Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin nadzor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
699.68 Кб
Скачать

55.Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мынадай ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін:

тармақша алынып тасталсын; 

2) 50 (елу) миллион теңге – банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялауды және жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін; 3) 40 (қырық) миллион теңге – заем және ломбард операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшін. жарғылық капиталды қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.

жарғылық капиталының ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жекелеген нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін кредиттік серіктестіктерге, ломбардтар(ға),?? сондай-ақ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарға қолданылмайды.

56.Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалаудың ағымдағы жағдайы

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық номиналды құны 5 709 953 млн. теңгені құрайтын қолданыстағы облигациялар шығарылымының саны 353 болды, олардың ішінде рейтингілік бағасы бар 144 шығарылымы, 66 шығарылымы – бірінші шағын санаттың рейтингілік бағасы жоқ, 16 шығарылымы – екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ және 5 шығарылымы – буферлік санатты KASE ресми тізіміне енгізілген.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша корпоративті облигациялардың қолданыстағы шығарылымдарының жиынтық көлемі былайша көрініс алады:

 зейнетақы активтері есебінен сатып алынған облигациялар – 11,19%;

 екінші деңгейдегі банктер сатып алған облигациялар – 12,40%;

 инвестициялық портфельді басқарушы клиенттердің активтері есебінен сатып алынған облигациялар – 0,63%;

 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алған облигациялар – 2,09%;

 өзге қаржы ұйымдары сатып алған облигациялар – 0,46%;

- өзге инвесторлар – 73,23%

ҚР корпоративтік облигацияларының қолданыстағы шығарылымдарының жиынтық көлеміндегі 73.2%-ы кәсіби емес инвесторлардың үлесіне тиеді. Институционалды инвесторлар–облигацияларды ұстаушылардың (ОИП және ЗА

клиенттерінің активтері) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған облигациялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 11.8% болды.

Бағалы қағаздардың биржалық нарығының негізгі көрсеткіштері**

Қазақстандағы қор нарығының жай-күйінің негізгі индикаторы болып, бұрынғыша

– KASE қор биржасы ұсынған ұйымдасқан нарығы болып табылады.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтарда бағалы қағаздары KASE сауда-саттығына жіберілген қазақстандық эмитенттер туралы ақпарат мынадай түрде көрінедіKASE айналымына жіберілген бағалы қағаздардың негізгі үлес салмағы борыштық бағалы қағаздарға – 43,3% (231 шығарылым) келеді. Акциялар және мемлекеттік бағалы қағаздары секторы бойынша тиісінше 19,0% (101 шығарылым) және 37,1% (198 шығарылым) болып келеді. Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының үлесі 0,2%-ды (1 шығарылым) құрайды. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының үлесіне 0,4% (2 шығарылым) келеді.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша KASE жалпы капиталдандыру 10 114 516 млн. теңгені немесе ЖІӨ-ден 31,2% құрады. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осындай көрсеткіш 11 253 643 млн. теңгені немесе ЖІӨ-ден 35,8% құрады. Осылайша, қор нарығын капиталдандырудың абсолюттік көріністегі азаюы да, сондай ЖІӨ-ге қатысты қор нарығын капиталдандыру көрсеткішінің азаюы да байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]