторлық есептері олардың ХҚЕС, пруденциалдық нормативтердің және тәуекелдерді басқару жүйесінің талаптарын орындау мәніне талданды. ЖЗҚпен ЗАИБЖАҰ-ның 2011 жылдың қорытындылары бойынша өздерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізген аудиторлық компаниялардың
ұсынымдарын орындауына бақылау жасалды.
ЖЗҚ БАҚ-та зейнетақы активтерінің есебінен алыптастырылған инвестициялық портфельдердің құрылымдары туралы жариялайтын мәліметтердің уақтылы жариялану және толық болу мәніне тексеру жүргізілді. ЖЗҚ-тың қолданыстағы заңнаманың ЖЗҚ-тың ацияларын 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде KASE ресми тізімінің санаттарына енгізу жөніндегі талаптарын орындауына мониторинг жүргізілді. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көрсетілген талапты барлық ЖЗҚ орындады.«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЖЗҚ-та директорлар кеңесі комитеттерінің құрылуына тексеру жүргізілді.
ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ-ның ІАҚ жұмыс істеуіне талдау жасалды.
ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ акционерлерінің құрылымына, оның ішінде ЖЗҚпен ЗАИБЖАҰ-ның ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берушеңберінде бақылау жасау қамтамасыз етілді (бір заңды тұлғаға және оның ірі акционерлеріне басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім берілді, бір заңды тұлғаға және оның ірі акционерлерінебасқа заңды тұлғаның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден
бас тартылды).Қайта ұйымдастыру жоспарының орындалуына бақылау жасалды(«Индустриалды Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ-тың «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ-қа қосылуы).
ЖЗҚ жарғыларына мыналар:
- корпоративтік басқару кодексі;
- корпоративтік хатшы қызметі;
- корпоративтік веб-сайт;
- «алтын акция» шығаруға тыйым салу көзделетін нормалардың болуы бөлігінде заңнама талаптарына сәйкес келу мәніне талдау жасалды.Комитет басшылығының ЖЗҚ пен ЗАИБЖАҰ өкілдерімен олардың ағымдағы қызметі мәселелері бойынша кездесулері өткізілді.
